алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Нысанбай жырау «Кенесары-Наурызбай» жыры. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, қосымша материал. 4-сабақ.


Стилистика пәні,оның зерттейтін мәселелері.

 Стилистика – тіл білімінің бірсаласы. Стилистика – тіл ғылымының тілдік тәсілдер жүйесін зерттейтін ғылым. Оның негізгі зерттеу нысаны – стиль, сондай-ақ әдеби тілдің стильдік тармақтары, сөздердің сөз мағыналарының, грамматикалық тұлға тәсілдердің стильдерге тәндігін, олардың қолдану заңдылықтарын, эмоциялық мәндерін т.б. бейнелегіш құралдарды қарастырады. Стилистика сонымен қатар фонетикалық құбылыстарды – сөз, сөйлемдерге тән ырғақ, интонация, дыбыс үйлесімі, дыбыс әуенін белгілі стильдік мақсатқа лайықтап жұмсау жүйесін тексереді. Стилистиканың мақсаты ойды қайткенде дәл, айқын, әсерлі, көрікті көркем етіп айтуға тиісті жақтарын соларға тән тілдік тәсілдерді анықтау және стильдің дамуын әдеби тіл тарихымен ұштастыра қарастыру. Сонымен бірге, көркем әдебиет тілінің дамуын, әдеби тілінің жасалу тәсілін, араласу жанрларын да зерттейді. Бұдан басқа тілдің экспрессиялық құралдарын, сөйлеу фигураларын және троптарды зерттейді. Стилистика – тіл материалдарын мағынасына, әсеріне қарай пайдалана отырып, ойды дәл, анық және тартымды етіп жеткізе білу үшін қолданылатын құралдары туралы ілім. Тіл білімінде стилистиканың жалпыға бірдей қалыптасқан анықтамасы жоқ. Мұның бір себебі өзінің қалыптасуы барысында тіл білімінің бұл саласы әртүрлі бағыттардың құрамында дамыды. Алғашқы кезде көркем тілді зерттеу аясында дамыса, соңғы кездері оның зерттеу нысаны әлдеқайда кеңейіп, тармақтала түсті. Филология ғылымында стилистика, стиль сөздері ертеден қолданысқа ие. Ресейде 19, тіпті 18 ғасырдан стилистиканың жекелеген аспектілеріне арналған зерттеулершықты (мысалы, әртүрлікөркемшығармалардың не жазушылардыңтілі, стилітуралы), теориялықсипаттағыеңбектер де жарықкөреді. Алайда, ғылымипәнретінде стилистика 20 ғасырдың 20-30 жылдарынан қалыптаса бастайды, ал оның бір тармағы болып саналатын функционалды стилистика 50 жылдардан бастап белсенді түрде зерттеу объектісіне айналады. Стилистика, стиль ұғымының мәні тілдің коммуникативтік аспектісімен, тілдің қолданысымен, қызмет ету жағдайымен тығыз байланысты. Бұл мәселеге көңіл бөлу 19 ғасырдың аяғы 20 ғасыр басындағы тілші ғалымдардың еңбектерінен бастау алады:

  В.Гумьбольд, Ф. де Соссюр, А.А.Потебня, И.А.Бодуэн де Куртенэ, Е.Д.Поливанов, Л.П.Якубинский, Р.О.Якобсон, В.В.Виноградов, Г.О.Винокурт.б.


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Елімізде жұмыссыз қалғандар 6 айға дейін бұрынғы жалақысының 45 пайызын алады 16.03.2023
» Сәбиін сатпақ болған 😱 04.03.2023
» Студенттердің стипендиясы өседі 👨‍🎓 02.03.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы