Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация.


Сабақ жоспарлауда , тапсырмаларды ұйымдастыруда бағыт-бағдар береді, ой салады.

Әдеби сын көркем шығармаға эстетикалық баға беріп, бейнеленген өмір шындығының көркемдік шындыққа қалайша айналғандығын саралайды, оның мән-маңызын түсіндіреді, әдеби өмірдің бүгінгі ерекшелігін айқындап, бағыт сілтейді. Әдеби сынының әдебиет тарихынан бір айырмашылығы ол – бүгінгі шығармаларды талдап, оларға қазіргі кезең талаптары тұрғысынан баға береді. Әдеби шығарманы оқыған адам ол жөнінде өз пікірін, көзқарасын білдіре отыра алмайды. Әдеби сын – оқушыға тура жол көрсететін ақылшы. Сын көне заманда туғанымен, ол көп уақыт авторлардың көркем шығарманы ұнатуы немесе ұнатпауы дәрежесінен аса алмаған. Әдебиеттің жанрлары жіктеліп, өркен жая бастаған сайын Әдеби сынының мақсаты мен міндеті де күшейе түскен. Сыншылдық ой-пікірдің туу, өркендеу тарихы әр кезеңде, әр әдебиетте әр қилы болды. Пушкинге дейінгі орыс Әдеби сыны шығарманың ұнаған, ұнамағын айтудан ара-тұра әсемдік сипатын немесе кемшілік кінәратын көрсетуден әріге бармады. Құлы сыншы Белинский тұсында көркем шығарманың тұтас бітім-болмысына, ой мен образдың бірлігіне, жазушыдың өмір шындығына, заманға көзқарасына назар аударылды. Добролюбов «шыншыл сынды» уағыздағанда, сынның принциптік сиапты айқындала түсті.

Әдеби сынның басты мақсаты - әдеби өмірде болып жатқан жаңалықтарды дер кезінде бағалап, оқырмандарға түсіндіріп отыру, субъектісі – сыншы; объектісі –шығарма жазумен әдеби өмір; әдіснамасы мен әдістері – диалектикалық материализм, қоғамдық ғылымдар, оның ішінде әдебиеттанудың зерттеу әдістері; сынның мазмұны - әдеби процестің өзекті, зәру мәселелері; құралдары - әдебиттану ғылымының категориялары, терминдері; өмір сүру арнасы - баспасөз; жанрлары – хабар, аннотация, рецензия, шолу, шығармашылық портрет. Мақала, фельетон, эпиграмма, пародия, эссе: бағыты – оқырман қауым, қаламгер; принциптері-халықтығы, идеялылығы, шыншылдығы, тарихшылдығы, ғылымилығы, жауынгерлігі, өмірмен байланыстылығы; атқаратын қызметі – үгітшілік, насихатшылық, танымдық, бағалаушылық, талдаушылық, тәрбиелік, ұйымдастырушылық»

Ақын-жазушылардың көзқарасы мен қолтаңбасын байыпты бағалау арқылы ізденіс арналарына, тақырыптық-көркемдік мұраттарына ден қою. Шағын жанрдан-көлемді туынды аралығындағы өсу- есею жолдарын бағдарлап, маңызды тұстарына -өмір оқиғасын суреттеу сырларына, адам әлемін ашу қырларына, тіл-стиль сипаттарына назар аудару. Нәтижесінде, ұлттық сөз өнерінің қалыптасу һәм даму кезеңдерін, өсу-есею бел-белестерін тамыршыдай тап басып, осының негізінде адам өмірі мен еңбегін, мәдени-рухани һәм дәстүр өнегелерін, тұрмыс-тіршілігін арқау еткен тақырыптық ерекшеліктерді, жанрлар жүйесін, көркемдік-эстетикалық құндылықтарды, танымдық-тағылымдық тұстарды, тілдік мұрат пен стильдік өзгешеліктерді уақыт тынысына сай танып-талдап, жіті зерделеу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу