М. Райымбекұлы «Көшбасшы» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, қосымша материал. 10 сабақ.


ШЕКАРА

Мынау таулар, мынау байтақ жазықта

Өзгелерге жем боп кетпей азыққа.

Бабалардың аманатын қан сіңген,

Оңай боп па сақтап тұру аз ұлтқа.

Ғаламзатпен тауып ортақ, жарасым,

Бітістірген ел мен елдің арасын.

Бүгінгі – біз, ертеңгі – сіз – жас ұрпақ...

Ардақ тұтар Нұрсұлтандай ағасын.

Ел қорғаны – Елбасына – ел тірек

О бұл дала еске нені келтіред!!!

О шеті мен бұ шетіне жетем деп,

Ата жауым кеткен талай тентіреп.

Іргең ашық, дауыл тұрса – ел алаң,

Алаңдаумен қалайша күн көре алам.

Елбасының өзі бас боп қам жасап,

Мынау менің қазық қаққан шекарам!

Қызғалдағы қатар өсіп иренмен,

Елдің шеті мамыражай күйге енген.

Ей, қастерлі Ұлы Далам аман бол,

Әр сүйемі қан мен сүтке иленген.

Ермек емес ел тағдыры еріккен,

Кім біледі алдан бізді не күткен.

Бұған дейін ешбір Тұлға болған жоқ,

Қазақ жерін заң жүзінде бекіткен.

Мұның бәрі елді ойлаған Ер ісі,

Алаңсыз күн кешу үшін ел іші.

Жарғақ құлағы тимей жүрген жастыққа,

Елбасының бейнетінің жемісі.

Бәрі-дағы адамзаттың ниетінде,

Бұлт төнбегей шекарамның шетіне.

Жатыр менің Атажұртым шалқайып,

Дөңгеленген жұмыр Жердің бетінде.

Үні жеткен, даңқы кеткен ғаламға,

Елбасым бар таптатпайтын табанға.

Шекарамды ешкім бұзып өтпесін,

Мен де өтпеймін ақыл, есім аманда!

АТАЖҰРТ

Қандастарымызға қаратып айтар жайдың тағы бірі – тарихи Отанына оралған ағайын, ең алдымен, “Қазақстаным маған не береді?” – деп емес, “Мен Қазақстаныма не беремін?” деп ойлағаны дұрыс болар еді.

Нұрсұлтан Назарбаев

Қалайша ақиқатты жасыра алам,

Бір кезде бытырадай шашыраған.

Алаштың алтын айдар ұл-қыздарын,

Қосты ғой Атажұртқа басын Аллам.

Аңсаған иек артып тілегіне,

Атажұрт зарықтырған нұр өңіне.

Баяғы Бейбарыстай туған жердің,

Жусанын тұмар етіп жүрегіне.

Нұрлы көш нұрлы өлкеге құйылса кеп,

Шыбын жан Атажұртта қиылса деп.

Бұл күнге жете алмады қанша боздақ,

Топырақ туған елден бұйырса деп.

Ел осы, жерің осы – төрлет енді,

Орын жоқ қайғы менен шерге тегі.

Тәуелсіз туған жердің көк аспаны,

Жаныңды жауһазындай тербетеді.

Ел осы, жерің осы – зарықтырған,

Ол күндер артта қалды қамықтырған.

Қолдасып, қауымдасып бет түзейік,

Жұлдыздай Ертеңіме жанып тұрған.

Кіргізіп аз қауымның берекесін,

Елге ел қосылғаны – мереке шын.

Бірлігім ажырамай тұрса осылай,

Тәңірім бізді кімнен кем етесің.

Баураған Бауырларын сел сезіммен,

Бастаған болашаққа елді өзімен.

Жиылып Елбасының соңына еріп,

Тұтасып Ұлт болатын келді кезең.

Тұтасып ұлтқа айналу – ұлы мақсат,

Алашты Нұрсұлтандай ұлы бастап...

Сәбилер өсу керек елін сүйіп,

Арманын бабалардың ұғып асқақ.

Бар болсаң бауырыңа саялайды,

Жоқ болсаң “достың” өзі аямайды.

Қазақты қазақ қана шын түсініп,

Қазақты қазақ қана аялайды.

Бейнет қыл, зейнетін көр тірлігіңде,

Мың күнің арзитындай бір күніңе.

Айтқан ғой бұрынғылар, біз де айтамыз

“Қазағым, сенің күшің – бірлігіңде!”



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу