Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, презентация. 3 сабақ.


Сабақ мақсаты:

Шығарманы ғаламдық тақырыптармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды.

Қасым Аманжолов – өз ғұмырында өзіне өлеңнен ескерткіш қойған ақын. Ақынның «Өзім туралы» өлеңі – адам өмірінің мәні мен өнер табиғатын көркем жинақтайтын философиялық мағыналы туынды. Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңі – көп қырлы, терең мағыналы шығарма. Ақын бұл өлеңді шығармашылығының кемелденген тұсында жазған. «Өзім туралы» өлеңі автордың өз тағдыры туралы ойларынан басталып, кең арналы тақырыптарды көтереді. Олар: аға ұрпақ аманаты, келер ұрпақ парызы, адам тіршілігінің мәні, адамгершілік жайы, адамзат тіршілігіндегі жеке тұлғаның мән-мұраты, адамның болмыстағы орны, өткінші өмір, уақыт мәселесі, өшпес өнер табиғаты, ұрпақ пен дәстүр жалғастығы, ақынның келер ұрпаққа аманаты терең философиялық толғамдарда көркем сөз образдарымен шебер өрілген.

1-тапсырма. Аталған тақырыптар ашылған өлең шумақтарынан үзінділер келтіріңіз. Неліктен олар ғаламдық тақырыптар төңірегінен орын алады деп ойлайсың?

 

Дескриптор:

-ғаламдық тақырыптар бедерленген өлең шумақтарынан нақты мысалдар келтіреді;

-мәнін ашады.

Кері байланыс:

Балалар, бүгінгі сабақ ұнады ма?

Не қиын болды? Не ұнады? Қандай жаңа мәлімет алдыңдар? Сабақта кім ерекше белсенді болды?

Үйге тапсырма:

«Өмір мәні неде?» деген тақырыпта ақын өлеңімен ұштастыра отырып, ойтолғау жазу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу