Ғабит Мүсірепов «Ұлпан» романы. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары. 3-сабақ.


Сабақ жоспары

САБАҚ:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ғабит Мүсірепов «Ұлпан» романы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

9.3.3.1 шығарманың идеясын ғаламдық тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу;

Сабақтың мақсаттары

Шығарманың негізгі идеясын ғаламдық тұрғыдан талдай отырып, әдеби эссе жазу.

Бағалау критерийлері

  • Шығарманың негізгі идеясын талдайды;
  • Әдеби эссе жазады;

Тілдік мақсаттар

Әдеби сөз қолданыстар: аналардың анасы, ел билеген көсем, сөз

бастаған  шешен , аузы дуалы, сөзі куәлы қоғам қайраткері, Кенесары мен Есеней, кедейлік, тіл мәселесі, еліктеушілік,орыс мәдениеті, т.б

Пән лексикасы және терминология:көксеу мен құрмет, мәңгіліктің

мәңгілік мәселесі, елеусіз кірген дерт, жан мен жүректің ізгілігі

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Шыңғыс-

Кенесары-Есеней, Ұлпан бейнесі, қоғам, т.б

Осыған дейін меңгерілген білім

Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» романы

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру.

https://www.youtube.com/watch?v=AUIidT3Gs_s

  • Бейнематериалда берілген тұжырыммен келісесіз бе?
  • Сіздің пікіріңіз қандай?

(Тыңдалымда берілген тұжырымға қатысты пікірлерін білдіреді)

https://www.youtube.com/watch?v=AUIidT3Gs_s

Оқушылар "Менің Джокондам – Ұлпан" тақырыбында мақаламен танысады.

 Әйел, ана, арулар тақырыбына арналған Ғабит Мүсірепов шығармаларының ішіндегі ең көлемдісі де, көрнектісі де – «Ұлпан» романы. Өзінің бар ерекшелігімен, көркемдік бітімімен, романда көрінетін Ұлпан тек қана жазушының өз шығармашылығы емес, бүкіл қазақ әдебиетіндегі оқшау тұрған әдеби бейне.

 Жеті мың бетке жуық қолжазба, жазу кітапшаларын қалдырған Леонардо да Винчиге еліктеген қазақтың сөз зергері Ғабит Мүсірепов қойын дәптеріне "Менің Джокондам – Ұлпан" деп жазған екен. Сондай-ақ қаламгер "Тұтқын қыз" атты кітабында былай дейді: "Ұлы суретшімен жарысқа түстім десем, оным барып тұрған астамшылық болар еді. Мен онша ақымақ болмасам керек. Әрбір жазушының ойында әр кезде өзімен бірге жасасып, толыға түскен бейнелері болу керек. Менің ойымда Ұлпан 40 жыл бірге жасасып жүрді. Мен ол бейнені әр қырынан көрсетуге тырыстым – ойы, сезімі, сырт суреті, жас кезі, есейген кезі, мінезі, мейірімі т.б. Джоконда да маған мұңайыс пен жымию сиқыры сияқты елестейді. Мен сиқырға бара алмадым, кәдулігі тірі әйел бейнесін жасамақ болдым. Горькийдің бағытын ұстадым. Ұлпанда романтизм бар деп те ойлаймын. Орыс сыншылары Ұлпан бейнесінде аңыз бар десті. Мен жоқ деймін. Ұлпаннан бірнеше ғасыр бұрын өткен Абай, Қарқабат, Ақкелің, Домалақ ене, тағы басқа да рулы елге ұран болған әйелдеріміз болған ғой!" деп жазады.

 Расымен, халқымызда дәстүрлі мәдениеттің бесігін тербетіп, әйелдіктен даналыққа, отбасы, ошақ қасы тірлігінен рулы елдің қамын жейтін ел анасы деңгейіне көтеріле білген аналарымыз бен апаларымыз, қолға қару алып жауға шапқан қазақ қыздары көп. Мәселен, Төле бидің келіні Данагүлді, Шыңғыстың анасы Айғанымды бүкіл қазақ елі пір тұтқан. ХІХ ғасырда өмір сүрген Ұлпан да тарихи кейіпкер ғана болып қоймай, осындай аналарымыздың жиынтық образы ретінде алынып отыр деуге болады. Жазушы шығармасының соңында, "Ұлпанды" ауыл ақсақалдарының аузынан естіген шынайы оқиғаларға сүйеніп жазғанын және осы еңбегін Ұлпан секілді абыз аналардың құрметіне арнағанын ашық жазады. "Ұлпан" романындағы басты кейіпкерлер Есеней де, Мүсіреп те – шынайы кейіпкерлер, өмірде болған жандар. Есеней қаншама тегеурінді би болғанымен, тағдыр талқысына түседі. Асқаралы алпысқа келгенде маңдайына жазған тақсыретін тартты, екі ұлы да шетінеді. Ақырында, төсек тартып қалып, ел басқаруға шарасыз болып қалады. Осындайда, батырдан туған Ұлпан ерлік танытып, Есенейдің орнын басады, жарын да, елін де сыйлайды, "елдің Есенейі" атанады. Ақылы тұлғасына сай би өзінен қырық жас қызды жар етпек болғанда да Ұлпанның болашағына сенген секілді. Романда Ұлпан "Есеней, екеуміздің арамызда ең кемі қырық жылдық айырма бар. Осыны ойландың ба?",-дейді. Ердің құны, нардың бұлы болса да мал-жанды аямауға бел байлаған Есеней: «Қырық жыл болса қайтейін? Қырыққа келгенде біздің елдің Есенейі сен боласың. Оған дейін сен менің Есенейім бола тұр... Мен саған сұлу деп, жас деп қызықтым ба, болмаса Есенейдің орнына Есеней болатын адам деп қызықтым ба? Оны өзім де біле бермеймін. Әйтеуір осы түннен бастап, менің Есенейім сенсің»,-деп кесіп жауап береді. Жазушы тағы бірде «Есеней қатал еді, озбыр еді. Енді оның жан-жүрегін жібіткен Ұлпан болды» деген сөздерді айтып кетеді.

Тапсырма

«Ұлпан – ел анасы» тақырыбында әдеби эссе жазады.

Дескрипторы

  • Әдебие эссе жазады;
  • Эссе жазуда құрылымын сақтайды;
  • Сөз санын сақтайды (250-300 сөз);
  • Тілдік орылымдарды орынды қолданады; (кемі 3)

Сабақты бекіту

3 минут

Ой толғаныс

Оқушылар ПОПС» формуласын толтырады.

Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... »

Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім

Сабақтың соңы

2 минут

Кері байланыс.

«Сұрақ-жауап» әдісі

1.Бүгін сіз үшін не маңызды және қызықты болды?

2. Сіз қандай сұрақтар бойынша нақты жауап алдыңыз?

3. Сіз үшін бүгін не қиын болды?

4. Сіз психологиялық ортаны қалай бағалайсыз?

5. Сіз үшін не жеткіліксіз болды?

Үй тапсырмасы

«Ұлпан» романының жазылу тарихын зерттеу

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
Пікір жазу