Өлең - сөздің патшасы / Абай шығармашылығы. «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.
САБАҚ: 7 | Мектеп: Атырау қаласы ХББ НЗМ | ||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Cамбетова Нургуль Раймбердиевна | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 10Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||||||||||||||||
Бөлім тақырыбы | Өлең - сөздің патшасы / Абай шығармашылығы. «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым». | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың түрі | Жаңа сабақ | ||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 10.3.2.1 - көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына сыни тұрғыдан баға беру | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушыларӨлеңдегі көтерілген мәселелерді анықтайды;Өлеңдерде көтерілген негізгі мәселелерді талдайды. Көптеген оқушыларӨлеңде көтерілген мәселелердің жаңашылдығына сыни тұрғыдан баға береді Кейбір оқушылар Өлеңде көтерілген мәселелердің жаңашылдығын сипаттайды;өлеңде көтерілген мәселелерге сыни тұрғыдан баға береді | ||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Өлеңде көтерілген мәселелердің жаңашылдығын сипаттайды;өлеңде көтерілген мәселелерге сыни тұрғыдан баға береді | ||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: Әдеби шығарма, өлең мазмұны Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Алауыз – береке, бірлігі жоқ, ынтымақсыз.Күндейді — қызғанады.Мертігеді – бір жері шығады.Міндейді – мін тағады, жамандайды. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | тарих | ||||||||||||||||||||||||||||||
Мектеп құндылықтары | Өзіңе және қоршаған ортаға деген сыйластық; оқушылардың өз бетімен білім алуына қажетті дағдыларды қалыптастыру, Отансүйгіштікке тәрбиелеу | ||||||||||||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | 10.3.1.1 - шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау | ||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың Басы 2 минут 3 минут | ҰйымдастыруОқушыларға өтілетін екі өлең бойынша («Сабырсыз, арсыз, еріншек» және «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым») өлең жолдарынан сөздер таратылады. Тақтада екі өлең мәтіні шығып тұрады. Әр оқушы өлеңде көрсетілген сөздер бойынша өз тобына барады. Екі топ жинақталады. Ұсынылатын сөздер: көрсеқызар, арсыздық, сорлы қазақ, ұрлық, құдай ату, сартша, қиқым, өңкей, күндестік, береке.Аталған сөздердің анықтамасын айтып көреді, түсіндірме сөздік пайдалануға болады. Бүгінгі таңда осы сөздер қоғамда ұшыраса ма? Сұраққа жауап алынып, сабақ тақырыбы мен мақсаты болжалады. | Түсіндірме сөздік | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 20 минут 15 минут | 1-тапсырма1-топқа «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі ұсынылады. 2-топқа «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңі ұсынылады. 1-оқушы өлеңді оқып, өлеңде көтерілген мәселелерді тізбектеу керек. 2-оқушы 1-оқушы тауып берген мәселелерге сыни тұрғыдан баға беру керек, 3-оқушы көтерілген мәселелердің қазіргі таңдағы көкейкестілігін анықтап, мысал келтіруі керек. Ол үшін иллюстрация қолданады. 2-тапсырма Екі өлең талданып болған соң, қорытынды шығару үшін екі өлеңді талдап болған соң, төмендегі кестені жеке орындайды.
| http://bilimdiler.kz/bastaush/14468-abay-kunanbaev-sabyrsyz-arsyz-erinshek.html | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Қ (қажет) -Қ (қиын) -Қ (қызық) - | ||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | |||||||||||||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Сабырсыз, арсыз, еріншек
Абай Құнанбаев
Сабырсыз, арсыз, еріншек,Көрсеқызар жалмауыз,Сорлы қазақ сол үшінАлты бақан, алауыз.Өзін - өзі күндейді,Жақынын жалған міндейді,Ол – арсыздық белгісі.Ұятсынбай, ойланбай,Қой дегенге тіл алмай,Іс қылмай ма ол кісі?Бір - ақ секіріп шығам деп,Бір - ақ қарғып түсем деп,Мертігеді, жатады.Ұрлықпен мал табам деп,Егессе ауыл шабам деп,Сүйтіп құдай атады.
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Абай Құнанбаев
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.Жақсы менен жаманды айырмадың,Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.Бет бергенде шырайың сондай жақсы, Кұдайдан ғана бұзылды сартша сыртың? Ұқпайсың өз сөзіңнен баска сөзді,Аузымен орақ орған өңкей қыртың. Өзімдікі дей алмай өз малынды,Күндіз күлкің бұзылды, түнде — ұйқың. Көрсеқызар келеді байлауы жоқ,Бір күн тыртың етеді, бір күн — бұртың. Бас-басына би болған өңкей қиқым, Мінеки бұзған жоқ па елдің сиқын? Өздерінді түзелер дей алмаймын,Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың.Ағайын жоқ нәрседен етер бұртың,Оның да алған жоқ па құдай құлқын? Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ, Сапырылды байлығың, баққан жылқың. Баста ми, қолда малға талас қылған,Күш сынасқан күндестік бұзды-ау шырқын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?