Бұқар жырау «Тілек». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, дидактикалық материал.
Бірінші тілек тілеңіз: Бір Аллаға жазбасқа.Екінші тілек тілеңіз:Ең шұғыл пасық залымныңТіліне еріп азбасқа.Үшінші тілек тілеңіз:Үшкілсіз көйлек кимеске.Төртінші тілек тілеңіз:Төрде төсек тартып жатпасқа.Бесінші тілек тілеңіз:Бес уақытты бес намазБіреуі қаза қалмасқа.Алтыншы тілек тілеңіз:Алпыс басты ақ орда,Ардақтаған аяулың.Күнінде ертең біреугеТегіннен тегін олжа болмасқа.Жетінші тілек тілеңіз:Желкілдеген ту келіп,Жер қайысқан қол келіп,Сонан сасып тұрмасқа.Сегізінші тілек тілеңіз:Сегіз қиыр шар-тарап,Жер тұлданып тұрмасқа.Тоғызыншы тілек тілеңіз:Төреңіз тақтан таймасқа,Тоқсандағы қарт бабаңТопқа жаяу бармасқа.Оныншы тілек тілеңіз:Он ай сені көтерген,Омыртқасы үзілген,Аязды күнде айналған,Бұлтты күнде толғанған, Тар құрсағын кеңейткен,Тас емшегін жібіткен,Анаң бір аңырап қалмасқа.Он бірінші тілек тілеңіз:Он бармағы қыналы,Омырауы жұпарлы,Иісі жұпар аңқыған,Дауысы қудай саңқыған,Назыменен күлдірген,Құлқыменен сүйдірген,Ардақтап жүрген бикешіңЖылай да жесір қалмасқа.
Атақты Бұқар жыраудың «Бірінші тілек тілеңіз…» деп басталып, он бір тілек тілейтін кең тараған жыры бар. Осы жырлардан біз не ұғамыз. Мысалы:
“Бірінші тілек тілеңіз,
Бір Аллаға жазбасқа…” – дейді. Бұл сөз білген адамға Құранның тұтас бөлігі. Жырау Алланы жалғыз деп таны деп тұр. Егер адам осы Алланы құлшылықта бір деп тану түсінігінен ауытқыса, барлық ғұмыры оған еш пайда бермейді және істеген ісі ақыретте де қажетіне жарамайды. Құранда ондай адамдар жайлы: «Расында саған да, сенен бұрынғыларға да: «Егер Аллаға ортақ қоссаң әлбетте амалың жойылып кетеді де анық зиянға ұшыраушылардан боласың» деп уахи етілді» делінген. Құранда амалдардың жойылуын «хабато» дейді. Қазақша тілдік мағынасында, «артық жем жеп, күпті болып ісініп жарылған мал» дегенге жақын. Яғни, Аллаға серік қосқан адам – күбініп арам өлген мал тәрізді, жақсылығы ескерілмейді, сауабында салмақ жоқ. Демек Құран түсінігінде Аллаға ортақ қосу ең үлкен зұлымдық. Алланы бірлеу бүкіл жақсылықтың бастауы. Осыны білген Бұқар бабамыз әуелі бір «Аллаға жазбасты» (ортақ қосып қоймауды) тілге тиек қылып отыр.
“Екінші тілек тілеңіз
Әзәзіл пасық залымның
Тіліне еріп азбасқа…” – дейді. Әзәзіл пасық кім? Ол жын-шайтан. Бұлар адамзаттан шыр етіп дүниеге келген сәттен бастап, жаны денесінен шығып, Аллаға қайтқанға дейін әрбір адамның қыр соңынан қалмай жамандыққа азғырады. Тіпті өлім сәтінде жатқан кісінің өзін, күнаһар, имансыз қылып өткізу үшін барын салып бағады. Бірақ Аллаға шынайы құлшылық қылғандарға әзәзіл зәредей зиян тигізе алмайды. Кімде-кім шайтанның азғыруына түсіп, оны өзіне пір тұтқан болса, қиямет күні нағыз алданған сормаңдайға айналады. Қиямет күні әркім өзінің сыйынғанымен дауласады.
Бұқар бабамыздың осы екінші тілегі – Құрандағы «Нас» сүресінің тәпсіріне ұқсайды. «Нас» сүресінде Алла құлдарына азғыратын шайтаннан пана сұрауды үйреткен. Жырау бабамыз ей, ұрпақтарым, жар астында тұрған жауыз шайтаннан сақ болыңдар. Олар сендердің имандарыңды ұрлап, күнаға ұрыңдырмасын. Әсіресе күнаға шақырар адамның сайтанынан абай болыңдар деп тұр.
“Үшінші тілек тілеңіз
Үшкіліксіз көйлек кимеске…” – дейді. Жеңі жоқ үшкіл көйлекті тек қана қаза болған өлікке ғана кигізеді. Былайша айтқанда, әрбір мұсылман баласы өз басына ешуақытта өлім тілемеуі керек. Мейлі өз басына қандай қасірет келсе де, ол оның бәрін Алланың сынағы деп төтеп беруге тиісті. Оның бәріне шыдай алмай өз-өзіне қол жұмсаса, Алла оған қатты ашуланады. Тіпті басына қасірет келгенде, оған шыдамсыздық танытып, шағым айтқанның өзін Алла жақтырмайды.
“Төртінші тілек тілеңіз
Төрде төсек тартып жатпасқа…” – дейді. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Көп адамдар қадір-қасиетін біле бермейтін екі үлкен нығмет бар, бірі -денсаулық, бірі – уақыт» деген. Себебі, нығметтердің арасындағы осы екі нығметтің жоғалтсаң орнын ешуақытта толтыра алмайсыз. Сол үшін де мұсылман баласы осы екеуіне өте қатты мән беріп, оны дұрыс пайдаланып, қажетіне жарата білуі тиіс. Өмірінде де, намазында да, мұсылман баласының аузынан түспейтін бір дұға бар. Ол: «Раббым маған дүниенің жақсылығын бер, ақыреттің жақсылығын бер, тозақтың азабынан сақта» деген. Былайша бұл дұға адам баласының тілейтін тілегінің бәрін қамтиды. Ғұламалардан «дүниенің жақсылығы не» деп сұралғанда, олар бір ауыздан: «Алланың құлдарына сыйлаған денсаулығы» деп жауап берген. Өйткені, денсаулық ол Алланың берген ең үлкен байлығы, оны ешкім ақшаға сатып ала алмайды. Демек дені сау адам «төрде төсек тартып жатпайды».
“Бес уақытта бес намаз
Біреуі қаза болмасқа…” – дегені намазды себепсіз тастау иманға жасалған жойқын бір соққылардың бірі. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Намаз парыз екенін біле тұрып намазды оқымай қоймаңдар! Себебі, біле тұра әдейі намаз оқымаған кісі Алланың қамқорлығынан айырылып, Пайғамбардың (с.ғ.с.) шапағатынан құр қалады» деген. Жалпы намаз иманның өзі болмаса да, оның анық көрсеткіші. Оның күшейіп, әлсіреуіне тікелей әсер етеді. Сол үшін де бір кісі келіп: “Я,Аллаһтың Елшісі (с.ғ.с.)! Исламда Алла Тағаланың ең жақсы көретін амалы қандай амал?”, деп сұраған кезде, Ол (с.ғ.с.): “Уақтылы оқылған намаз. Себебі, намаз – діннің тірегі, ал намазды тастағанның діні болмайды”, деп жауап берген.
Қияметтің күнінде мұсылманның бүткіл сауабының басын бастап келетін әуелден намазы болады. Намазының көркемділігі мен молдығына қарап, оның қалған ізгіліктерінің салмағын өлшейді. Ал намазы ұсқынсыз, бірі бар, бірі жоқ, шұрық-тесік болса, ол күнгі ахуалыңыз қандай болады? Бұл жерде намаз оқымай кеткендердің жағдайын тіпті ауызға алғымызда келіп тұрған жоқ.
“Алтыншы тілек тілеңіз
Ардақтаған аяулың
Күнінде біреудің
Тегіннен-тегін олжа болмасқа…” – депті. Ежелгі көшпелі елдің заңы бойынша бір елге бір ел жаугершілік жасалғанда, ер азаматтарын қырып салатын. Аман қалғандарының тұлымдысын тұл, кекілдісін құл қылатын. Ал әйелдерін соғыс олжасы ретінде ат артына мінгестіріп қатындыққа немесе күндікке алатын. Бұл намысы бар әр ер азаматтың сүйегіне басылған қорлық таңбасы болып есептелетін. Сол үшін де әрбір қазақтың ер азаматы жанын жауға қиса да, әйел затын жау қолына түсірмеу үшін барынша намысына тырысып бағатын. Қазақ халқында «Жан қимақ бар, жар қимақ жоқ» деген сөздің төркіні осында жатыр.
Осы пікірді шриғат өлшемімен өлшесек, өз ұрғашысын қызғану, оларды қору, қорғау ақылға сыйымды дүние. Өйткені елдің болашағы, ұрпағы еркектен шыққанмен, әйелдің жатырында өсіп таралады. Яғни, әйелдің жатыры ол келешек ұлттың болашағы. Сол үшін де әйелі бұзылған немесе әйелдің ары тоналған ұлттың түп тамырына балта шабылады. Ол ел ұлттық құндылықтарынан, діні мен ділінен, жалпы келешегінен айырылады. Атамыз қазақ «ұлт болғысы келген қызын сақтайды, ру болғысы келген ұлын сақтайды» деп айтуы осы себептен. Сол үшін де Ислам әйелді қорғауды, сыйлауды, аялауды, сондай-ақ қызғануды бұйырады.
“Жетінші тілек тілеңіз
Желкілдеген ту келіп
Жер қайысқан қол келіп,
Сонан сасып тұрмасқа…” – дейді. Мұсылман баласы бейбітшілікті жақсы көреді. Тыныш өмір сүріп, ешкімге себепсіз соқтықпауды ұнатады. Сол үшін де, өзіне жаудың келуін тілемейді. Алайда еліңе жау еніп жатқан сәтте, қарап тұрмайды. Қорқақтық көрсетіп, үзірсіз ұрыстан қашпайды.
“Сегізінші тілек тілеңіз
Сегіз қиыр шар тарап
Жер тұлданып тұрмасқа…” – бұл өсиетте күннің ауыры, қиыны да Қиямет күні жайлы ұғым бар. Өйткені, ол күні бүкіл адамзат Алланың алдында есеп береді. Ол күн анық болады, бірақ ол күнді қалау жақсылықтың белгісі емес. Ол күні кімнің ахуалы қалай болатынын ешкім білмейді. Керісінше ол күнге даярлықты күшейткен абзал. Күнаға тауба қылып, сауабқа ұмтылу деген сияқты…
“Тоғызыншы тілек тілеңіз
Төреңіз тақтан таймасқа
Тоқсандағы қарт бабаң
Топқа жаяу бармасқа…” – Бұқар бабамыз дәл осы сияқты, басқа бір сөзінде: “Жаулаған ханын қара оңбас, хан қисайса бәрі оңбас!” деп елдің ынтымағы мен бірлігін бәрінен де жоғары қойған. Бұқардың бұлай деп ойлауы сөзсіз Пайғамбарымздың өсиетіне сүйенгендігі. Өйткені, шариғатымызда басшыға қарсы шығуға қатал түрде тыйым салған. Басшыға қарсы шығып өлгендерді надандық дәуіріндегі өліммен теңестірген. Әлбетте ол жақсы өлім емес.
Яғни, басшыға бойұсыну Ислам ақидасының бөлінбес бір бөлшегі. Себебі, мұсылман елінің өсіп өркендеуі ынтымақ бірлігіне тікелей байланысты. Егер елде ауызбіршілік болмай, бүлік бола бастаса оны зияны бүткіл елге тиеді. Адамдар иманды, салиқалы бола бастаса, Алла оларға да адал басшы нәсіп етеді. Ал, адамдар иманы әлсіз, алдап күн көруші болса, оларды алдап өмір сүретін басшы басқарады. Яғни басшылар бағынушылардың амалдарының айнасы іспеттес. Ол туралы атамыз қазақ: «халқы соқыр болғанның басшысы қыли болады» дейді.
“Тоқсандағы қарт бабаң
Топқа жаяу бармасқа…”. Алланың Елшісі (с.ғ.с) бір сөзінде “Жастарымызға мейірімді болмаған және үлкендерімізді сыйламаған – біздің үмметтен емес” деп айтқан. Ол сөзді қазақ «Қарияны құрметтемесең елеусіз қаласың, жастарды сыйламасаң көмусіз қаласың» деп астарлаған. Қартайған қарияны сыйламау, қадірлеп құрметтемеу күна. Бұқар бабамыздың сөзінің түп төркіні осыған тіреледі.
“Оныншы тілек тілеңіз
Он ай сені көтерген
Омыртқасы үзілген
Аязды күні айналған
Бұлтты күні толғанған
Тар құрсағын кеңіткен
Тас емшегін жібіткен
Анаң бір аңырап қалмасқа…” – дегені ананың ақысы, әкенің ақысынан үш есе жоғары. Өйткені, әуелі анасы белін ауыртып оны тоғыз ай он күн көтереді, сосын жаны қиналып босанады, сосын аналық мейірімін төгіп, екі жыл бойы адал ақ сүтін емізеді. Асыл дініміздің жаршысы болған Бұқар бабамыздың жан болмысымен тілеп отырған дұғасы, ата-ананың, әсіресе ананың амандығы болуы осы себептен шығар.
“Он бірінші тілек тілеңіз
Он бармағы қыналы
Омырауы жұпарлы
Иісі жұпар аңқыған
Даусы қудай аңқыған
Назыменен күйдірген
Құлқыменен сүйдірген
Ардақтап жүрген бикешің
Жылай да жесір қалмасқа…” – бұл тілектің мәні үлкен. Қарап отырсақ адам баласының бақыты қарапайым ғана қағидаларға бағынады екен. Ол отбасының татулығы, тапқан табысынның берекесі, еңбек етер құрал-сайманының қолжетімділігі. Адам бұдан артық бақыт іздейтін болса, жолынан жаңылады. Ақырет түгілі дүниесінде бақыттың не екенін білмей сормаңдай күйде бағына жете алмай өмірден өтіп кете береді. Сол үшін Ислам – бейбіт өмірді сүюді, қанағатты, рахымшылықты, адал еңбекті насихаттайды. Қазақ қанша жаугершілікті көрсе де, ақ жаулықты аналарымыз арқылы ұлтты сақтап қалған. Ел болып, қанша қасірет көрсе де еңсесін түзеп алған. Өйткені бұл халықтың жатыры бұзылып, негізі құламаған. Жанын берсе де қазақ аналарының ары үшін барын салған.
Р. Кенжемолдаев,
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?