Абай Құнанбаев «Болыс болдым, мінеки». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 1-сабақ.
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ
«Келісілді» | Әдістемелік бірлестік жетекшісі: | ||||||
Мектеп: | |||||||
Күні: | Сынып: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||
Бөлім: Өлең – сөздің патшасы | |||||||
Сабақтың тақырыбы | Абай Құнанбаев «Болыс болдым, мінеки» | ||||||
Оқу мақсаттары | 10.1.1.1 Әдеби – шығарманың сюжеттік – композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну 10.1.4.1 Көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстыру | ||||||
Сабақтың мақсаты | «Болыс болдым, мінеки» өлеңінің сюжеттік – композициялық құрылысын талдайды, мазмұнын түсінеді, ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланстырады. | ||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика және терминология: сюжеттік талдау, авторлық идея,өмір шындығы, болыс Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер: Менің ойымша..... Ережеге сай... Тарихи деректерге сүйенсек... | ||||||
Пәнаралық байланыс | Әдебиет теориясы, қазақ тілі | ||||||
Алдыңғы білім | Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы, Абай өлеңдерін қайталау | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Жоспарланған сабақ кезеңі (Әр кезеңнің уақытын көрсету) | Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар | Ресурстар | |||||
Білімнің өзектілігі 5 мин | Ой шақыру. Жаңа сабаққа жетелеу сұрақтары:− Абайдың шығармашылығы туралы не білесіздер?− Қай өлеңдерін жатқа айтып бере аласыздар? Тақтада А.Құнанбаев «Болыс болдым, мінеки» өлеңі аудиоөлеңі таңдатылады: -Өлең не туралы? -Өлеңнің идеясы неде? - БОЛЫС сөзінің мағынасы? -Бүгінгі күннің болыстары кімдер? сынып оқушыларынан жалпы сұралынады Өлеңнің тарихы туралы бейнебаян көрсетіледі. Сынып оқушыларын 6 топқа бөлу. | https://bilimland.kz/ қазақ әдебиеті 10 сынып http://bilimland.kz/index.php/kz/catalog/lesson/7698-41_abaj _qunanbajuly_bolys_boldym_mineki А.Құнанбаев «Болыс болдым, мінеки» өлеңі+тарихы | |||||
Мақсат қою 5 мин | Оқушыларға сабақтың мақсатын, бағалау критерийлерін, күтілетін нәтижені түсіндіріледі | ||||||
Жаңа материалды игеру 5 мин 5 мин 7 мин 8 мин |
Болыс боп елге болысқан...1868 жылғы Ресей патшасы қол қойған «Жаңа низамнан» кейін болыс пен би қызметі патшалық Ресейдің мемлекеттік қызметіне кірмей, ең соңғы дәрежедегі қоғамдық билік болып қалды. Сайланған бидің шешімін әскери сот кез келген уақытта бұза алады. Шамамен 10-12 ауылға билігін жүргізетін болыс қызметі сиязда бекітілген. Билерге тек азаматтық істермен ғана айналысуға пұрсат берілді. Егер іс көлемі белгілі бір сомадан асқан жағдайда оны шекаралық сот, мировой соттар қарады. Сөйтіп, «Жаңа низам» қазақ халқын өзін-өзі билей алмайтын бейшара күйге түсірді, бір қазақты «алты бақан, ала ауыз» етті. Абай өмір сүрген заман дәл осындай тұспа-тұс келген еді. Патшалық басқарудың зымияндық астарына, отарлық заңның сұрқиялығына көзі жеткен Абай: «Қысқа күнде қырық жерге қойма қойып, қу тілмен қулық сауған заңы құрысын», – деп күйінеді. Қазақтың рухын, ділін, дәстүрін түбегейлі құртуға бағытталған аяр заңның астарын аңдаған Абай: «Қызмет қылма оязға, жанбай жатып сөнуге. Қалай сабыр қыларсың, жанбай жатып сөнуге?», – дейді. Абай Құнанбайұлы 18 жыл басқару ісіне араласқан. 12 жыл болыс, екі кезек би болды. Шын мәнінде, ояздық, болыстық билік Ресей отаршылдығының құралы болса да, Абай қазақтың мүддесін, қарашаның теңдігін, әділдік пен туралықты үстем етті. Абай болыстыққа, билікке атадан қалған мал үшін, бақуатты әулеттің мүддесі үшін емес, есесі кеткен, теңдігінен айырылған қазақтың намысы үшін ғұмырын арнады, «жалғыз мыңмен алысты». 1889 жылы жазған «Күлімбайға (Болыс болдым, мінеки...)» деген өлеңінде «Болыс болдым мінеки, Бар малымды шығындап. Түйеде – қом, атта – жал, Қалмады елге тығындап» деп болыс болған пенденің арсыздығы мен, ұлыққа жағымпаздығын, халыққа безбүйректігін бейнелеген. Болыстық мазасыз кезеңді «Болды да партия, Ел іші жарылды, Әуремін мен тыя, Дауың мен шарыңды. Ќұрбыдай ќош тұттым, Жасың мен кәріңді» деп жазды Абай ақын. Үшінші қара сөзінде: «...Үш жылға болыс сайланады. Әуелгі жылы «Сені біз сайламадық па?» – деп елдің бұлданғандығымен күні өтеді. Екінші жылы кандидатпенен аңдысып күні өтеді. Үшінші жылы сайлауға жақындап қалып, тағы болыс болып қалуға болар ма екен деп күні өтеді...», – деген Абай әлгі болыстың халықтың қамын ойлайтындай шамасы болмайтынын қатты сынға алады. Абай заманындағы болыс мінезі бүгін де өзгерген жоқ. Қазіргі әкім-қаралардың тірлігі сол болыстарды еске түсіреді. Бүгінгі халықтан өзін бөлектейтін шен-шекпенділер үшін Абайдың саясаткерлігі, сот-биліктік қайраткерлігі, моральдық позициясы үлгі-өнеге болуы тиіс-ті. Болыстық бассыздыққа қарсы күрескен Абайдың ойынша, ел басқаратын адам мансабына лайық, білімді қайраткер болуы керек. Абай атамыз 37-ші қара сөзінде: «Кісіге біліміне қарай болыстық қыл; татымсызға қылған болыстық өзі адамды бұзады», – дейді. Парамен, таныстықпен келген билік қасиетсіз. Абай 28-ші қара сөзінде «сатып алған, жалынып, бас ұрып алған биліктің ешбір қасиеті жоқ» деген.
«Екі жақты күнделік стратегиясы» арқылы Абайдың «Болыс болдым, мінеки» өлеңіне талдау жасау.
Дескриптор:
3.Қолдану . «Ақылдың алты қалпағы» 1 топ: Ақ қалпақ: өлеңнің белгілі немесе қажетті тұстарына тоқталады, балалардың назарын сол идеяларға аударуға жұмыстанады. 2 топ: Сары қалпақ: Бұл қалпақпен сіз өлеңнің жағымды жақтарын зерттейсіз жəне өз назарыңызды, күш-жігеріңізді оның жетістіктері мен жақсылықтарын іздеуге жұмсайсыз. 3 топ: Қара қалпақ: Өлеңінің жағымсыз жақтарын саралау, бүгінгі күнмен салыстыру. 4 топ: Қызыл қалпақ: Сезімге ерік бересіз, өлең туралы болжамды жəне ішкі өз түйсіктеріңді білдіресіздер. Заман ағымымен бе, əлде басқа себептермен өзгерген Болыстар туралы. 5 топ: Жасыл қалпақ: Өлең кейіпкерлеріне тоқталу, саралау. Кейіпкерлерді бүгінгі күнмен салыстыру. 6 топ: Көк қалпақ: Шығарманың маңызы туралы, шығармадағы өзекті мәселелер, бүгінгі күнмен салыстыру. Әр топ өз пікірлерін ортаға салады. «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бір-бірін бағалау. |
| |||||
Рефлексия 5 мин | «Бес минуттық эссе» Бүгінгі сабақ жайлы Не түсінді? Не қиын болды? Қандай сұрақтары бар? Осы сұрақтар аясында бес минут ішінде кері байланыс жазып шығады. | ||||||
Үй тапсырмасы | «Болыс болдым, мінеки» өлеңінің өзіне ұнаған тұсын жаттау | ||||||
Сабақ бойынша рефлексия | |||||||
Сабаққа рефлексия жасау кезінде берілген сұрақтарға жауап беруге тырысыңыз. Сұрақтың құрылымын жабасаңыз болады.
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?