Эрнест Хемингуэй «Шал мен теңіз» повесі. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Эрнест Хемингуэй «Шал мен теңіз»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдай отырып, автор стилін анықтау.

 Сабақ мақсаттары

Шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдау, автор стиліне баға беру.

Бағалау критерийлері

Шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдайды, автор стилін анықтайды.

 Құндылықтарды дарыту

• Құрмет

• Ынтымақтастық

• Еңбек және шығармашылық

• Өмір бойы білім алу

• Әлемдік азаматтық

 Пәнаралық байланыстар

Әлем әдебиеті

 АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

4 минут

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Назарын сабаққа аудару. Сабақ тақырыбы, оқыту мақсаттары мен бағалау критерийлері таныстырылады. Топтарға бөлінеді.

Ми шабуылы.

  • Эрнест Хемингуэй кім?
  • «Шал мен теңіз» повесі туралы қандай ақпарат білесіз?

Сабақтың

ортасы

3 минут

15 минут

10 минут

3 минут

Автор туралы

Эрнест Миллер Хемингуэй 1899 жылы 21 шілде күні АҚШ-тың Иллинойс штатындағы Оук-Парк қалашығында дүниеге келген. Американдық жазушы, журналист, 1954 жылғы әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты. 

Дәрігер отбасында туған. Жазушының алғашқы кітабы «Біздің дәуірде» деген атпен 1925 жылы жарық көрді. Оның есімін әлемге танытқан «Қош бол, қару» романы болды. Хемингуэй 20 ғасырдың 30-шы жылдары «Бұқа мүйізі», «Фрэнсис Макомбердің қысқа бақыты», «Килиманджаро қары», т.б. туындыларын және қоғамдағы әлеуметтік  қайшылықтарды сынға алатын «Бар мен жоқ» романын жазды. Испан дәуірі жазушы шығармашылығының өрлеу кезеңі болды. Бұл тұста оның көптеген очерктері, репортаждары, «Бесінші колонна» пьесасы, «Қоңырау кімге соғылады» романы жарық көрді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі біршама іркілістен кейін ол «Шал мен теңіз», т.б. туындыларымен қайтадан даңқ тұғырына көтерілді.

Мектеп қабырғасында жүрiп оқушылар газетiн шығаруы Э.Хемингуэйдiң әдебиетке барар алғашқы баспалдағы iспеттi едi. Мектеп газетiндегi “Байшыкештердiң өмiрiнен” атты мақаласы оны Оук-Паркке танымал еттi. Алғашқы әңгiмелерi “Тарихи орын” деп аталатын мектеп журналында 1916 жылы жарық көрдi. Осы жылдың жазында Эрнест ата-анасының қарсылығына қарамастан, достарымен саяхатқа кетедi. Солтүстiк Мичиганда өткiзген сол саяхатынан ол үйiне үлкен әсермен оралады. Кейiнiрек Э.Хемингуэй осы сапары жөнiнде көптеген әңгiмелер жазды.1954 жылы ұлы жазушы өзiнiң “Шал мен теңiз” атты ұлы шығармасы үшiн Нобель сыйлығына ие болды.

1-тапсырма. «ЖИГСО» стратегиясы

«Шал мен теңіз» повесінен әр топқа үзінді оқытылады.  Топтар ауысып, бір-біріне түсіндіреді.

2-тапсырма. Көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдау.

Оқушылар өздеріне берілген үзіндіден көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тауып, талдау жүргізеді, автор стиліне баға береді.

Дескрипторлар:

  • Көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын табады;
  • Талдау жүргізеді;
  • Авторың жазу стиліне баға береді.

Топтық бағалау жүргізіледі.

https://adebiportal.kz/kz/authors/view/741

 

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс: «Бес саусақ»

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу