Меншік құқығы түсінігі және оның қорғалуы. Құқық негіздері, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: НЗМ Талдықорған

Күні:

Мұ ғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Меншік құқығы түсінігі және оның қорғалуы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.1.7 мысалдар келтіре отырып, меншік құқығы ұғымы және оның негізгі өкілеттілігін түсіндіру

10.3.1.8 Құқықтық жағдаятты талдай отырып, меншік құқығын қорғау жолдарын түсіндіру

 Сабақ мақсаттары

  • Заңды құжаттарға сүйене отырып меншік құқығының түрлерін, ие болу тәсілдерін, тоқтатылу жолдарын түсіндіре алады;
  • Меншік құқығының негізгі өкілеттілігіне мысал келтіре алады;
  • Жағдаяттарды талдау кезінде өзіндік көзқарас білдіріп, шешу жолдарын ұсына алады.

 Бағалау критерийлері

Білу және түсіну

Меншік құқығының түрлерін, ие болу тәсілдерін, тоқтатылу жолдарын анықтайды;

Қолдану

Меншік құқығының негізгі өкілеттілігіне мысал келтіреді;

Бағалау.

Жағдаяттарды талдайды, шешу жолдарын ұсынады.

 Тілдік мақсаттар

 

  • меншік, меншік құқығы;
  • меншікке ие болу, меншік иесі, иесіз зат;
  • жеке меншік, жеке тұлға меншігі, заңды тұлға меншігі;
  • мемлекеттік меншік, республикалық меншік, коммуналдық меншік;
  • - мұрагерлік, реквизициялау, тәркілеу

Мынадай меншік түрлері бар: (...)

Жеке меншік пен мемлекеттік меншіктен ерекшеленеді, себебі (...)

Меншік иесі бола аламын, себебі (...)

Оқушылар:

  • Меншік ұғымын, түрлерін түсіндіру арқылы өзінің

айтылым және оқылым дағдыларын дамытады.

  • Оқушылар «Адамдардың меншікке деген өз құқықтарын дәлелдей алуы неге соншалықты маңызды?» тақырыбына 200 сөзден кем емес хабарлама жазады.

 Құндылықтарды дарыту

Бұл дағдылар оқушылардың құқықтық сауатты болуына және Қазақстанда азаматтық қоғамды дамытуға өз үлестерін қосуға мүмкіндік береді

 Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, Дүниежүзі тарихы

 АКТ қолдану дағдылары

  • белсенді оқытудың әдіс - тәсілдерін қолдау үшін интерактивті тақтаны пайдалану;

Бастапқы білім

Оқушылар өмірден алған білімдерін қолданады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

БЫМ. Келесі сұрақтар негізінде сыныппен талқылау ұйымдастырылады:

  • «Менің меншігім» деген сөзді қалай түсінуге болады?
  • Сендер меншіктің қандай түрлерін білесіңдер?
  • Сендер қандай жағдайда адамды меншік иесі деп атай аласыңдар?
  • Оның құқықтары қандай?

№1. Жаңа тақырыптың мақсаты және сабақ жоспарымен таныстыру. Меншік құқығының негізгі өкілеттілігі туралы түсініктерді мысал келтіре отырып

(Иелену хақысы – меншіктенушінің мүлікке деген шаруашылық үстемдігі. Яғни мүліктің иесіне заң жүзінде бекітілуі;

Пайдалану хақысы – мүлікті іске асырып, пайдаға жарату;

Билік ету хақысы – құқықтық әрекеттер жасау арқылы мүліктің тағдырын белгілеу.

Мысалы, үйдің иесі оны сатса да, жалға берсе де немесе өзі тұрса да өзі біледі. Осы үшеуі Меншік құқығының құрамдас бөліктері болғанмен, барлық кезде бірге жүрмейді. 

Мысалы, жалға алған пәтерді пайдалану хақысы болғанымен, жалдаушының ол пәтерге деген иелену және билік ету хақысы жоқ. Көрсетілген үш мүмкіндіктің ішіндегі мүлікті меншіктендіретіні, яғни ең маңыздысы иелену хақысы. Қалған екеуі меншік иесінде болуы да, болмауы да оны меншік құқығынан айыра алмайды. Сондықтан мүліктің барлық ауыртпалығы, жауапкершілігі меншік иесінде. )

оқушылардың ойымен бірге бөлісе отырып, ашу.

Сабақтың ортасы

12 мин

10-мин

10 мин

№2. Білу.Түсіну. Төмендегі тақырыптарды топпен зерттеуге беріледі. Топтық жұмысты постер немесе семантикалық карта арқылы қорғайды.

1-топ. Меншік түрлері.

2-топ. Ие болу түсінігі.

3-топ. Меншік құқығының тоқтатылу тәсілдері.

Дескриптор.

Оқушы

  • Меншік түрлерін анықтайды;
  • Меншік құқығына ие болудың бастапқы тәсілдерін анықтайды;
  • Меншік құқығына ие болудың туынды тәсілдерін анықтайды;
  • Меншік құқығын ерікті тоқтату тәртібін анықтайды;
  • Меншік құқығын мәжбүрлеп тоқтату тәсілдерін анықтайды;

Өзара топтық бағалауды ұйымдастырыңыз

3 Қолдану. Жұптық жұмыс. Азаматтық кодекстің 188-бабына сүйене отырып меншік құқығы және оның негізгі өкілеттілігіне мысал келтіреді.

Иелену хақысы 

Пайдалану хақысы

Билік ету хақысы

М Оқушыларға меншік иеленуді куәландыратын құқықтық құжаттары туралы қосымша түсіндірме беріледі.

4 Бағалау. Кейс технологиясы. Топтарға құқықтық жағдаяттар таратылады. Топтар азаматтардың меншікті иелену немесе меншік құқығын тоқтату барысында жіберілген қателіктерін анықтайды. Мәселенің шешу жолдарын ұсынады.

1.Бірде К. өзі иесіз деп есептеп жүрген ескі жеке ғимараттан, орамға буып түйілген зергерлік бұйымдар тауып алады. Зергерлік бұйымдардың мәнін терең білетін таныстарының бірі олардың өте құнды және қымбат дүниелер екенін айтты. К.сол зергерлік бұйымдарды сатып, бұрын өзі армандаған заттарына қол жеткізуді қиялдай бастады. Алайда біршама уақыт өткеннен кейін оның үйіне А.деген азамат келеді. Ол ғимараттың өзіне тиесілі туралы құжаттарын көрсетіп, көмбені қайтаруды талап етеді. Оның үстіне А.көмбе оның рұқсатынсыз ізделгенін айтты. Амалы таусылған К.заңға сәйкес көмбенің жартысына жуығы оған тиесілі болатынын естігенін ғана айта алды. А.көмбені қайтармаған жағдайда сотқа беретінін айтты.

  • Бұл жағдайды сендер қалай бағалайсыңдар?
  • Заңды түрде қандай шешім ұсынасыңдар?

2.К.көптен бері кәсіпкер болғысы келіп жүрді. Түрлі фирмаларға жалданып жұмыс істеуі оны қанағаттандырмайды, олар аз төледі және жиі алдады. Оның бар мүлкі шағын пәтері, кішкене ғана саяжайы мен автокөлігі болды. Ол таныстарынан шағын жөндеу шеберханасын ашу үшін өзінің мүлкін банктен алған несиеге кепілдікке салуға болатынын естиді. Ол заңды тұлға- серіктестікті тіркеткісі келді. Бәрін тапсырыс бойынша істегісі келді.Ал Әділет министірлігі органдарында өзінің жеке мүлкін К.ның кәсіпкерлік мақсатта пайдалана аламайтынын айтты.

  • Заңды тұлғаларды тіркеу органдарында К.ға дұрыс жауап берді ме?

3.Азамат Б.ның үйінде бірнеше суреттер болған. Бірақ оның өзі осы суреттерді аса бағаламайтын. Ол суреттерді қабырғалары дымқылданған қосалқы үйде сақтайтын. Бірде Б.ға оның танысы Т. Қонаққа келеді. Б. оған баяғы суреттерді көрсетеді. Т. Олардың біреуі атақты жұмысшының суреті екенін таниды. Б.ның суреттерді арнайы ыңғайластырылмаған үй-жайда сақтайтынын көріп, бұлай етуге болиайтынын, сурет мәдени құндылық болып табылатынын айтқан. Оған Б. меншіктің иесі өзі екенін, суретпен не істесе де өзі білетіндігін айтып жауап берген.

  • Бұл дауға қандай төрелік айтар едіңдер?
  • Заң талаптары бұзылды деп ойлайсыңдарма?

(Мысалы, су тасқыны болып жатыр делік. С-ның уйінде катер бар. Төтенше жағдайлар жөніндегі министірліктің шешімімен адамдарды су тасқыны аймағынан алып шығу үшін С-ның катері реквизициялануы мүмкін. т.б)

Дескриптор:

  • Азаматтардың меншікті иелену құқықтарын анықтайды;
  • Меншік құқығын тоқтату барысында жіберілген қателіктерін анықтайды;
  • Мәселенің шешу жолдарын ұсынады;

Б Жағдаяттық тапсырмалардың шешу жолдарын оқушылардың ойлары мен пікір көзқарастарын сынып болып талдау.

5 Үй тапсырмасы. «Адамдардың меншікке деген өз құқықтарын дәлелдей алуы неге соншалықты маңызды?» тақырыбына 200 сөзден кем емес хабарлама жазады.

Эссенің құрылымы:

    • Кіріспе. Тақырыптың өзектілігі.
    • Негізгі бөлім. Тақырып бойынша қысқаша шолу. Аргумент. Дәлел. Факт. Контраргумент. Дәлел. Факт.
    • Қорытынды. Тұжырым. Оқушы қандай шешімге келді.

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

http://adilet.zan.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

http://www.akorda.kz/

Қазақстан республикасының Азаматтық кодексі 188, 209, 235 бап

Құқық негіздері. Хрестоматия 10-сынып

https://www.youtube.com/watch?v=vMYSxV3mUqQ-Меншік құқығы

Сабақтың соңы

3 мин

Рефлексия.

Балалар, бүгінгі сабақтан не білдіңіз?

Не үйрендіңіз? Нені білгіңіз келеді?

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Деңгейлік тапсырмалар беру арқылы саралау жұмыстары жүргізілді

Көзі нашар көретін оқушыларды алдыңғы парталарға отырғызу,сыныпта жарықтың түсуін қадағалау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылды.

Деңгейлік тапсырмалар беру арқылы саралау жұмыстары жүргізілді

Ия, сақталды

Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?