Ж.Сахиев «Дабыл» фантастикалық әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 16-сабақ.


  • Қосымша ақпаратты Ж.Сахиевтің ғылыми-болашақтық романдар жазудағы еңбектерін өз бетінше оқып, талдау жасау үшін ұсынуға болады
  • Монографиядағы материалдар негізінде оқушыларға тест тапсырмасын құрастыруды ұсынуға болады.
  • Монографияда талқыланған мәселелерді басшылыққа ала отырып, ғылыми-зерттеу мақаласын жазуға бағыт беріңіз.

Қазақ елін құраған ата-бабаларымыздың дүние әлемін тани түсуге жасаған ұлы талпыныстарын тарихтан жақсы білеміз. Қазақ аңыздары мен ертегілеріне мән бере қарасақ, бүгінгі заманғы дамуымыздағы ғылыми жаңалықтардың көптеген элементтерінің сол туындыларда бар екендігіне көз жеткіземіз. Тек олардағы ой мен идеялар қарапайым қиялғажайыптық тұрғыда, тек өткен шақта суреттеледі. 1957 жылғы Қазан айының 4 жаңа күнінде қасиетті жеріміздің әлемге әйгілі аймағы – Байқоңырдан Ғарыш эрасы басталды. Сол жылы ұлы ғалым, геолог, фарабитанушы, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі Ақжан Жақсыбекұлы әл-Машани "Жер астына саяхат" ғылымиболашақтық романын жарыққа шығарды. Содан бастап қазақтың аңыз-ертегілері өзінің жолымен, зерттеушілерімен қалып, ғылыми болашақгерлік жанры белең алды. Бір топ жазушы-болашақгерлердің бірдіекілі кітаптары оқырманға жол тартты. Ал сексенінші жылдардың басында қазақ ғылыми болашақгерлік жанрының шаңырағына жазушы-болашақгер Жүніс Сақұрпағының 1971 жылы бастап жазған "Кеңістік көшпенділері" авторлық сериялы ғылыми-болашақтық романдары келді. Серия шығармаларына тоқтамас бұрын мен оның жалпы айдарының не себепті "Кеңістік көшпенділері" аталғанын қысқаша түсіндіре кетейін. Бір кездері өзге бір ұлттың өкілі "Көшпенділердің ұрпағысың" десе, кәдімгідей намыстанып та қалатынбыз. Бұл – ақиқат. Ал шындығында, уақыт пен тарихтың өзі дәлелдегендей, көшпенділік өмір халқымыздың ұлы табиғатты аялау мен қорғаудағы нағыз дана тәсіл болды Автор сериясының төртіншісі – «Көктен келген көшпенділер» ғылыми-болашақтық романында айтылатындай, ата-бабаларымыз бір жерді дәл бүгіндегідей таптап, түтіндетіп, газдандырып отыра бермей, қоныс тепкен жері таптала, шөбі қурай, суы лайлана бастағанда екінші жерге қоныс аударып, ол жердің қайта қалпына келуіне мүмкіндік тудырып отырған. Әлбетте, Жұніс Сақұрпағының сериялы ғылыми-болашақтық романдары тақырыптарының аясы кең. Олардағы оқиғалар Ғалам кеңістіктерінде ғана емес, жер беті, жер асты, су беті, су асты кеңістіктерінде де өтіп жатады. Сондықтан олардың тақырыптары да әралуан, бір бірімен жалғаспайтын жеке-дара дүниелер. Серияның тұңғышы, "Маңызды мақсат", "Ұрпақтармен ұшырасқанда", "Қайтар жолда", "Тірішілік ұясы" делінген ірі-ірі төрт бөлімнен тұратын "Тірішілік ұясы" ғылымы-болашақтық романында қазақ археологтары ежелгі Байқоңыр ғарыш айлағы аймағынан жерге қағылған алты қырлы монумент, оның ішінен ертеректе жұлдызаралық сапарға аттанған ғарышкерлердің бірінің жазып қалдырған жазбасын табады. Әсет есімді ғарышкер басшылық еткен бір топ ғарышкерлер өзге жұлдыз жүйесіндегі Шұғыла делінген ғаламшарға ұшып барған, ол ғаламшарда Жерімізде Мұз дәуірі болғанға дейін өмір сүрген адамдардың ұрпақтарымен кезіккен. Олардан көптеген ғылыми-тарихи мәліметтер алып, Жерге қайта оралғанда өздері өмір сүрген кездегі адамдардың ұрпақтарының Кит шоқжұлдызындағы тірішілікке қолайлы ғаламшарға көшіп кеткенін біледі. Оған себеп, кезекті Мұз дәуірінің басталуы. Бірақ түгелдей көшпеген. Көш барысында түрлі себептермен Жерде қалып қойған адамдар қайтадан көбейіп, дамып-жетіле бастаған. Ғарышкерлер тіл айырмашылықтары болғандықтан олармен толыққанды тілдесе алмайды, сол себепті көшкен ұрпақтары жасырып қалдырған хатта айтылған ғаламшарға аттанбаққа жиналады. Ұшар алдында осы оқиға жөнінде жазған жазбаларын алты қырлы монумент ішіне қалдырады. Ғалымдардың тауып алғаны осы еді. Ғылымда бізден де бұрын дәл бүгінгідей, тіпті, бұдан да дамыған өркениетті елдер болған, ғарыш кеңістігін игерген деген болжамдар аз айтылып жүрген жоқ. Автор ғылыми-болашақтық романында "Жер ғаламшарымыз ғарыштағы адам баласы дамып-жетіліп, ғарышты игеріп, әр Мұз дәуірі басталар алдында өзге жұлдызды жүйелерге жұлдызаралық кемелерімен ұшып кетіп жататын тірішілік ұясы емес пе екен?" деген ой тастайды. Автордың бұл ғылыми-болашақтық романының журналдық нұсқасы 1979 жылы "Білім және еңбек" ғылыми-көпшілік журналында жарияланды.

Кезінде ұлы ғалым, геолог, фарабитанушы Ақжан Жақсыбекұлы әл-Машани "Жүністі қазақ халқының адамдық рухани қасиеті мен озық ойын халықаралық аренада танытатын жазушы-болашақгер деп білемін" деп бағасы мен батасын берген автор сериясының екіншісі – "Арман сапарында", "Адамзат үшін арпалыста", "Бақытты жолда", "Борыш" делінген төрт бөлімді "Борыш" ғылымиболашақтық романының ғылыми идеясы да терең. Әке-шешесінен, шет елде сапарда жүріп, қапылыста болған жеңіл көлік апатынан қаза тапқан сүйген қызы Әйкеннің қайғыларына төзе алмаған Әлімхан есімді ғарышкер өзі сұранып жұлдызаралық сапарға аттанады. Содан, олар Күннің әрбір жарқылынан болатын кедергіден өз осіндегі тәуліктік айналысын тоқтатып, тұрғындарының өмірлеріне қатер тудырған ғаламшарға тап болады. Өздері жұлдызаралық кемеге айналдырып алған "Қазақстан" астероидымен ғаламшардың шетін соғып, айналу қалпына келтіреді. Осы ерліктері үшін ғаламшар тұрғындары Әлімханға адам баласының өткен өмірін көзге көрсете алатын "Ес" делінетін құрал сыйлайды. Жерге оралған соң Әлімхан сол құрал арқылы түртұрпаты, мінез-құлқы мен парасаты, тағдыры әке-шешесіне ұқсайтын кісілер табады. Сөйтіп, оларды келінді ету мақсатында сүйген қызы Әйкен мерт болған шет елге сапар шегеді. Бірақ ол ұзақ ізденісінен нәтиже болмайды. Әйкен көлік апатына ұшыраған жерде зиянды қару сынағы жасалған, топырағы күйіп кеткен. Көңілсіз елге оралған Әлімханның үміті оянады. Ол бір күні Әйкеннің Ақлима есімді құрбысынан аумайтын қызды кезіктіреді. Құралы арқылы сырласа келе Әйкенінің денесінің дәстүр бойынша елге әкелініп қайта жерленгенін біледі. Әйкенді өз елімізден іздейді, одан аумаған қызды табады. Үйленіп, мақсатына жетеді. Автордың ғылыми идеясы түсінікті. Адам да, мал да, құс та, жер беті мен судағы тірінің бәрі де топырақ пен судан нәр алады. Зиянды қару сыналып күйіп кеткен топырақта не өспек? Әлімхан сүйген қызын табиғаты таза туған жерден тауып отыр. Ендеше, табиғаты таза болмаған жерде даму да жоқ. Автор тұжырымы осы. Адам баласының бүгінгі күннің өзінде-ақ табиғат пен техникаға ғана емес, өз тәніне де өзгерістер жасап келе жатқаны бәрімізге жақсы мәлім. Ал оның адам баласының жеке өзіне ғана емес, күллі адам баласының болашағына да залал келтіретініне ой жіберіп көрдік пе?

Әбдіраман Шәмшиден, педагогика ғылымының докторы, профессор

http://nblib.library.kz/elib/Sait/NauBibUKAZ/%D0%91%D0%B8%D0%BE%D0%B1%D0%B8



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу