«Тағдыр» – ұлтжанды қаһарманды биік өреге көтерген роман. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мезімді жоспар бөлімі: Заман, дәуір тұлғасы

Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Бекайдар Г.Б.

Сынып 10 T1

Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар

Сабақ тақырыбы

«Тағдыр» – ұлтжанды қаһарманды биік  өреге көтерген роман

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

3.4.1 Әдеби сын

Сабақтың мақсаттары

Шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу

 Бағалау критерийлері

Идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстырып, әдеби сын жазады

 Тілдік дағдылар

Қазақ әдебиетінің қойнауы, ұлтжанды қаһарман, шынайы суреттеу

Осыған дейін меңгерілген білім

Шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау

Құндылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық

Пәнаралық байланыс

Ұлттық педагогика, тарих, география

АКТ-ны қолдану

Осы сабақ барысында оқушылар интербелсенді тақтаны пайдаланады

Жоспар

Жоспарлана

тын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөз-дер

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын пысықтау.

Сабақтың тақырыбы мен бағалау критерийлерін таныстыру, талдау.

https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/24347

Сабақтың ортасы

3 минут

7 минут

25 минут

Ой шақыру

Пікірге өз көзқарасыңызды білдіріңіз.

– «Тағдыр» – ұлтжанды қаһарманды биік  өреге көтерген роман. Ол – қазақ әдебиетінің өз қойнауынан шыққан туынды. Басқа тілдерге аударылғанда ғана бағы ашылатын кейбір шығармалардай, батыс я Латын Америкасы роман үлгісі бойынша пішілмеген. «Тағдырды» оқып отырғанда қазақтың кең даласына сүңгіп кеткендей рахат кешесің.

Әдебиеттанушы ғалым Шериаздан Елеукенов

Мағынаны тану

Оқушыларға «Тағдыр» романынан және «Оғыз-нама» туралы үзінділер таратылады.

1-мәтін

Қ. Жұмаділовтің «Тағдыр» романынан үзінді

Керілген кер бетеге, қайран Боздақ,

Жатушы ең қойың қоздап, түйең боздап.

Бұл күнде қара қарғаң маза бермей,

Қайғыны көңілімдегі кетті-ау қозғап.

Көрінген сонадайдан, беу қарағаш,

Көзіме сені ойласам келеді жас.

Күзелген шолақ байтал құйрығындай,

Қалыпсың, жапан түзде жап-жалаңаш.

Дегенде, беу қарағаш, сәнің қайда,

Тербеткен төңіректі әнің қайда?

Алыстан көзді арбаған ақ үйлер мен

Төрт түлік өріп жүрген малың қайда?

Көшкенде жүк артатын түйең қайда?

Саяңда байлап қойған биең қайда?

Жайылып төрт тарапқа данқы кеткен,

Кешегі ер Демежан иең қайда?! -

Әсет осы үрдіспен іркілмей ұзақ сілтеді. Қасындағы жолдастары да қыбыр етпей, ұйып тыңдап қалған. Ақын жанды Күдерінің көңілі бос еді, көзіне іркілген жасты көрсетпей, теріс айнала берді. Әсет сөз нөсерін төгіп, желдіртіп барып басылғанда, шын сүйінген алғашқы сөзді де сол айтып еді.

– Қайран, Әсет аға-ай! Жеріне жеткізіп жақсы айттыңыз-ау. Кезінде Демежанды ән жырымен, сән-салтанат бабымен дұрыстап жоқтай да алмаған едік. Шын жоқтаушысына, өнерпазына жолықпай жүр екен-ау. Мына жоқтау бәйітіңіз оқыған құраннан кем болды ма? Осы дұғамыз жетсе, марқұм орнынан бір аунап түскен шығар-ау! – деген күңірене тіл қатып.

– Иә, Демежан өзіңізді өмір бойы қадірлеп өтіп еді. Достық қарызынан бір құтылдыңыз.

– Мынау бір жаттап айтып жүретін, жұртқа жаятын сөз болды-ау! – десіп Бабалық, Бөлекбайлар да қостап кетіп еді.

Бұл шақта Әсеттің өзі де жаңағы шабытты қызу қалпынан әлі арыла алмай отырған. Өңі қара қоңыр тартып, термен жылтырап, нұрлана түсті де:

– Демежанның қай қылығын, қай жақсылығын айтып тауысарсың. Оның өмірі он ауыз өлең емес, ұзақ дастан-жыр жазуға татиды, – деп аз бөгеліп барып, Күдеріге қарап бір ағалық кеңес айтты: – Күдері, сен де өлеңнен жүген ұстап жүрген жан емессің ғой. Осы жөнінде бір толғанып көрсең болмай ма. Жылдар өтер, топырақ тозып, тас та мүжілер. Қарағаш та қурап жайына қалар... Дүниеде тозбайтын, көнермейтін бір-ақ нәрсе бар. Ол – арттағы ұрпаққа қалатын асыл сөз, өлең-жыр. Шамаларың келсе, Демежандай дегдарға өлеңмен ескерткіш соғыңдар!

2-мәтін

«Оғыз-нама»

«Оғыз-нама» – Х ғасырдағы және одан бұрынғы оғыздар мен оның ханы Оғыз қағанның әскери жорықтары, ерлік істері жайында қара сөзбен жазылған көркем шығарма.

«Оғыз-нама» қырықтан астам хикаядан тұрады. Әрбір хикаяда Оғыз қаған туралы белгілі бір оқиғалар баяндалады.

«Оғыз-нама» – көркем туынды болумен қатар, қазіргі түркі тілдес халықтардың ежелгі тарихынан едәуір мағлұмат беретін шығарма. Онда аңыз күйінде болғанмен, Оғыз батыр мен оның ұрпақтары жасаған әскери жорықтар, оғыз тайпаларының қоныс іздеп көшіп-қонуы, оғыз елінің ішкі қоғамдық-әлеуметтік өмірі, олардың көрші тайпалармен қарым-қатынасы, жер-су аттары туралы тарихи шындыққа жақын деректер бар. Бұл жағынан «Оғыз-нама» сияқты туындыларды қазіргі тарихи тақырыпқа жазылып жүрген шығармалардың бастапқы үлгілері деп қарауға да болады. Сөйтіп, ежелгі дәуір әдебиетінде қазіргі мәдениетіміздің, әдебиетіміздің ертеден келе жатқан үзілмеген желі екенін дәйектей түседі.

ЖЖ. 1-тапсырма. Берілген үзінділер мазмұны мен идеясы бойынша өзіндік ерекшеліктері мен айырмашылықтарын анықтау.

«Тағдыр» романы

Ұқсастығы

«Оғыз-нама»

Дескриптор:

Білім алушы

  • үзінділердің мазмұны мен идеясының ерекшеліктерін табады;
  • үзінділердің мазмұны мен идеясының ұқсастықтарын анықтайды.

Бағалау: өзара бағалау

Ж.2-тапсырма. Оқушыларға 2 тақырып ұсынылады. Оқушы өз қалауы бойынша біреуін таңдап, 150-200 сөз көлемінде әдеби сын жазу керек.

1.«Тағдыр» – ұлтжанды қаһарманды биік  өреге көтерген роман.

2. «Тағдыр» – қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін шынайы суреттеген тарихи шығарма.

Дескриптор:

Білім алушы

  • әлеуметтік мәселені талдайды;

сыни пікір білдіреді;

  • пікірге дәлел келтереді;
  • пікірді мысалмен дәлелдейді;
  • қорытып, қайта ұсынады;
  • сөз санын сақтайды.

«Қазақ әдебиеті» Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық

Алматы «Мектеп»

https://adebiportal.kz/kz/news/view/19337

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

Мен білдім_________________________________

Мен білгім келеді_____________________________

Менің көңіл күйім____________________________

Менің ұсынысым_____________________________

Үйге тапсырма: Романды толық оқу.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Оқушыларға көбірек қолдау көрсету мақтау сөздерін айтамын, қабілеттері одан әрі шыңдау үшін көшбасшылық қасиеттерін дамытамын, күрделі тапсырма беремін.

Оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін кері байланыс арқылы анықтаймын.

Ұлттық педагогика, тарих, география пәндерімен байланысы бар.

Қауіпсіздік ережелері сақталады (сергіту жаттығулары, ойындар).

Еңбек және шығармашылық құндылықтары қалыптасады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу