Қылмыстық кодекс қылмыстық құқықтың негізгі қайнар көзі ретінде. Құқық негіздері, 10 сынып , сабақ жоспары.
«Адам. Қоғам. Құқық» пәнінен ҚМЖ ӘБ жетекшісі________________
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қылмыстық құқық жүйесі | Мектеп: Орал қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Кдиршаев О.А. | ||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Қылмыстық кодекс қылмыстық құқықтың негізгі қайнар көзі ретінде | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 10.2.4.1 қылмыстық кодекстің мазмұны мен құрылымын анықтау 10.2.4.2 нақты өмірлік жағдаяттарды қылмыстық құқық нормаларына сәйкестендіру | ||||||
Сабақ мақсаты | Қылмыстық кодекстің негізгі мәні мен мағынасын ашу | ||||||
Бағалау критерийлері | Білу және түсіну Қылмысқа тән белгілерді анықтайды Қылмыстық құқыққа тән белгілерді анықтайды | ||||||
Тілдік мақсаттар
| Пәнге қатысты терминология
Қылмыстық кодекс баптарына сәйкес, жағдаят (...) Қылмыстық заңның маңызы (…) Құқықтық жағдаяттың шешілу жолы (...) Мен...деп ойлаймын Қылмыстық теріс қылық дегеніміз (....) Қылмыстық жазалаудың әлеуметтік маңызы ... | ||||||
Құндылықтарды дарыту |
| ||||||
Пәнаралық байланыстар | Тілдік пәндер, гуманитарлық пәндер Мектеп бағдарламасы көлемінде гуманитарлық пәндер бойынша алған білімдері мен күнделікті өмірдегі әлеуметтік тәжірибелерін, сондай-ақ БАҚ көздерінен берілетін ақпараттарды қолданады. | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Берілген Интернет ресурстармен қажетті ақпаратты іздеу және өңдеу дағдылары | ||||||
Бастапқы білім | Мектеп бағдарламасы көлемінде 9 сынып «Адам. Қоғам. Құқық» пәні бойынша алған білімдері мен күнделікті өмірдегі әлеуметтік тәжірибелерін, сондай-ақ БАҚ көздерінен берілетін ақпараттарды қолданады. Сонымен қатар Қазақстандағы қазіргі кездегі құқықтық және саяси-әлеуметтік оқиғалардан хабардар. | ||||||
Жаһандық азаматтылық | Қылмыстық құқықтың белгілерін талдай отырып, сол деңгейге жету жолдарын талқылау барысында әлемдегі басқа елдердің тәжірибелерін қарастырып, салыстыру. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақ кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 0-20 мин 0-05 мин 05-13 мин 13-20 мин | Б/М Мұғалім сыныпқа бағыттаушы сұрақтар қояды:
Оқушылардың жауаптары жүйеленеді. ҚБ Оқушылар жауабын мұқият тыңдап «жақсы», «өте жақсы», «жарайсың» деп ауызша бағалап отырамыз. Қ Бұл оқу үдерісінде оқушылар бойына Азаматтық жауапкершілік және Құрмет атты мемлекет құндылықтары дарытылады М Оқушыларды жаңа тақырыппен таныстырамыз. Оқушыларға бүгінгі сабақтың қандай оқу дағдылары мен оқу мақсаттары болатыны туралы пікірін сұраймыз. Бағдарлама бойынша қарастырылатын оқу дағдылары, оқу және сабақ мақсаттарымен таныстырамыз. Кілт сөздермен таныстырып, талқылау жүргіземіз. Қ Бұл оқу үдерісінде оқушылар бойына Азаматтық жауапкершілік және Құрмет атты мемлекет құндылықтары дарытылады | online.zakon.kz adilet.zan.kz ҚР Қылмыстық кодексі А. Ибраева, Г. Әлібаева, Қ. Айтхожин. «Құқықтану».–Алматы: Мектеп, 2006 жыл . Е. Қуандықов, Ш. Маликова, С. Есетова. «Құқықтану». – Алматы: Дәуір, 2007 жыл. | |||||
Сабақтың ортасы 20-35 мин | М Оқушыларды қылмыстық Кодекстің құрылымымен таныстырады (негізгі бөлім, ерекше бөлім). Негізгі ұғымдар мен ерекше бөлімнің тарауларына шолу жасалады. Шолу барысында оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойып отырады. ҚБ Оқушылар жауабын мұқият тыңдап «жақсы», «өте жақсы», «жарайсың» деп ауызша бағалап отырамыз. Қ Бұл оқу үдерісінде оқушылар бойына Азаматтық жауапкершілік және Қазақстандық патриотизм атты мемлекет құндылықтары дарытылады | Жоламан Қ.Д. «Мемлекет және құқық теориясы». – Алматы: Нұр-пресс, 2007. Сапаргалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы. -Алматы, 1997жылы.
| |||||
Сабақтың соңы 35-40 мин | Жаңа тақырыпты қорытындылаймыз және бекітеміз. Рефлексия Жалғастырыңыз: Маған ... қызықты болды Маған ... бұл болашақта қажет болады Бұл ... қиындық туғызды Осы ... мені ойландырды | ||||||
Саралау Сабақта визуалдар мен аудиалдар үшін жеткілікті материалдар дайындалған. Тапсырманы оқушылардың өздеріне дауыстап оқыту және тақтада презентация ретінде көрсету қамтамасыз етілген. | Бағалау Жетістік критерийі бойынша өзара бағалау және өзін-өзі бағалау. Сабақ барысында басымдық берілетін ең маңызды критерий – ғылыми тілді пайдалану | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Компьютермен және басқа да техника түрлерімен жұмыс жасау ережелері | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?