Тарихи шындық пен көркемдік шешім. Махамбет Өтемісұлы «Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны», «Мен - мен едім, мен едім!», «Бағаналы терек». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары. 7-сабақ.


САБАҚ:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Тарихи шындық пен көркемдік шешім

Махамбет Өтемісұлы «Махамбеттің Баймағамбетке айтқаны», « Мен, мен, мен едім», «Бағаналы терек»

Сабақтың түрі

Қорытынды сабақ

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

9.3.3.1 шығарманың идеясын ғаламдық тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу;

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

Мәселені, мәселенің өзектілігін анықтайды;

Тақырыпты ашып, эссе жазады;

Көптеген оқушылар:

Астарлы, тұспалды ойды ғаламдық мәселелермен байланыстырады;

Әдеби эссенің талаптарын сақтайды;

Кейбір оқушылар:

Ойын жүйелеп, шығарма идеясын ғаламдық тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазады;

Бағалау критерийі

шығарманың идеясын ғаламдық мәселелермен байланыстырып, әдеби эссе жазады.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: қалыңсыз, қара қазан, сары бала, нарқоспақ, еп, қайраң, тоқым, жабы, кілегей

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: ақын арманы, өзекті мәселелер, ғаламдық тұрғыда талдау, заман тілегі, ақын көзқарасы, қара қазақ баласы, хан ұлына теңгеру

Пәнаралық байланыс

тарих

Мектеп құндылықтары

Ынтымақтастық: өзіне жағымды қатынастарды дамытуды, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыруды және сындарлы көзқарасты дамытуды, өзара қарым-қатынастар құрған кезде сыни ойлай білуді қамтиды.

Осыған дейін меңгерілген білім

Алдыңғы біліммен байланыстыру:

Элективті тестілеу

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

7-8 минут

Ұйымдастыру:

-оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;

- сабақ мақсатымен таныстыру;

Элективті тестілеу.

Оқушылар сынып ортасына жиналады. Мұғалім 3 жерге А,Ә,Б әріптерін қойып, әрбір сұрақтың жауабын өз бетімен таңдауды ұсынады. Оқушылар өз қалауынша дұрыс деп таңдаған жауаптың тұсына барады.

1. «Қанікейдей көріктіңді

Қалыңсыз құшсам деп едім» деген тармақтағы «Қанікейдей» сөзінің мағынасы

А) жары

Ә) қызы

Б) екеуі де

Кері байланыс: Сіз өз жауабыңыздың дұрыс екенін қалай дәлелдер едіңіз?

2. «Ежелгі дұшпан ел болмас» дейді ақын. Расымен солай ма?

А) иә, ел болмайды

Ә) кейін тату елге айналуы мүмкін

Б) бұл саясатқа байланысты

Кері байланыс: Бұл жауапты таңдауыңыздың себебі неде?

3. Ақын өлеңіндегі «Қара қазан, сары бала» кім?

А) халық

Ә) ұрпақ

Б) өз ұлы

Кері байланыс: Таңдаған жауабыңызға орай қандай түйін айтар едіңіз?

Келесі қысқартуларды қолданыңыз:

МН =Мұғалімге арналған нұсқаулық

МЖ = Мұғалім жасаған

ӨД = өзге дерек көздері

Сабақтың ортасы

10 минут

10 минут

10 минут

Т. Оқушылар 6 топқа жиналады. Махамбеттің 3 өлеңі топтарға бөлініп беріледі (1 өлең екі топқа). Өзара ақылдасып, талдау жасайды.

Дескриптор:

мәселені, мәселенің өзектілігін анықтайды;

астарлы, тұспалды ойды ғаламдық мәселелермен байланыстырады;

фактілер мен көзқарастарды ажыратып, ойын дәлелдейді;

қарама –қайшылықтарды анықтайды;

Таныстырылым: Екі топ бір –біріне таныстырылым жасайды, кейін топтар алмасады. (Мұғалім таныстырылымды өз қалауынша ұйымдастыра алады).

Ф. Оқушылар дескриптор бойынша бір –бірінің жұмысына кері байланыс ұсынады.

Ж. Әдеби эссе. Тақырыптың бірін таңдап, әдеби эссе жазыңыз.

1) «Еділдің бойы ен тоғай -

Ел қондырсам деп едім.

Жағалай жатқан сол елге

Мал толтырсам деп едім» деген ақын арманы орындалды ма? Бұл идеяны қандай өзекті мәселелермен байланыстырар едіңіз?

2) «Ханнан қырық туғанша,

Қарадан бір-ақ тусайшы» деген ақын көзқарасы қаншалықты дұрыс? Әлде бұл сол заманның тілегі ме?

3) «Қара қазақ баласын хан ұлына теңгерген» заман –қандай заман?

Дескриптор:

әдеби эссе жазады;

мәселені ғаламдық тұрғыдан талдайды;

тақырыпты ашады;

ойын жүйелі жеткізеді;

(оқушылар эссені келесі сабақта немесе үйде жазып бітіруіне болады)

С = барлық сынып

Т = топтық жұмыс

ЖЖ = жұптық жұмыс

Ж = жеке жұмыс

Тәж = оқушы тәжірибесі

К = мұғалімнің көрсетуі

Ф = формативті бағалау

Логикалық мағынаға негізделген эвристикалық жобалау технологиясы

М.Өтемісұлы

«Мен, мен едім», «Баймағамбет сұлтанға айтқаны», «Бағаналы терек»

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия:

Пікірлер тізбегі

1 оқушы өз пікірін жеткізеді, келесі оқушылар егер оны қолдаса, соның жанына, қолдамаса, басқа бір орынға тұрып, өз пікірлерін қосады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу