М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы. Идеялар тоғысы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, презентация. 24-сабақ.
Сабақтың тақырыбы:
М.Дулатовтың«Бақытсыз Жамал»шығармасы - қазақтың тұңғыш романыОқу мақсаты:Т/Ж1. Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау
Сабақ мақсаты:
Оқушылар әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтайды.
Миға шабуыл : «Сұрақтар көшкіні» әдісі
Бағалау критерийі:
1- тапсырма: «Көңілді қалпақ»
Сынып оқушылары бастарына қалпақ киіп, шеңбер жасап тұрады. Музыка әуені тоқтағанша оқушылар шеңбер бойымен қалпақты бір-бірінің басына кигізеді. Әуен тоқтаған кезде, қалпақ кімнің басында қалып қойса, сол оқушы «Бақытсыз Жамал» аудиосындағы өзіне ерекше әсер берген эпизодтарды айтады.
2-тапсырма «Пайымдау сұрақтары» әдісі
Шығарма оқырманға қандай ой тастайды?
Қазақтың алғашқы романы туралы не білесіз?
Роман жанрлық тұрғыдан қалай ерекшеленеді?
«Жамал – өз тағдыры үшін күресуге дайын, сауатты, саналы қыз» деген тұжырыммен келісесіз бе? Неге?
Жамал бейнесі арқылы жазушы нені көрсетуді көздейді?
Автор өз шығармасында пролог пен эпилогты не үшін қолданған?
1. Оқушылар берілген сұрақтарға сүйеніп, мәселені, тақырыпты толығымен қамтып өз ойларын айтады.
2. Берілген сұрақтарды талқылап, өз идеяларын газетке немесе тақтаға жазу үшін топтарға 5 минут уақыт беріледі. Уақыт аяқталғаннан кейін топтар талқылауды жалғастырады.
Салыстыру
3-тапсырма «Алты қалпақ» әдісіОқушыларға 6 түс ұсынылады, түстерді өз қалаулары бойынша таңдап алады. Таңдап алған түстері бойынша шығармадағы ойды,көтерілген мәселені өмірмен байланыстырып , өз көзқарастарымен тұжырымдайды.Ақ қалпақ : шығарманың жанрлық ерекшелігіне назар аударады.Сары қалпақ: шығарма идеясы мен сюжеттік желісі туралы сөз қозғайды.Қара қалпақ: шығарманың жағымсыз жақтарына мән береді.Қызыл қалпақ: шығарманың жағымды жақтарын өз сезім, болжамымен байланыстырады. Жасыл қалпақ: шығарма сюжетін болашақпен байланыстырып, креативті ой айтады.Көк қалпақ: барлық ойды қорытындылап, тұжырым жасап,шешім шығарады.Бекіту
Оқушылар топпен жұмыстарын сынып алдында қорғағаннан кейін, жеке «БҚО 1» кестесін толтырады.
Оқушылар кестені толтырып болғаннан кейін жұмыстарын өз орындарында қалдырып, «Шарлау» белсенді әдіс-тәсілі бойынша келесі топтың жұмысын көреді. Әр оқушы топтағы бір оқушының жұмысын тексеріп, өз ұсынысын, пікірін айтады. Қайтадан өз орындарына барып отырады. Топта шығарма мен толтырылған кестеге сүйене отырып, өздері тақырып қойып, пікір алмасады.
6. Бағалау
5-тапсырма «Таңдау» әдісі
Сынып оқушылары екі тапсырманың бірін таңдап, орындайды.
Егер автор болсаңыз, шығарманың прологы мен эпилогын қалай жазар едіңіз?
Тірек сөздер: махаббат, еркіндік, теңсіздік, адалдық, парыз, ескілік, жаңалық.
Үзіндіні оқып, ұсынылған тірек сөздерді пайдалана отырып, «Бақытсыз Жамал» романының прологын жазыңыз.
… Жамал сағынып көрген баланың алды болған соң, ата- анасы қолдан келгенше әлпештеп өсіріп, жасы тоғызға жетті.Жамалды еркек балаша киіндіріп жүрген соң, білмеген кісі қыз деп ойлаушы еді.Қыз деп айтқан адамдарға ашуланып та қалған күндері болды.
...Уәделері бойынша мұғалім һәмән Сәрсенбайдың үйінде тұратын болып, Сәрсенбаймен бірге еріп келіп, бір үлкен боз үйге кірді. Сол минутта ауылдың адамдары жиналып, қалампыр бәйбіше сабадан қымыз құя бастап, Сәрсенбай да Жамалға:
- Тұр, қарағым, молдекеңе мал әкел! – деп әмір етті.
Үзіндіні оқып, «Бақытсыз Жамал» романының эпилогын жазыңыз.
...Жамалдың бармақшы болып ойлағаны – қаладағы Фатихолла бай еді. «Әйтеуір, онда жетсем, біреудің самаурынын қайнатып қызметін қылсам да, қор болып, халық көзіне көрінбес едім» деп, осылай ойлап жүргенде күн де батып,түн болып, ел де жатты. Жамалдың бұл ойлағанына қарай осы түні Байжанның ерттеулі аты таң асып тұрған еді. Жылырақ киімін киініп, ептеп шығып Жамал әлгі атқа мініп, үлкен жолмен: «Құтқардың ба, Құдай?» - деп жөнелді.
Топ спикерлері оқушылардың жұмысын сабақтың басында өздері бірлесе жасаған бағалау критерийіне сай бағалайды.
Кері байланыс: «JNSERT» кестесі
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?