Абай Құнанбаев отыз екінші қарасөз. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 4-сабақ.


САБАҚ: қазақ әдебиеті

Мектеп: НЗМ

Мерзімі:

Оқытушы аты-жөні:

СЫНЫП: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар: 0

Сабақтың оқу мақсаты

10.2.2.1 - шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындау;

 Сабақтың мақсаты

Абайдың 32 қарасөзіндегі авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындау

 Бағалау критерийлері

  • авторлық идеяны анықтайды;
  • авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын

айқындайды

 Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану

 Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексикология мен терминология:

Хұзир хасил, бахас көңіл, хисрлану, хақ, хұсідшілік, ижтиһат, зинһар

Диалог пен айтылымға арналған тіркестер:

Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... »

• Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

• Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

• Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім

Алдыңғы білім

Бұл бөлімде оқушылар 9-сыныпта меңгерген тілдік дағдыларын одан әрі дамытады.

Жоспар

Жоспар

ланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Дерек көздері

Сабақтың басы

5 минут

Топтарға бөліну жүргізіледі.

Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлері белгіленеді.

Тапсырма №1.

«Журналистік сауалдар» әдәсі арқылы оқушылар жақын отырған жұбымен төмендегі сауалдар жөнінде талқылау жүргізеді:

«Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген

нәрселермен озбақ. Одан басқа нәрселерден оздым ғой демектің бәрі де ақымақтық» деген автордың пікірінің маңыздылығы неде?

  • Кемеңгер Абайдың жасымда ғылым бар деп ескермедім,

пайдасын көре тұра тексермедім» деп өкінуінің себебі неде?

Тапсырма №2.

Оқушыларға Абайдың 32 қарасөзі мәтіні беріледі. Толық оқып топта талдау сұралады. Талқылау аяқталғанннан кейін шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындау мақсатында «Автобус аялдамасы» әдісі қолданылады.

Ұйымдастырылыуы:

Мұғалім жаңа тақырыпқа байланысты тапсырмалардың санын анықтайды(8) Қатысушылар тапсырмалардың санына қарай топтарға(4-5) бөлінеді. Топтар автобус аялдамасына бөлінеді. Әр аялдамада (қабырға мен үстел) үлкен форматтағы тақырыпқа қатысты тапсырмалар жазылған парақ орналасқан. Мұғалім осы парақтағы тапсырмаға жауап жазуын сұрайды. Топтар талқылап жауап жазады. Сосын топ сағат бағытымен келесі аялдамаға беттейді. Осылайша жалғаса береді. Сосын топтар бірі-бірінің аялдамсымен қайтып, басқа топтың жауаптарын оқып шығады.

№1 Аялдама тапсырмасы.

Төмендегі авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындаңыз.

Авторлық идея

Өмір шындығымен байланысы

Білім-ғылым табылса, ондай-мұндай іске жаратар едім деп, дүниенің бір қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздемекке керек.

№2 Аялдама тапсырмасы.

Төмендегі авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындаңыз.

Авторлық идея

Өмір шындығымен байланысы

Ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек.

№3 Аялдама тапсырмасы.

Төмендегі авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындаңыз.

Авторлық идея

Өмір шындығымен байланысы

Әрбір хақиқатқа тырысып ижтиһатыңмен көзің жетсе, соны тұт, өлсең айрылма!

№4 Аялдама тапсырмасы.

Төмендегі авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындаңыз.

Авторлық идея

Өмір шындығымен байланысы

Білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның ішінде: бірі - мұлахаза қылу, екіншісі - берік мұхафаза қылу

№5 Аялдама тапсырмасы.

Төмендегі авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындаңыз.

Авторлық идея

Өмір шындығымен байланысы

Осы сөздің он тоғызыншы бабында жазылған ақыл кеселі деген төрт нәрсе бар. Содан қашық болу керек.

№6 Аялдама тапсырмасы.

Төмендегі авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындаңыз.

Авторлық идея

Өмір шындығымен байланысы

Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады. Сол мінез бұзылмасын!

Бағалау критерийлеріне сай бағалау жүргізіледі:

  • Авторлық идеяның астарын анықтайды;
  • Авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындайды.

Тапсырма №3.

«Әрбір бахасшыл адам хақты шығармақ үшін ғана бахас қылмайды, жеңбек үшін бахас қылады. Ондай бахас хусідшілікті зорайтады, адамшылықты зорайтпайды, бәлкім, азайтады» деген сөздердің астарында қандай авторлық идеяны меңзейді?

Бағалау критерийлеріне сай бағалау жүргізіледі:

  • Авторлық идеяның астарын анықтайды;
  • Авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын

айқындайды.

https://kk.wikibooks.org/wiki/%D0%90%D0%B1%D0%B0%D0%B9%D0%B4%D1%8B%D2%A3_%D2%9B%D0%B0%D1%80%D0%B0_%D1%81%D3%A9%D0%B7%D0%B4%D0%B5%D1%80%D1%96/%D0%90%D0%B1%D0%B0%D0%B9%D0%B4%D1%8B%D2%A3_%D0%BE%D1%82%D1%8B%D0%B7_%D0%B5%D0%BA%D1%96%D0%BD%D1%88%D1%96_%D2%9B%D0%B0%D1%80%D0%B0_%D1%81%D3%A9%D0%B7%D1%96

Кері байланыс алынады.

«Бес саусақ» әдісі

Бас бармақ- не үйрендім?

балаң үйрек- неден қиналдым?

ортаң терек- сабақ ұнады ма?

шылдыр шүмек- қандай жетістікке қол жеткіздім?

Қосымша ақпарат

Ажырату – сіз қалай көбірек қолдау беруді жоспарлайсыз?

Басқаларына қарағанда анағұрлым қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау – оқушылардың оқуын қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыстар.

Денсаулық және қауіпсіздік тексерісі.

АКТ байланыстары.

Құндылықтар байланыстары.

Қорытындылау

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары жетімді болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқу атмосферасы қалай болды?

Менің жұмысым жоспарлы болды ма?

Мен уақытымды дұрыс жоспарлай алдым ба?

Жоспарыма қандай өзгертулер енгіздім және неге?

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Сол жақ бағаннан өз сабағыңызға қатысты ең орынды келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не (оқытуды да, оқуды да қатар қарастырыңыз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді (оқытуды да, оқуды да қатар қарастырыңыз)?

1:

2:

Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар жайында нені білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу