М. Райымбекұлы «Көшбасшы» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, қосымша материал. 7 сабақ.
КИЕ
Көптеген елдерді араладым... Бірақ бәрі де өзім туып-өскен қазағымның жеріне, Алатаудың бір бөктеріне жамбастай жығылған үш қоңыр төбеге жетпеді. Балалығымның, сағынышымның алтын қазығы сонда екен...
Нұрсұлтан Назарбаев
Қара Жер жаралғалы қазағымның,
Шын сүйіп, шын түсінген азабын кім?
Жүрекке қолды қойып ниет қылдым,
Жетті деп тарихымды жазатын күн.
Уақыттың диірмендей тасы айналад...
Ұл туса, бауырыңа бас аймалап.
Тағдырды Алла ғана нәсіп етіп,
Тарихты Тұлға ғана жасай алмақ!
Жанардың жәудіретіп нұрын ала,
Бұл күнді күтті қанша Ұлы Дала.
Ұл туды бір Анасы Алты Алаштың,
Күн шықты арай шашып құбылаға.
Күн шықты арай шашып аспаныма,
Дүния кілт айналды басқа ағымға.
Ол Ана ұл тумапты, нұр туыпты
Бүгінгі өзек болар дастаныма.
Ол ұлдың заты – Нұрдан, аты – Сұлтан!
Кеш туған зарықтырып уақытынан.
Жаралған жан әлемі Күлтегіндей,
Халықтың арман, тілек, бақытынан.
Қалауын қабыл қыл деп құс – көңілдің,
Асығы алшысынан түскен ұлдың.
Алладан мәдет тілеп жатқан шығар,
Бауырында Әбіш әкей Үшқоңырдың.
Адал боп ақыреттік жан-жарына,
Қарайлап қоңыр тірлік, мал-жанына.
Ұлтына тұтқа болар перзент сыйлап,
Ол да, әне, үнсіз жатыр Әлжан-Ана.
Жанардың жәудіретіп нұрын ала,
Бұл күнді күтті қанша Ұлы Дала.
Ұл туды бір Анасы Алты Алаштың,
Күн шықты арай шашып құбылаға.
Ел үшін Жерді шарлап ұшқан ұлым,
Ұлт үшін аямаған күш-дарынын.
Қазақта Ер тумайды енді Сіздей,
Жарылып кетсе де өті дұшпанымның.
Бабалар армандаған ізгі үмітпен,
Арылды дана халық жүз күдіктен.
– Нұраға, о не дейсіз? Біз дайынбыз!!!
Тарих тұр сахнадан Сізді күткен...
«Ұлттық идея»
Құт пен дәтiн ала туған жатырдан,
Танауына исi келiп ақырған.
Бесiгiмде саумалынан нәр берiп,
Сары далам сары қымыз сапырған.
Кетiп қалған ой-санасы шырқауға,
Ынтық болған менiң бабам сұңқарға.
Жазықтық пен биiктiктi өлшем ғып,
Тақым салған тай үйретiп, тұлпарға.
Арқау болған фәни жалған жырына,
Домбырама бұрыла кет, бұрыла...
Қара жылан қар бетiне қаптаған,
Басу айтып қара қобыз мұңына.
Боз жiбектен боз үйдегi басқұрым,
Ақ жолынан адаспаса жақсы ырым.
Алты Алаштың зары қысып ақыны;
Дат! – дегенде... «Айт!» – дейтұғын, тақсырым.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру