Сот төрелігінің қағидаттары, Құқық негіздері, 10 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам. | Мектеп: | |||
Сағат саны: 1сағат | Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||
Сынып: 10 (жаратылыстану-математика бағыты) | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||
Сабақ тақырыбы | Сот төрелігінің қағидаттары | |||
Оқу мақсаттары | 10.1.4.1 сот төрелігінің қағидаттарын нақты мысалдар келтіре отырып түсіндіру. | |||
Сабақтың мақсаты | Сот төрелігінің қағидаттарын білу; Сот төрелігінің қағидаттарын мысалдар арқылы түсіну. | |||
Бағалау критерийлері | Білу және түсіну: ҚР Коституциясының 77 бабын біледі,Сот төрелігінің қағиттарын түсінеді. Зерттеу және талдау: Сот төрелігінің қағидаттарына түрлі мысалдар келтіре отырып, жағдаяттар құрастырады. Бағалау: Сот төрелігінің қағидаттарына бара береді. | |||
Тілдік мақсаттар | Тілдік құзыреттіліктерді дамыту: Оқылым: мәтіндік мәліметпен жұмыс.. Айтылым: барлық сыныппен ұжымдық талқылау, сұрақтарға жауап беру, сонымен қатар жұпта жұмыс жасау кезінде. Оқушылар: - Сот төрелігінің қағидаттарын түсіну барысында жұпта жұмыс жасайды, өздері құрған жағдаяттарды қарастыру барысында барлық сыныппен талқылауға (оқылым,тыңдалым және айтылым дағдылары) қатысады. | |||
Пәнге тән лексика мен терминология | Сот төрелігі, Сот төрелігі қағидаттары. | |||
Құндылықтарды дарыту | Жұптық жұмысты және бағалауды ұйымдастыру арқылы ынтымақтастық пен академиялық шындық. | |||
Пәнаралық байланыстар | Қазақстан тарихы. | |||
АКТ қолдану дағдылары | Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады. | |||
Бастапқы білім | Оқушылар алдынғы сабақтан құқықтың негізгі белгілері мен функциясы туралы біледі. | |||
Сабақ барысы | ||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет | Ресурстар | ||
Қызығушылықты ояту 5 минут | Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында оқушыларға суреттер топтамасы ұсыну. М. Сабақтың мақсатын, критерилерімен таныстырып, кіріспе жасап өту. Сот төрелігі (әділ сот) – іс жүргізу тәртібімен жасалатын,азаматтық және қылмыстық істерді,сондай-ақ азаматтардың, ұйымдар мен мемлекеттін құқығы мен мүдделерін қорғау мақсатында экономикалық дауларды қарастыру мен шешу бойынша құқықты қолдану тәртібі. | Тақырып, ОМ және бағалау критерийлері берілген слайд. | ||
Мағынаны тану 3 минут 2 минут 15 минут | Сот төрелігінің қағидаттары дегенді қалай түсінесіздер?деген сұрақты қоя отырып талқылау жүргізу. Сот төрелігінің қағидаттары – мемлекеттік қызметтің осы түрінің елеулі жақтарын айқындайтын, жалпы, басшылыққа алынатын, негізгі ережелер. Бұл ережелер сот төрелігін ұйымдастыру мен жүзеге асырудың барлық мәселелерін шешу, қоғамның мемлекеттік тетігі мен саяси жүйесінде оның рөлі мен орнын айқындауда негізгі болып табылады. Сот төрелігі қағидаттарының мағынасы: – сот төрелігінің негізгі қырларын айқындайды, сондықтан, барлық сот төрелігі туралы нормалар оларға сай келуге тиіс; – нақты нормаларға қарағанда тұрақты және өзгерістерге көп ұшырамайды, сондықтан, олар сот төрелігі саласындағы тұрақтылық пен сабақтастықты айқындайды; – нақты құқықтық актінің мақсаттары мен нағыз бағыттары туралы ақпаратты қамтитындықтан, сот төрелігі туралы басқа да нормаларды дұрыс түсіндіру үшін зор маңызға ие. ҚР Коституциясының VІІ бөлімі «Соттар және Сот төрелігі» деп аталады. Сот төрелігінің қағидаттары 77-баптың 3-ші тармақшасында көрсетілген. М. Сот төрелігінің қағидаттарының екеуіне (1 және 7) мысал келтіре отырып, оқушылармен талдайды. Мысалдар: 1-жағдаят. Кеше Алматы қаласында Ж деген мемлекеттік қызметкер 130 000 мың теңге пара алып жатқан жерінен ұсталды .Оқиға орнына болған БАҚ журналистері отандық телеарналарда азамат Ж-ны пара алушы қылмыскер ретінде жаңалықтарда көрсетті. Келесі күні Ж деген азамат БАҚ журналистерінне арыз жазып, сотқа шағымданды. Неге? 2- жағдаят. Алматылық полицейлер тұрақты түрде пәтер тонаумен айналысатын ұрыларды қолға түсірді. Алматыдағы Әуезов ауданында үйлер мен пәтерлерді тонайтындардың ісі бақылауға алынды. Барлық тонау ісі бір біріне ұқсас болды.Күдіктілердің бірі Д есімді азаматтың жұбайы Р атты азаматша тергеу орындарына шақырылды, алайда, Р деген азаматша жұбайы жайында айғақ беруден бас тартты. Неліктен? Ж/Т жұмыс. Мәтіндегі сот төрелігінің қағидаттарымен танысып, сол қағидаттарға байланысты жұпта немесе топта жағдаяттар құруға тапсырма беріледі. Дескриптор: ҚР Коституциясының VІІ бөлімі 77-баптың 3-ші тармақшасын пайдалана отырып . 1 жағдайят құрастырады.
Топтардың немесе жұптардың таныстырылымы. Мәтінмен жұмыс. Отандық сот жүйесі тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі жылдарда көптеген қайта құрулар мен өзгерістерді бастан кешірді. Бүгінде өзгерістерге қандай баға берер едіңіз? Дескриптор: Тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі жылдарда Отандық сот жүйесіндегі қайта құрулар мен өзгерістерге мәтіндегі пайдалана отырып, 10 баллдық жүйеге сай ,2 аргумент арқылы баға береді. | ҚР Коституциясының VІІ бөлімі, 77-бабы. | ||
Соңы | Рефлексия. «Өрмекші» әдісі. Шарты: Оқушылар шеңбер тәріздес болып тұрып тақырып бойынша мәлімет айтады, мәлімет айтқан адам келесі оқушыға бума жіпті ұзатады. Нәтижесінде жіптер шырмалып, өрмекшінің ұясына ұқсап қалуы тиіс. Жіптің көлеміне қарай оқушыны білім деңгейін анықтауға болады. | |||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Құқық негіздері
Сынып:10 сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?