Ж.Бөдеш «Жалғыз» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация.


.

- Оқушылар, сіздер Жәркен Бөдешұлы туралы не білесіздер?

- Ж.Бөдешұлының қандай шығармасын естідіңіздер не оқыдыңыздар?

- Сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыз?

Сабақтың тақырыбы:

Ж.Бөдеш «Жалғыз» поэмасы

Оқу мақсаттары:

10.3.3.1 – шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу;

Сабақ мақсаттары:

Шығарманың идеясын өмірдегі адамгершілік құндылықтармен салыстыра отырып, шығармашылық жұмыс жазу

Бағалау критерийлері:

- Шығарманың идеясын адамгершілік құндылықтармен салыстырады;

- Негізгі идеяны сақтап, талдай отырып, әдеби эссе жазады.

.

Қосымша дерек:

Жәркен Бөдешұлы 19441944 жылы 15 мамыр да туған. ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген.

Жетістіктері:

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және Түркі тілдер елдері поэзиясы ІІ фестивалінің лауреаты,

Қ.СәтбаевтыңСәтбаев Қаныш Имантайұлы 150 жылдық мерейтойына арналған халықаралық мүшәйраның бас жүлдегері.

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығында бөлім меңгерушісі болған.

Қазір Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының әдеби кеңесшісі.

Мерзімдік басылымдарда және мемлекеттік Кітап палатасында жауапты қызметтер атқарған.

Шығармалары:

Көкше қүрақ. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жалын», 19791979;

Қос қанат. Өлеңдер. А., «Жазушы», 19821982;

Зейін. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жалын», 19841984;

Аспан даусы. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 19851985;

Нұрлы бояулар. Өлеңдер мен поэма-портреттер. А., «Жалын», 19881988;

Жұлдызға орнын ай бермес. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Сөзстан», 19961996;

Емендер түнде бүрлейді. А., «Ана тілі», 20012001;

Бәрінің асығы. А., «Жазушы», 20052005;

Бұрылыс. А., «Сөздік-словарь», 20072007.

Әр алуан басылымдарда ақынның «Аңырақай бекетіндегі ой», «Қарауыл төбе», «Генерал Жаһар Дудаев», «От пен су» («Сорос— Қазақстан» қорының жүлдесі берілген), «Тас бесік», «Бостандықтың басы», «Шер», «Жалғыз» атты дастандары жариялайды

1-тапсырма

Поэманың алдындағы эпиграфпен осы өмірдегі арқарлардың жай-күйін талдап жұмыс жасайды

Сынып төрт топқа бөлінеді де, әр бөлім бойынша поэманы оқып шығады. Идеясын адамгершілік тұрғысынан талдайды.

1-топқа І,ІІ бөлім;

2-топқа ІІІ бөлім;

3-топқа ІV бөлім;

4-топқа V бөлім.

Дескрипторлар:

- Поэманың негізгі идеясын түсінеді;

- Эпиграф арқылы болжам жасайды;

- Адамгершілік тұрғысынан талдайды.

.

2-тапсырма.

- Шығарманың идеясын өмірмен байланыстыра алады;

- Адамгершілік құндылықтармен салыстыру жасайды;

- Шығармадан аргумент келтіріп, талдай алады;

- Креативті ойлау арқылы әдеби эссе жазады.

 

Дескрипторлар:

Шығарманың идеясын өмірдегі адамгершілік құндылықтармен салыстыра отырып, әдеби эссе жазу.

Кері байланыс

Қиын болды-?

Қызық болды -?

Ұсыныс-?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу