Тарихи шындық пен көркемдік шешім. Махамбет Өтемісұлы «Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны», «Мен - мен едім, мен едім!», «Бағаналы терек». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары. 3-сабақ.


Пән

қазақ әдебиеті 2-тоқсан II нұсқа

Сабақ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Тарихи шындық пен көркемдік шешім

Махамбет Өтемісұлы «Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны»,

«Мен- мен едім, мен едім!», «Бағаналы терек»

Сабақтың түрі

Шығармашылыққа баулу

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

9.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • ақын өлеңінің үзінділермен танысады,қолданады.

Көптеген оқушылар:

  • үзінділердегі негізгі ойды шығармашылықта қолданады.

Кейбір оқушылар:

  • үзінділердегі негізгі ойды қолдана отырып, өмірмен байланыстырып жазады.

Бағалау критерийлері

  • шығарма үзінділерімен жұмыс жасайды;
  • өлеңдегі негізгі ойды ашады,
  • оны шығармашылық жұмыста қолданады.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: Мен кесекті ердің сойымын,Кескілеспей бір басылман. Ар - намысым қашырман. Бұлтқа жетпей шарт сынбан!

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Мектеп құндылықтары

  • Ынтымақтастық: өзіне жағымды қатынастарды дамытуды, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыруды және сындарлы көзқарасты дамытуды, өзара қарым-қатынастар құрған кезде сыни ойлай білуді қамтиды.

Осыған дейін меңгерілген білім

Шығармадағы кейіпкерлерді талдау

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың

басы

7 минут

Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру сәті.

Қызығушылықты ояту

Өткен сабаққа сілтеме жасай отырып:

ақынның «Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны»

өлеңінен 1 кейіпкердің өзің білетін 1 ерекшелігін мысалға келтір.

Таңдау қиын болды ма? Несімен? Жеңіл болса, қалайша? Дәлел айтыңыз.

  • Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру.

Таныстырылым

Сабақтың ортасы

5 минут

15 минут

5 минут

3 минут

Т

Оқушыларды 4 топқа бөлу. Әр топқа 5 оқушыдан келу.

Топтарға ақын өлеңінен VIII үзіндіні беру.Оқып танысады.

Беркініп садақ асынған,Біріндеп жауын қашырған.Құйқылжыған құла жирен ат мінген,Құйрық, жалын шарт түйген,Мен кесекті ердің сойымын,Кескілеспей бір басылман.Алдыңа келіп тұрмын деп,Ар - намысым қашырман.Сүйегім тұтам қалғанша,Тартылмай сөйлер асылмын.Ей, тақсыр - ау, ей, тақсыр,Бойың жетпес биікпін,Бұлтқа жетпей шарт сынбан!Айта келген сөзім бар,Не қылсаң да жасырман.Шамдансам жығар асаумын,Шамырқансам сынар болатпын,Кәр қылар деп, «тақсыр - ау!»Аяғыңа бас ұрман.Бәйеке «сұлтан», ақ сүйек,Қыларың болса қылып қал,Күндердің күні болғанда,Бас кесермін, жасырман!

Топтағы оқушылар тапсырмаларды өздері бөліп алады.

«Данышпан үкілер»

1-оқушы. Өлең үзіндісімен жұмыс.

Үзіндіден өз ойына қарсы тұрған 1пікірді, жаңалық болған 1 ойды тауып жазады.

2-оқушы. Таныс және таныс емес.

Шығарма үзіндісінен өзіне таныс болған және мүлдем таныс емес ойды табады.

3-оқушы. Иллюстарциялық бейнелеу.

Үзіндінің негізгі ойын карикатура арқылы бейнелейді.

4-оқушы. Маңызды өмірлік даналық.

Өлең үзіндісі негізінде маңызды даналық ой білдіреді.

5-оқушы. Үлгі боларлық қорытынды.

Ақын өлеңі арқылы қазіргі өмірге қажетті қандай ой айтуға болады?

  • Топ оқушылары жұмыстарын қорғайды.

ҚБ. Топтар бір-бірінің жұмысын бағалайды.

Кері байланыс.

Бағалау критерийі

Дескриптор

көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолданады

-шығарма үзінділерімен жұмыс жасайды;

-өлеңдегі негізгі ойды ашады, -оны шағармашылық жұмыс

та қолданады.

http://bilim-all.kz/olen/1624-Mahambettin-Baimagambet-sultanga-aitqany

«Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны»

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

Мені қызықтырған минут...

Маған ой салған уақыт...



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу