І. Есенберлин «Қаһар» романы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, презентация. 9 сабақ.
Көтеріліс кестесі
Суреттегі ақпаратқа назар аударып, көтеріліс сипаты туралы кестені толтырыңыз. Толтырған ақпаратқа қатысты кері байланыс беріңіз.
1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс.
Сабақтың тақырыбы:
І.Есенберлин “Қаһар” романыСабақтың мақсаты:
Тарихи және көркемдік құндылығы
Шығарманы ғаламдық тақырыптармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау
Талқылау сұрақтары
Берілген үзіндінің көркемдік ерекшелігіне, көркемдегіш құралдардың не үшін қолданғанына түсінік беріңіз.
Үзіндіде сол тарихи кезеңге байланысты құндылықтар мен қақтығыстар, зұлымдық пен опасыздық әрекеттер, тарихи ақпараттар қалай және қай кейіпкер арқылы көрініс тапқан?
Абылай ұрпақтарының ежелгі арманы, мақсат-мүддесі қандай? Қазақ даласында хан билігін қалпына келтіру қаншалықты маңызды еді?
Ақ патша Кенесарыны қалай бағалайды? Ақ патша үшін Кенесары кім?
Жауабыңызды ғаламдық тақырыптармен байланыстырыңыз. Салыстыру үшін Л.Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік», немесе Н.Г. Чернышевскийдің «Не істеу керек?» романын басшылыққа алуға болады.
ПОПС» формуласы
«Қаһар» романы Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық күрес Ресей империясының отаршыл саясатына қарсы бағытталған жалпы ұлттық сипатқа ие болған тарихи қозғалыс екендігін дәлелдейтін тарихи құжат іспетті» тұжырымы бойынша ойларын дәлелдеп, қорытынды жасайды. Өз қорытындыларын оқыған «Қаһар» романымен М.Әуезовтің «Хан Кене» трагедиясын салыстыра жасауға болады.
Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... »
Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »
Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »
Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім .
Топтық бағалау
Рефлексия
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру