М. Райымбекұлы «Көшбасшы» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 10 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Әдебиеттегі сын-сарын | Мектеп: | ||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||
Сынып: 11-сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||
Сабақ тақырыбы | М. Райымбекұлы «Көшбасшы» поэмасы | ||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.1.4.1. Көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырып, шығармашылық жұмыстарда қолдану. | ||||||||
Сабақ мақсаты | Шығармадан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырып, шығармашылық жұмыстарда қолдану. | ||||||||
Бағалау критерийлері | Шығарма үзінділерін ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырады; Үзінділерді шығармашылық жазба жұмысында қолданады. | ||||||||
Құндылықтарды дарыту | Қазақстандық патриотизм және адамгершілік жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек және шығармашылық, ашықтық, академиялық шыншылдық, өмір бойы білім алу, әлемдік азаматтық. | ||||||||
АКТ қолдану дағдылары | презентация | ||||||||
Сабақ барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы 3 минут | Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Оқушыларды төрт топқа бөлу. Сабақ тақырыбы, ОМ, сабақ мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады. | ||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут 5 минут 8 минут 7 минут
10 минут | 1-тапсырма. Оқылымалды тапсырма Оқушылар елбасының сөзіне өзіндік пікір білдіреді. Мемлекеттік шекара – тәуелсіздіктің басты белгілерінің бірі. Ел мен елді табыстыратын да – шекара, тартыстыратын да – шекара. Достық та осы жерден көрінеді, қастық та осы жерден көрінеді. Нұрсұлтан Назарбаев Оқылым тапсырмасы Оқушыларға Маралтай Райымбекұлының «Көшбасшы» поэмасының «Шекара» бөлімі оқуға беріледі. ШЕКАРА Мынау таулар, мынау байтақ жазықта Өзгелерге жем боп кетпей азыққа. Бабалардың аманатын қан сіңген, Оңай боп па сақтап тұру аз ұлтқа. Ғаламзатпен тауып ортақ, жарасым, Бітістірген ел мен елдің арасын. Бүгінгі – біз, ертеңгі – сіз – жас ұрпақ... Ардақ тұтар Нұрсұлтандай ағасын. Ел қорғаны – Елбасына – ел тірек О бұл дала еске нені келтіред!!! О шеті мен бұ шетіне жетем деп, Ата жауым кеткен талай тентіреп. Іргең ашық, дауыл тұрса – ел алаң, Алаңдаумен қалайша күн көре алам. Елбасының өзі бас боп қам жасап, Мынау менің қазық қаққан шекарам! Қызғалдағы қатар өсіп иренмен, Елдің шеті мамыражай күйге енген. Ей, қастерлі Ұлы Далам аман бол, Әр сүйемі қан мен сүтке иленген. Ермек емес ел тағдыры еріккен, Кім біледі алдан бізді не күткен. Бұған дейін ешбір Тұлға болған жоқ, Қазақ жерін заң жүзінде бекіткен. Мұның бәрі елді ойлаған Ер ісі, Алаңсыз күн кешу үшін ел іші. Жарғақ құлағы тимей жүрген жастыққа, Елбасының бейнетінің жемісі. Бәрі-дағы адамзаттың ниетінде, Бұлт төнбегей шекарамның шетіне. Жатыр менің Атажұртым шалқайып, Дөңгеленген жұмыр Жердің бетінде. Үні жеткен, даңқы кеткен ғаламға, Елбасым бар таптатпайтын табанға. Шекарамды ешкім бұзып өтпесін, Мен де өтпеймін ақыл, есім аманда! Оқылымнан кейінгі тапсырма «Әдеби шеңбер» әдісі бойынша оқушылар топ ішіндегі рөлдерін белгілейді: Талқылаушы - шығарманың тақырыбын, мазмұнын айтады. Белгілеуші - шығарманың ең маңызды бөлігін анықтайды, дәлелдейді. Байланыстырушы - ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырады. Қорытындылаушы - автор позициясы мен көтерген мәселесін қорытындылап айтады. Дескрипторлар:
2-тапсырма. Жазылымалды тапсырма Сынып оқушылары Маралтай Райымбекұлының «Көшбасшы» поэмасының «Атажұрт» бөлімін оқиды, әр топ мәтін негізінде өзекті мәселелерді анықтайды. АТАЖҰРТ Қандастарымызға қаратып айтар жайдың тағы бірі – тарихи Отанына оралған ағайын, ең алдымен, “Қазақстаным маған не береді?” – деп емес, “Мен Қазақстаныма не беремін?” деп ойлағаны дұрыс болар еді. Нұрсұлтан Назарбаев Қалайша ақиқатты жасыра алам, Бір кезде бытырадай шашыраған. Алаштың алтын айдар ұл-қыздарын, Қосты ғой Атажұртқа басын Аллам. Аңсаған иек артып тілегіне, Атажұрт зарықтырған нұр өңіне. Баяғы Бейбарыстай туған жердің, Жусанын тұмар етіп жүрегіне. Нұрлы көш нұрлы өлкеге құйылса кеп, Шыбын жан Атажұртта қиылса деп. Бұл күнге жете алмады қанша боздақ, Топырақ туған елден бұйырса деп. Ел осы, жерің осы – төрлет енді, Орын жоқ қайғы менен шерге тегі. Тәуелсіз туған жердің көк аспаны, Жаныңды жауһазындай тербетеді. Ел осы, жерің осы – зарықтырған, Ол күндер артта қалды қамықтырған. Қолдасып, қауымдасып бет түзейік, Жұлдыздай Ертеңіме жанып тұрған. Кіргізіп аз қауымның берекесін, Елге ел қосылғаны – мереке шын. Бірлігім ажырамай тұрса осылай, Тәңірім бізді кімнен кем етесің. Баураған Бауырларын сел сезіммен, Бастаған болашаққа елді өзімен. Жиылып Елбасының соңына еріп, Тұтасып Ұлт болатын келді кезең. Тұтасып ұлтқа айналу – ұлы мақсат, Алашты Нұрсұлтандай ұлы бастап... Сәбилер өсу керек елін сүйіп, Арманын бабалардың ұғып асқақ. Бар болсаң бауырыңа саялайды, Жоқ болсаң “достың” өзі аямайды. Қазақты қазақ қана шын түсініп, Қазақты қазақ қана аялайды. Бейнет қыл, зейнетін көр тірлігіңде, Мың күнің арзитындай бір күніңе. Айтқан ғой бұрынғылар, біз де айтамыз “Қазағым, сенің күшің – бірлігіңде!” Жазылым тапсырмасы 1, 2-топ оқушылары: Туған жерге деген сағынышты жеткізу мақсатында өлең шығару. 3, 4-топ оқушылары: Шет елдегі бауырларға хат жазу. Дескрипторлар:
| ||||||||
Сабақтың соңы
| Оқушылар берілген сұрақ арқылы кері байланыс береді:
| ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
Сабақ бойынша рефлексия
|
| ||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру