Ж.Бөдеш «Жалғыз» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал.
ЖЖ
2-тапсырма. Берілген өлең жолдарындағы «жалғыз» сөзінің мағынасы неде екенін анықтап, өзіндік көзқарастарыңызды ортаға салыңыздар.
...Жалғыздықтың азабын Шәкәрімдей тартқан кім?
Жалғыз құдық түбінде жалғыз қурап жатқан кім?
Жалғыз таудың қуысын жалғыз қажы паналап,
Жалғыз балға. Төрт таға. Жалғыз атын тағалап.
Тобылғы сап, жез бунақ, жалғыз қамшы сабалап...
Жалғыз қыстау. Жалғыз меңіреу тас үйде:
Жалғыз шырақ. Жалғыз төсек. Жалғыз жастық.
Жалғыз қыран. Жалғыз құман. Жалғыз шаршы жайнамаз.
ЖЖ
3-тапсырма. Поэмадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтап, даралаңыздар.
Екіжақты күнделік | |
Поэмадағы жалғыздықтың дәмін татқан кейіпкерлер | Себебі |
| |
Бағалау. «Табыс баспалдағы»
Дескриптор:
- сұрақтарға жауап ұсынады;
- «жалғыз» сөзінің мағынасына анықтама береді;
- поэмадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтайды;
- кейіпкерлер әрекетін даралайды;
- жалғыздықтың дәмін татқан кейіпкерлер себебін түсіндіреді.
Ойтолғаныс кезеңі. Жеке жұмыс
Оқушылар сабақты бекіту мақсатында берілген кестені толтырады.
Тақырыптың өзектілігіне ұқсас шығармаларды атаңыз. | |
Автор өмір сүрген заман көрінісіне сипаттама беріңіз. | |
Ортақ мәселені қазіргі заман көрінісімен қалай байланыстырар едіңіз? | |
Әңгімедегі көркемдік шешімге қандай баға берер едіңіз? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?