Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал.
«Зерделе» әдісі
Жұпта «Ақбілек» романы бойынша үзінділермен жұмыс жасап, сұрақтарды талқылаңыз.
1-жұп.
Ақбілек ақтардың қолында. Ақбілекке таласып, қатардағы солдат пен қарамұрт офицер дуэлге шығып, жас жігіт мерт болады. Ақбілектің денесі түршігіп кетті. Романда бірінші өлімнің денесі суымай жатып, екінші өлімге кездестік. Қарамұрт офицер 14 жастағы Ақбілектің өміріне дақ түсірді. Ақбілектің өміріне кінәлі заман ба әлде адам ба?
2-жұп.
Ақбілек тауда жалғыз. Қою қараңғылық, түн, су арқырап ағып жатыр, жел гуілдеп тұр. Бір кезде ұлыған қасқырлар даусы естіледі. Олар бірте – бірте жақындап, Ақбілекті қоршап алды. Жазушының оқиғаның қасқырмен байланыстыруының себебі неде?
3-жұп.
Ақбілекті озбырлардың, қатыгездердің тобы қоршап алды. Сол топпен Ақбілек жалғыз күресуде. Ақбілекті олар талап жеп қоюы мүмкін. Ақбілек кенет аяқ астынан жылт еткен шоқты көрді. Жазушы жылт еткен шоқты ненің символы ретінде ретінде қолданған? Ол Ақбілектің өмірін өзгертуге қалай әсер етті?
4-жұп.
Ақбілекті ағасы ауылға алып бара жатыр. Ақбілек мұңайып келеді. Ақбілектің басындағы бұлт енді қоюлана түсті.
Бұрынғы кіршіксіз аппақ кеудесіне қара құзғын ұя салып кеткен тәрізді. Осы арам денеммен, арам аузыммен әкемнің иманды жүзіне қалай жақындаймын? Ол неге өлім тілеп, өлім шақырып келе жатыр? Қуану керек емес пе? Жазушы қазақ қыздарының ар – ұжданы туралы не айтқысы келді? Өмірмен байланыстыра жауап беріңіз.
«Салыстыру» әдісі
С.Көбеевтің «Қалың мал» романынан берілген үзінділерді оқып, Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романымен салыстыра талдау жасаңыз.
- Суреттерге қарап, екі шығармадағы оқиғаның дамуына жетелеген қайшылықтарды табады.
- Екі шығарманы салыстыра отырып, талдайды.
Шығарма Тапсырма | «Ақбілек» | «Қалың мал» |
Тақырыбы, автор идеясы | ||
Шығарманың мақсаты | ||
Кейіпкерлер мінездемесі | ||
Бойжеткендер тағдыры | ||
Оқиғалар шиеленісі | ||
Оқиғаның аяқталуы |
- Ж.Аймауытов пен С.Көбеев шығармаларындағы кейіпкерлердің қабылдаған шешімі мен жазушының көзқарастарын салыстырып, әдеби сын жазыңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?