Сот төрелігінің қағидаттары, Құқық негіздері, 10 сынып, презентация.


Сот төрелігінің қағидаттары

Оқу мақсаттары:

10.1.4.1 сот төрелігінің қағидаттарын нақты мысалдар келтіре отырып түсіндіру.

Бағалау критерийлері:

Білу және түсіну:

ҚР Коституциясының 77 бабын біледі,Сот төрелігінің қағиттарын түсінеді.

Зерттеу және талдау:

Сот төрелігінің қағидаттарына түрлі мысалдар келтіре отырып, жағдаяттар құрастырады.

Бағалау:

Сот төрелігінің қағидаттарына бара береді.

Сот төрелігі (әділ сот) іс жүргізу тәртібімен жасалатын,азаматтық және қылмыстық істерді,сондай-ақ азаматтардың, ұйымдар мен мемлекеттін құқығы мен мүдделерін қорғау мақсатында экономикалық дауларды қарастыру мен шешу бойынша құқықты қолдану тәртібі.

Сот төрелігінің қағидаттары дегенді қалай түсінесіздер?

Сот төрелігінің қағидаттары мемлекеттік қызметтің осы түрінің елеулі жақтарын айқын-дайтын, жалпы, басшылыққа алынатын, негізгі ережелер. Бұл ережелер сот төрелігін ұйымдастыру мен жүзеге асырудың барлық мәселелерін шешу, қоғамның мемлекеттік тетігі мен саяси жүйесінде оның рөлі мен орнын айқындауда негізгі болып табылады.

ҚР Коституциясының VІІ бөлімі «Соттар және Сот төрелігі» деп аталады. Сот төрелігінің қағидаттары 77-баптың 3-ші тармақшасында көрсетілген.

Ж/Т жұмыс.

Мәтіндегі сот төрелігінің қағидаттарымен танысып, сол қағидаттарға байланысты жұпта немесе топта жағдаяттар құруға тапсырма беріледі.

Дескриптор:ҚР Коституциясының VІІ бөлімі 77-баптың 3-ші тармақшасын пайдалана отырып . 1 жағдайят құрастырады

Топтардың немесе жұптардың таныстырылымы.

Мәтінмен жұмыс.

Мәтінмен жұмыс.

Отандық сот жүйесі тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі жылдарда көптеген қайта құрулар мен өзгерістерді бастан кешірді. Бүгінде өзгерістерге қандай баға берер едіңіз?

Дескриптор: Тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі жылдарда Отандық сот жүйесіндегі қайта құрулар мен өзгерістерге мәтіндегі пайдалана отырып, 10 баллдық жүйеге сай ,2 аргумент арқылы баға береді.

Рефлексия. «Өрмекші» әдісі.

Шарты: Оқушылар шеңбер тәріздес болып тұрып тақырып бойынша мәлімет айтады, мәлімет айтқан адам келесі оқушыға бума жіпті ұзатады. Нәтижесінде жіптер шырмалып, өрмекшінің ұясына ұқсап қалуы тиіс. Жіптің көлеміне қарай оқушыны білім деңгейін анықтауға болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?