Мемлекеттік органдардың құрылуында сайлаудың маңызы мен ролі қандай? Құқық негіздері, 9 сынып, дидактикалық материал.


Оқу бөлімі: 9.2A Мемлекеттік органдардың конституциялық құрылысы

Сабақ тақырыбы:«Мемлекеттік органдардың құрылуында сайлаудың маңызы мен ролі қандай?»

Оқу мақсаты: Мемлекеттік органдардың құрылуында сайлаудың маңызы мен рөлін анықтау.

Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі

Сайлау- Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі басталған сәттен халық билігін жүзіге асыратын маңызды институт.Жалпы тең, тура, тікелей негізінде жасырын дауыс беру арқылы Қазақстан Республикасының азаматтары сайлау құқығын іске асырады.

Сайлау құқығы- 18-жасынан әрбір ҚР азаматы өзінің шығу тегіне, әлеуметтік жағдайына, жынысына қарамастан сайлану және сайлау құқығы.

Қазақстан Республикасындағы сайлауда мажориталық және пропорционалдық сайлау жүйесі қолданылады. Мажоритарлық жүйе- сайлаушылырдың басым көпшілігі дауысын берген кандидат сайланған болып саналатын сайлау жүйесі. мажоритарлық сайлауда көп дауыс алған кандидат парламент мүшелігіне өтеді. Сайлаушылар партия немесе блок үшін емес, нақты адамды жақтап дауыс береді, көбінесе, сайлаушылар оны таниды.

Мысалы осы жүйе Президентті сайлау кезінде қолданылады:

  • дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 50-% дан артық дауысын жинағанда;
  • қайта дауыс беру кезінде басқа қандидатқа қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшілігін алған кандидат сайланған болып есептеледі.

Пропорционалды сайлау жүйесі Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау кезінде қолданылады. Пропорционалдық сайлаудадауыс беру партиялық тізім бойынша жүргізіледі. Сайлаушылар партиялардың бірі жақтап(немесе бәріне қарсы ) дауыс береді. Берілген дауыстарды санау арқылы партиялар өздерін жақтап берілген дауыс санына пропорционалды түрде парламентте белгілі бір орын санына ие болады.

Мысалы ҚР азаматтары саяси партияларға дауыс береді. Әрбір саяси партия жинаған дауыстардың саны квотаға (жеке санға) бөлінеді. Санды бөлу нәтижесінде алынған тұтас бөлік – партиялық тізім құрған тиісті саяси партия алатын депутаттың мандаттар саны болып табылады.

Елдегі сайлау өткізуді ұйымдастырушы мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы.

Сайлау органдары:

  • республикалық Орталық сайлау комиссиясы
  • аумақтық сайлау комиссиясы
  • округтік сайлау комиссиясы
  • учаскелік сайлау комиссиясы

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z950002464_/z952464_.htm

Дескриптор: оқушылар сайлау ұғымына анықтамасын түсіндреді.

Сұрақтар:

*Сайлау дегеніміз не?

* Сайлау құқығы дегеніміз не?

* Қазақстан Республикасында қандай сайлау жүйелері қолданылады?

1 тапсырма: төмендегі көрсетілген тақырыптық терминдер мен олардың анықтамаларын сәйкестендіріңіз.

Дескриптор: төмендегі көрсетілген тақырыптық терминдер мен олардың анықтамаларын сәйкестендіреді.

Терминдер

Дұрыс жауабы

Анықтамалары

Сайлау жүйесі

А. Дауыс беру нәтижелерін берілген дауыстың көпшілікті қағидатымен анықтайтын сайлау жүйесі

Пропорционалды жүйе

В. Мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағы.

Мажоритарлы жүйе

С. Өз көзқарасын, саясатын басқа саясатқа, көзқарасқа қарсы қою, қарсы әрекет жүргізу; бір көзқарастар мен әрекеттерді басқаларына қарсы қою.

Саяси партиялар

D. Үкімет органдарына ашық сайлаумен байланысты және сайлау тәртібімен айқындайтын қалыпты қоғамдық қатынастардың жиынтығы.

Оппозиция

Е. Сайлауда ұсынған партиялық тізімге сәйкес саяси партия Парламентте депутаттың мандат сайын иеленетін сайлау жүйесі

2 тапсырма: Сайлау жүйесінің екі түрі: пропорционалды жүйе мен мажоритарлы жүйені Венн диаграммасы негізінде бір –бірімен салыстырып, әрқайсысының кемінде 2 айырмашылығы мен екеуіне ортақ ұқсастығын тауып жазыңыздар.

Дескриптор: сайлау жүйелерін салыстырып айырмашылықтарын және ұқсастықтарын анықтайды.

Пропорционалды сайлау жүйесі

Ұқсастықтар

Мажоритарлы сайлау жүйесі

Қайталау:

Дескриптор: төмендегі кесте бағандарындағы мемлекеттік органдар мен олардың тиісті функцияларын сәйкестендіріп, бір – біріне қаншалықты қатысты екенін анықтаңыздар.

Р/c

Лауазымды тұлға

Сәйкестендіру

Лауазымды тұлға мен мемлекеттік

мен мемлекеттік

жауаптары

органдар функциялары

органдар

І

Президент

a) министрліктердің, мемлекеттік

комитеттердің, өзге де орталық және

жергілікті атқарушы органдардың

қызметіне басшылық жасайды;

b) конституцияның нормаларына ресми

ІІ

Парламент

түсіндірме береді;

c) Республиканың мемлекеттік

бағдарламаларын бекітеді;

d) рақымшылық жасау мәселелерін

шешеді;

ІІІ

Үкімет

e) мемлекеттік салықтар мен алымдарды

белгілейді және оларды алып тастайды;

f) Қазақстан халқына елдегі жағдай мен

Республиканың ішкі және сыртқы

саясатының негізгі бағыттары туралы

ІV

Конституциялық

жыл сайын жолдау арнайды;

Кеңес

g) Республиканың халықаралық

шарттарын бекіткенге дейін олардың

Конституцияға сәйкестігін қарайды;

h) Республиканың сыртқы саясатын

жүргізу жөнінде шаралар әзірлейді.

Тапсырма: Парламент пен Үкіметтін қызметін және құрылымын салыстырып, кемінде үш айырмашылығы мен екі ұқсастығын анықтаңыз.

Дескриптор: Парламент пен Үкіметтін қызметін және құрылымын салыстырып, кемінде үш айырмашылығы мен екі ұқсастығын анықтайды.

Парламент

Ұқсастықтары

Үкімет үйі

1.

2.

3.

1.

2.

1.

2.

3.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу