І. Есенберлин «Қаһар» романы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 17 сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пән: қазақ әдебиеті | Мектеп: | |||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||
Бөлім | Тарихтың шертіп пернесін І. Есенберлин «Қаһар» романы | |||||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сілтеме | Т/Ж2 Әдеби шығарманың тұжырымдамасы 11.1.2.1 әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді қазіргі өмірмен байланыстырып, ұлттық мүдде тұрғысынан ашу; | |||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылардың барлығы шығармада көтерілген мәселені анықтайды Оқушылардың көбі шығармада көтерілген мәселені бүгінгі өмірмен байланыстырып, ұлттық мүдде тұрғысынан ашады Оқушылардың кейбірі ұлттық мүдденің маңыздылығына талдау жасайды | |||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
| |||||||||||||||||||||
Құндылықтар | Отансүйгіштік, өз еліне деген құрмет, елін, жерін қорғау | |||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: т.с.с Мәтін талдау барысында қолданылатын тіркестер: Менің ойымша....; себебі......; Оны мен былай дәлелдеймін..... Қрыта келе,...... | |||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім | ||||||||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||||||
Уақыт | Жоспарланған жұмыс түрлері | Ресурстар | ||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 6мин | Қызығушылықты ояту: С. Оқушылар сұраққа сынып болып жауап береді. Оқушылар «Кенесары – қазақ хандығының соңғы ханы» деген бейнебаян көреді. «Сұрақтар жауыны» әдісі. Кенесары қандай хан болған деп ойлайсыз? Кенесарының өзіне тән соғысу тактикасы қандай болған? Кенесарының мүддесі қандай еді? Кенесары мүддесінің бүгінгі таңдағы маңыздылығы қандай? | https://www.youtube.com/watch?v=PXU-m7xYk7g 2.06 бастап 2.40-қа дейін көрсету | ||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы | Мағынаны ажырату Т Оқушылар топта жұмыс жасайды. Кестені толтырады.
1-топ Наурызбай соңғы кезде өзі туып өскен Көкшетау туралы көп ойлайтын болған. Мұндай кездерінде Арқаның жасыл шалғынды, көк майсалы даласы, жақпар-жақпар құз тасты, өн бойы өрби біткен қалың қарағай басқан түйе өркеш шағын таулары, көк толқыны жар кемерін тынбай соғып жатқан шалқар көлдері, мол сулы өзендері оның көз алдында елестейтін. Кенет Бурабайдың көз жасындай көгілдір толқыны шулағандай, кереге қанат қыран бүркіт қалықтай ұшқан Оқжетпестің басында ойнаған ерке жел жылағандай, дымқыл иісі аңқыған Кенесары үңгірі күңіренгендей құлағына бір қайғылы үн келетін. Сол үн өзін шақырғандай болатын. Наурызбай мұндай кезінде көктем сәнін, жұбайы әнін аңсаған жыл құсындай, іші-бауыры елжірей, туып-өскен Көкшетауын сағынатын. Өйткені асыр салған балалық шағы, жігіт болып махаббат дегеннің не екенін білген алғашқы бақытты түні, бәрі де осы Көкшенің көгілдір құшағында өткен. Наурызбайға Көкше деген құр ғана туған жер емес. Ол кейде өзінің жыл құсы болып жаратылмағанына өкінетін. Егер жыл құсы болса сол Көкшені әр көктемде бір шарлап ұшпас па еді! Мұндайда Наурызбайдың жүрегі удай ашып, жанын қоярға жер таба алмайды. Сол бақыттан, сол қуанышынан айырған сонау темір киген дұшпандарымен алыса түскісі келеді. Әттең не керек, Наурызбай да бір, тұғырда тұрған бала бүркіт те бір, ұшарға қанаты бар, бірақ аяғындағы жібек бау жібермейді, құр қайрат мезеп шаңқ-шаңқ шақыруға ғана дәрмені келеді. 2-топ Бақ деген күйкентай құспен пара-пар, қай жерде жем болса, соған қонады. Әкеме бітпеген дәреже маған бітті. Бүкіл Қараөткелге аға сұлтан боп Абылайдың балалары емес, мына мен, Құдаймендінің Қоңырқұлжасы сайландым! Ал дәулет десең, менің дәулетім кімнен кем? Жиырма мың қылаң мен бараным бар. Тек салықты аз төлеу үшін қағазға он екі мың деп көрсеткем. Сегіз мың жылқымды жасырып қалдым. Бүкіл Россияның қазынасын иемденген патша ағзамға сегіз мыңнан түсер пайда мақтағанда бір күнгі салтанатты қонағасына жетер. Ал маған... Сексен жылқы сегіз ауылдың игі жақсысын сатып алуға жарайды». «Әңгіме сексен жылқыда емес, елді билей білуде ғой. Менің қызметіме ақ патша да, Омбы генерал-губернаторы да риза. Ал халық ше? Халық деген бір кеще жас бала, оны алдай алсаң болғаны, соңыңнан ере береді... Менің сол қасиетім ғой, осы уақытқа дейін жұртты уысымнан шығармай келгенім?» 3-топ Россия патшалығымен шектескен жердің бәрі қазір лапылдап жанған өрт тәрізді. Бұған Ақмола өкірігінің Қыпшағы мен Керейі де қосылады деген сыбыс бар. Сонда бұ жұрт қайда бармақ? Бүкіл Арқаны қалың өртке айналдырмақ па? Сол өрттің көрігі биыл Ұлытау маңына, Қарақойын, Қашырлыға көшіп келген Кенесары. Жер дауын, салық дауын пайдаланып қалың қазақты патшаға қарсы өшіктіре түспей. Жұрттың өшігуі әсіресе мына Ақтау бекінісі салына бастағаннан бері тым өрши түскен тәрізді. Ақтау бекінісінің салынуын да Кенесары өз пайдасына жаратпақ, оған мүмкіндігі де бар: Ақтау, Қарқаралы, Ақмола, Аягөз өкіріктерінің тоғысқан жерінде тұр. Және оның болашақта атқарар борышы да зор...» 4-топ Омбы генерал-губернаторына «Есіл, Нұра, Ақтау, Ортау, Қарқаралы, Қазылық, Жарқайың, Обаған, Тобыл, Құсмұрын, Қарқаралыдан Жайыққа дейін ата-бабамыздың жері еді, сендер соларды тартып алып, бекініс салып жатырсыңдар. Мал бағып, күн көретін бізге де жер керек»,— деп әлсін-әлсін хат жазып, жұртты дүрліктіре түсуде. Ақтау бекінісі салынады дегеннен бері тіпті өшігіп алды. Қан төгіспейік, Ақтау бекінісін салмаңдар дейді. Ал атамекен Көкшетауы мен Қараөткелдің арасына орнатылған бекеттерге маза беруді қойды... Бағалау критерийі:
Өзін-өзі бағалау. Ж Оқушы тапсырманы жеке орындайды. Төменде берілген пікірді негізге ала отырып, сұраққа жауап әзірлейді. Тапсырма2 Сұрақ: Ұлттық мүдденің маңыздылығы шығармада қалай берілген? Сұраққа жауап беру үшін төменде берілген үзіндіні қолданыңыз. Ұлттық мүдде мемлекет дамуының ішкі және сыртқы қатынастарының бағыт-бағдарымен, саясатымен тікелей байланысты Бұл деңгейдегі әрқилы мүдде тарихта уақытында және тиімді түрде шешімін тауып отырса, онда қоғамдық дамудың өркениеттілігі, пәрменділігі, үйлесімділігі арта түседі, сондай-ақ мемлекеттің ішкі қайшылықтарының әлеуметтік тұтастықты бұзбауына негіз болады. Бағалау критерийі:
Мұғалімнің кері байланысы. Жақсы болды Жетілдіру керек | https://kitap.kz/audio-book/koshpendiler_iii_kitap «Қаһар» романы | ||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия. «Шығу парағы» әдісі | |||||||||||||||||||||
Қосымша мағлұматтар | ||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? | ||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру