Ш.Айтматов «Боранды бекет» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация. 3 сабақ.
Топтар ДЖИКСО әдісі арқылы Раймалы мен Бегімай аңызымен танысады. Әр топ өзіне бөлінген үзіндіні өзге топтарға түсіндіру арқылы сынып толық мәтін мазмұнымен танысып шығады.
Оқушылар алты адамнан құралған топта жұмыс істейді. Әр оқушы тапсырманы жеке жазып, топта ой бөліседі.
Шығармадан тыс қалған көрініс. Оқушыларға осы шығармада тағы қандай оқиға болуы мүмкін деген сұрақты қоя отырып, жаздырту.
Жалғастырып жазу. Бегімай тағдыры әрі қарай қалай болуы мүмкін?
Фокусты ауыстыру. Шығармадағы қосалқы кейіпкер Ақсақалдар алқасы туралы жазу. Бұл кейіпкердің шығармадағы орны қандай? Ол бұл шығармада болмағанда оқиға желісі қалай болар еді?
Моральдық қайта бағдарлау. Жағымды кейіпкерді жағымсыз кейіпкер ретінде таныту немесе керісінше. (Әбділхан)
Жанрлық трансформация. Шығарманың бір сюжетін газеттік мақала, пьеса түрінде ұсыну; комедиялық сюжетті трагедиялық сюжетке айналдыру немесе керісінше.
Кроссовер. Шығарма кейіпкерлерінің диалогын жазу.
Бағалау
Әр топ дескрипторлар негізінде бірін –бірі бағалайды.
Дескриптор:
Мәтіннің композициялық құрылымын біледі;
Кейіпкерлер әрекетіне баға береді;
Жанрлық және стильдік ерешелігіне сай шығармашылық жазба жұмысын жазады.
Кері байланыс «З Ұ»
Ұнады
Ұнамады
Ұсыныс
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?