Заман, дәуір тұлғасы. Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация. 6 сабақ.


Тағдыр

«Тағдыр» сөзіне ассоциативті карта жасаңыз.

Қалай ойлайсыздар, автор шығарманы неліктен «Тағдыр» деп атады?

Мұнда қандай идея жатыр?

Заман, дәуір тұлғасы

Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романы

1-2 топ тапсырмасы. Сұрақтарға дәлелді жауап әзірлеңіз.

Бағалау дескрипторы:

- идеясын көрсететін шығармада көтерілген мәселелерді бүгінгі күнмен салыстырады;

- авторлық идея мен өмір шындығын айқындайды;

- жалпыадамзаттық құндылықтардың шығармадағы көрінісін талдайды.

Бағалау дескрипторы:

- идеясын көрсететін шығармада көтерілген мәселелерді бүгінгі күнмен салыстырады;

- авторлық идея мен өмір шындығын айқындайды;

- жалпыадамзаттық құндылықтардың шығармадағы көрінісін талдайды.

3-4 топ тапсырмасы. Сұрақтарға дәлелді жауап әзірлеңіз.

Тапсырма. Төмендегі сұрақ бойынша шығарманың идеясын адами, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазыңыз.

Ұжданы тапталған елінің ертеңін қамдап, отырықшылыққа бейімдеп, оқуға тартып, егіншілікке үйреткен кейіпкер – Демежан образы арқылы автор қандай жалпыадамзаттық құндылықтарды бейнелейді?

Қажетті клише мен лексикалық құрылымдар:

Кіріспе үшін:

... - қазақ әдебиетінің дамуында өзіндік орны бар қаламгер.

Көпшілікке кеңінен таныс ... – ... қазақ тарихы негізінде жазылған тарихи роман.

Жазушы шығармасында ... асқан шеберлікпен көрсетеді.

... арқылы авторлық идеяны жеткізуде жалпыадамзаттық құндылықтардың алар орны ерекше.

Негізгі бөлім үшін:

... шығармасында автор өзге мәселелермен қоса, ... жайына тоқталады.

Эпизодтардан автордың көзқарасы байқалады.

Оқырманға әсер етпей қоймайды.

Оқырманды ... шақырады (үндейді).

Автордың жан айқайы сезіледі (білінеді)

... осыған мысал бола алады.

Қорытынды бөлім үшін:

Қорытындылай келе, ... деуге болады.

Жалпы алғанда, ... бәрібір ... екенін байқаймыз.

Аталған мысалдардан шығатын қорытынды: ... .

Рефлексия

«Бес саусақ»

Бас бармақ – не жасадым

Балаң үйрек – не үйрендім

Ортан терек – сәтті орындалды

Шылдыр шүмек – ашық қалған сұрақ

Кішкене бөбек – алдағы мақсатым

Алақан – ұсыныс-тілектер



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу