Шығармадағы психологизм көрінісі. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, презентация. 5-сабақ.


«Галереяда ой шарлау»

I. Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасы қазақ әдебиеті тарихында шоктығы биік тұрған көркем туындылардың бірі. XIX ғасырдың екінші жартысында туып, XX ғасырдың бас кезінде дүние салған ардагер әнші, сазгер, әрі ақын — Ақан сері Қорамсаұлының аты қазақ мәдениеті тарихында елеулі орын алады. «Құлагер» поэмасы өз дәуірінің кұрбаны болған Ақан серінің трагедиясын сөз етеді. Әнге шөліркеген халқын сусындатып жүрген Ақан өнеріне жасалған шырмалғы — халық трагедиясы.

«Ойлан-жұптас-талқыла»

І.Жансүгіров Құлагерге жасалған қарабет–қастандық ақынның жүрегін жаралауын қалай жеткізеді?

Поэмадағы ақынның ауыр жан күйзелісі, терең тебіренісі

қалай беріледі?

Ақынның көңіл–күйіндегі сан түрлі психологиялық өзгерістер

қай өлең тармақтарында көрініс табады?

Шығарманы оқи отыра Ақан серінің жанына жара салған

күйзелісі, мұң мұнары басып тығырыққа тірілген ауыр да, азапты сәттерінің шыны мен сырына қаныға түсуіміздің сыры неде?

Дескрипторлар

шығармадағы көңіл-күйді аңғарады;(кемінде 1-2)

автор қолданған психологизмді анықтайды. (кемінде 1-2)

Көркем әдебиеттегі психологизм деп отырғанымыз көркем шығармада адамның жан дүниесін, ішкі сезімін терең ашып көрсетуге айрықша мән беру. Психологиялық шығарманың түп негізі ретінде ХҮІІІ ғасырда Англияда жазылған Стерннің «Тристам Шендидің, джентельменнің ғұмыры мен пайымдары» романы аталады. Ол осы шығармасында адамды, адамның ойын психологиялық, мінездік толқыныстар тұрғысында көрсетеді.

Қазақ әдебиетіндегі тырнақалды психологиялық роман – Ж. Аймауытовтың «Ақбілегі». «Ақбілектен» психологиялық роман табиғатына тән негізгі сипатты – шығарманың сюжеттік-композициялық концепциясының кейіпкердің ішкі әлемін талдау мақсатына талдау тәуелділігін бажайлауға болады. Төл прозамыздағы психологиялық романның озық үлгісі – Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романы. Соғыс және әйел тақырыбын зерделей отырып, жазушы әйел жанының терең қалтарыстарына үңіледі, әйел сезімінің ешқандай қоғам идеологиясына, жағдайға мойынсұнбайтын құпия құдіреттерін паш етеді.

Адамның жан дүниесін бейнелеу, психологизм, әрине бір ғана жанрдың, психологиялық романның шеңберімен шектелмейді. Кейбір шығармаларды бөліп, осы жанрлық түрге жатқызудың өзі де шартты түрде жасаған жіктеу деп таныған жөн. Кең мағынадағы психологизм көптеген шығармалардан табылады. Қазақ әдебиетіне көз салсақ, «Абай жолы» тарихи роман, «Қан мен тер» әлеуметтік роман дей отырып, М.Әуезов пен Ә.Нұрпейісов адамның психологиясын, әр алуан көңіл-күйін мейлінше нанамды, әсерлі бейнелейтініне сүйсінбей қала алмаймыз.

Көркем әдебиеттегі психологизм табиғаты – бүгінгі таңдағы әдебиеттану мен сында өте жиі сөз бола бастаған күрделі теориялық тәжірбиелік мәні мол мәселе. Әдебиеттің негізгі предметі адам болғандықтан, оның рухани әлемін, ой-сезімін, түсінік-түйсігін, дүниетанымын, ішкі қайшылықтарын ашып көрсету – суреткердің негізгі міндеттерінің бірі.

Психологизм әр түрлі шамада эпос, драма, лирикаға бірдей тән. Ол әдеби материалдың мазмұнын құрай отырып, мазмұнды ашатын формалық шешімдерді де тауып береді. Психологизмнің негізгі қызметі - өмірлік шындық пен көркем шындықтың жанды тамырластығын сақтау. Бұл ретте осы құбылыстың ішкі салалары есебінде даралау мен жинақтау, ұлттық, жалпыхалықтық, дерек пен қиялдап қосу, автор бейнесі, шығарманың заттық құрылымы іспетті түрлі мәселелердің өзара ықпал, әсері мен табиғи синтезін атау керек.

https://massaget.kz/forum/viewtopic.php?f=109&t=19861

Дескрипторлар:

Шығармадан психологизм қолданылған үзіндіні іріктейді;(кемінде 2-3);

Үзіндідегі психологизм көрінісін анықтайды. ;(кемінде 2-3);



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу