Қазақ киносы мен театрының қазіргі келбеті. Дулат Исабеков «Әпке» драмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 2


САБАҚ:

Мектеп: Семей қаласы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қазақ киносы мен театрының қазіргі келбеті.

Дулат Исабеков «Әпке» драмасы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.1.5.1 мәтіннен автордың көзқарасын (негізгі ойын) негіздейтін аргументтерді талдай отырып, астарлы ойды анықтау

 Сабақтың мақсаттары

Шығармадан келтірілген нақты мысалдар арқылы автор көзқарасын түсіну, астарлы ойды анықтау, сол арқылы автор шеберлігін тану.

 Жетістік критерийлері

Үзінділердің астарлы ойын анықтау арқылы шығарманың негізгі идеясын түсінеді.

Кейіпкерлер жан-дүниесі, олдардың сөзі, сезімі арқылы автор көзқарасын түсінуге тырысады.

Мәтіннен келтірілген нақты мысалдар арқылы, жазба жұмыстары арқылы өз ойларын негіздеп, дәлелді жеткізуге тырысады.

Тілдік мақсаттар

Драма- (гр. Dramo –әрекет)- әдебиеттің эпос, лирика сынды үш тегінің бірі.

Осыған дейін меңгерілген білім

драмалық шығарманы тыңдау, шығармада көтерілген жалпыадамзаттық мәселені айқындау

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

4 минут

Қызығушылықты ояту.

Сабаққа назар аударту үшін мынадай сұрақтарға жауап берулері сұралады:

1.Қамажай өзінің інілері мен сіңлісінің болашағы үшін басын бейнетке тігіп, бар қиындыққа төзеді. Мұның сыры неде?

2.Анасының аманатын орындады ма?

3.Адамның бақыты дегеніміз не ?

4.Пьесадағы қай кейіпкер ерекше ұнады ? Себебі?

5. «Бақыт деген-жеңіс немесе жеңіске апарар күрес» кімнің сөзі?

6.Драмалық шығарма дегеніміз не ?

Сабақтың ортасы

7 минут +

7 минут +

7 минут

10 минут

5 минут

«Болжам кестесі» әдісі

1-қадам. Мұғалім әңгімені бөліп оқиды. Оқушылар мұқият тыңдап отырады.

2-қадам.Үзінді оқылып болған соң, мұғалім оқушылардан әрі қарай не болатынын сұрайды және жорамалын кестенің 1-бағанына жаздырады:

Мәтіннен 1-үзінді

Не болады?

Өз жауабыңызды 1-үзіндіге сүйеніп дәлелдеңіз

Шын мәнінде не болды?

Темірбек: Мамуля, біздің үйде той жоқ дейсің, неге той жоқ? Той бар. Бүгән екі жылдан бері бір зауытта істеп келе жатұан менің ең жақын досым Сұлтанның туған күні...

Қамажай: Темірбек-ау, мынауың... Күнібұрын неге айтпадың? Ұят боп қалды-ау,ә? Ылғи да асығыс. Тым болмаса, телефонмен бірауыз айта салсаң етті.

Ал, туған күнің құтты болсын, інішек. Қуаныштымыз, Темірбекжанның досы болсаң, менің де туған інімсің...

Оқушының болжам жауабы (Темірбек әпкесінің рұқсатын да сұрамастан үйге өзінің масаң достарын ертіп алып келді. Олардың бейбастықтарына әпкесі ішінен тынып, көрсе де көрмегендей күй танытты. Ол аналарынан айрылған байырларына қатты сөз айтса, жандарын ауыртып алам ба деп қатты қорқатын, бірақ олар оның көңіліне қарамады).

Мұғалім мен оқушылар бірлесе отырып, ортақ шешімге келеді

(Шындығында, Қамажай іштей қатты қапалы еді. Өзінің інісінің, сіңлісінің қылықтарына жаны ауырды. Өзін ешкімге керексіз сезінді, бірақ жауапкершіліктің ауыр жүгін өз мойнына салған қайсар жан тек іштен тына берді)

Мәтіннен 2-үзінді

Не болады?

Өз жауабыңызды 2-үзіндіге сүйеніп дәлелдеңіз

Шын мәнінде не болды?

Қабен:Бірнеше күн бойы жолыңды тосқанымда маған арнағаның бір-аұ сағат болғаны ма? Біраз жүре тқрсақ қайтеді?

Қамажай:Жоқ, мен болмасам, кішкентайымыз ұйықтамайды.

Қабен: Ал,,,менің әлгі сөзіме сол күйі жауап бермедің ғой.

Қамажай:Қабен .. ол... ол қиын сияқты. Бір сағатқа қиып тастап кете алмай тұрған інілерімді өмір бақи қалай қиямын. Мен... мен олардың әпкесі емеспін, анам көз жұмған сәттен бастап мен оларға ана болғанмын. Саған үйлену керек... Ал маған інілерім мен сіңлімді тәрбиелеу керек.

Қабен-өте шыдамды адам, ол Қамажайды шын жақсы көрді, онымен бірге бауырларының тәрбиесін з қолына алғысы келді, бірақ Қамажай бауырларының оны түсінбейтінін білді. Сол себепті Қабенге өзін күтпей, үйленіп, өз бақытыңды тап деді, өзінің бауырларын тастап ешқайда кетпейтінін білді.

Қамажай Қабенмен бірге болғысы келеді, ол да барлық әйелдер сияқты отбасын құрып, бала тәрбиелеп, шын мәнінде, ана болғысы келеді, бірақ бауырларының алдындағы жауапкершілік пен оларға деген махаббаты өз бақытынан бас тартуға мәжбүр етті. Ол- өзгенің бақыты ұшін өз бақытын құрбан еткен аяулы да қайсар, мейірімді де адал жан.

Мәтіннен 3-үзінді

Көрші әйел: Түу, Қамажай-ай, қызықсың-ау. Сенің орныңда, басұаны қайдам, мен тқзе аламын ба, жоқ па, білмеймін. Білсем де, қолымнан келмес-ау деп қорқамын.

Қамажай: Менікі қай бір жүректіліктен дейсің, осыларға деген мейірімнің шарпуы шығар.

(Телеграммалар оқылады).

Ермек: Әпке, олар клемей ме? Олар бізді енді сағынбайды.

Қамажай: Неге? Олар келеді. Жұмыстан қолдары босаған бойы келеді. ...Қайтеміз, тойды өзімізі өткіземіз де. Бүгін көңілденетін күн еді. Амал бар ма? Нәзила да кешігіп жатыр, қазір барам деп телефон соғып еді. Мейлі, бастай берейік.

Әйел: Ойбай-ау, саған ен болған. Қазір бәрі жиналады. Менің шалым да киініп жатыр.

Омар да, Тимур да аналарының мерейтойына келе алмады, бір жағынан, жұмыстары да болған шығар, бірақ осындай күні амалын тауып, аналарының аруағы үшін, аналарындай болған әпкелері үшін үйлеріне келу керек еді. Әпкелері үшін ол өте маңызды екенін түсінулері керек еді.

Қамажай Ермектің көңіл-күйін түсірмеу үшін өз ренішін жасырса да, көрші әйел оны жақсы түсінді. Бар өмірін, жастық шағын солардың жолына қиғанда, бауырларының осындай күні жанында болмағанына жүрегі езілді, қиналды. Ол осының бәріне өзін кінәлідей сезінді.

Автор осы эпизод арқылы отбасы құндықтарының біртіндеп төмендеп бара жатқанын, жастардың үлкендер алдындағы міндетіне селқос қарайтынын астарлап жеткізгісі келеді.

Меніңше, автор Қамажайдың қазақ әйеліне ғана тән шыдамды, қайсар, жақыны үшін өз бақытын құрбан еткен аяулы жан екенін ұқтырғысы келеді. Автор өз мақсатына жетті деп ойлаймын.

3-қадам. Оқушылар өз болжамдарын 3 үзіндінің мазмұнына сүйене отырып, кестенің 2-бағанын толтырады. 3-бағанын бүкіл сынып пен мұғалімдер ақылдаса отырып толтыруға болады. Ең бастысы, оқушылар кейіпкердің жан-дүниесін түсініп, драманың астарлы ойын ашу керек.

Дескриптор:

  • Оқушы өз ойын шығарма мазмұнына сай өрбітеді.
  • Ойын дәлелді, жүйелі жеткізуге тырысады.
  • Астарлы ойды түсініп, өз пікірлерін айтады.
  • Автор көзқарасын түсінгендерін білдіреді.

Кесте толтырылып, шығарманың тақырыбы мен идеясын топ болып анықтағаннан кейін шығармадан алған әсерлерін 10 минуттық эссе арқылы тұжырымдап, бекіту сұралады.

«Менің  сырым...»  (10 минуттық эссе) «Аман болшы, Әпкетай!»

Дескриптор:

  •   Эссе формасын оқушылар өздері таңдайды (хат, ақыл-кеңес, монолог, арнау т.б.).
  • Жұмыстарында өздеріне ерекше әсер еткен жағдайға талдау жасап, өз көңіл-күйін, қорытқан ойын ықшам, дәлелді, әсерлі жеткізуге тырысады.
  • Автор көтерген тақырыптың өзектілігін, тәрбиелік мәнін ұғынады.

Өзара бағалау.

Қалаған оқушылар өз жұмыстарын оқуға болады.

Сабақты бекіту. Оқушыларға мынадай кесте таратылады, оқушылар ойларын қорытады.

Маған ұнағаны:

Мені қинағаны:

Мені жұбататыны:

Мені толғандырғаны:

Маған ерекше әсер еткені:

Сабақтың соңы

10 минут

Кері байланыс.

3+2+1

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Тапсырманы орындаған балаларды қолдап отырамын, қабілетті оқушыларға шығармашылық тапсырма беріледі.

Жетістік критерийі арқылы және өзара бағалулары бойынша

Тарих

Техникалық құралдарды пайдаланбаймын.

Презентация

Ынтымақтастық, құрмет

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу