Ж.Бөдеш «Жалғыз» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал. 1 сабақ.


Берілген үзіндімен танысады; кестені толтырады.

Мәселелер

Автор бейнесі

Мәселенің қазіргі замандағы өзектілігі, дәлелде

Қорытынды ой

Саралау: тереңдету қағидасы

1-топ.

Жалғыздыққа сүйенген,

Мен де жалғыз арқармын.

Жалғыз өлең дарыса, жүректегі тарқар мұң.

Жырдың уы бойыма жайылғанда өлермін,

Өзі айтады үкімін келер ұрпақ, келер күн.

Дескрипторлар:

Мәселені анықтайды;

Автор бейнесін аша алады;

Мәселенің қазіргі замандағы өзектілігін айтады;

Ой қорыта алады.

2-топ.

Қайран, біздің Сары-Арқа сағымнан алтын сапырған.

Қайран, біздің Жетісу топырағы құт шақырған.

Қайран, біздің Қарақұм дауылы тау көшірген.

Қайран, біздің Атырау мұнайын қыздай ұзатып,

Ел мерейін өсірген.

Солай да, солай десек те, жер-судың бәрі есепте ...

Өлуге маған болмайды,

Тағдырым шіркін, сондай-ды.

Жер қалмады бұл маңда сүйегімді көмерге.

Жердің бәрі сатылған.

Сатылған жер қат-қабат тікенек сыммен қоршаулы.

Құстар да аспан самғаған, балық та суды шарлаған

– Сатылып кеткен бәрі де.

Қалмағасын сүйем жер, сүйегімді көмерге

– Аяқ пен қолым ұйқасып, жүрегім күмбір күй тасып

- Қыл қобыздай мөңіреп жарғақ екі құлағым

– Санам құстай сілкініп - айналып кеттім өлеңге, айналып кеттім өнерге.

Дескрипторлар:

Мәселені анықтайды;

Автор бейнесін аша алады;

Мәселенің қазіргі замандағы өзектілігін айтады;

Ой қорыта алады.

3-топ

Жалғыздықтан қорықпаймын,

Топқа, жікке бөлінген, құм төбедей өрілген тобырлардан қорқамын.

Аш бөрідей бүкеңдеп, жортсам, жалғыз жортамын.

Тырналар үшар тізіліп, бұлдырық ұшар топтанып.

Ал, құстардың тектісі — қырандар жалғыз самғайды.

Жер мен Көкті шарлайды.

Тексіз шиебөрілер оннан-бестен ұйлығып жүргенімен қампайып,

Бірін-бірі аңдиды, бір-бірінен қорқады.

Дескрипторлар:

Мәселені анықтайды;

Автор бейнесін аша алады;

Мәселенің қазіргі замандағы өзектілігін айтады;

Ой қорыта алады.

4-топ

Кең аулама ектім мен өз қолыммен түп емен,

Түп еменнің түбіне Ай туғанда түнегем.

Сол емендей қасқайып тағдырыма қасарып.

Сол емендей найқалып, сол емендей түнерем.

Кең аулама ектім мен, алма ағашын аласа,

Суармаған кешім жоқ.

Ұрпақтарым алмасын үзіп-үзіп жесін деп.

Кең ауламның ішінен шыңырау құдық қаздым мен,

Суы көздің жасындай, іше бергім келеді, сусыным бір басылмай.

Кең аулама сыйғасын, құс баулып, ат ұстадым.

Дескрипторлар:

Мәселені анықтайды;

Автор бейнесін аша алады;

Мәселенің қазіргі замандағы өзектілігін айтады;

Ой қорыта алады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу