М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы. Идеялар тоғысы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, презентация. 30-сабақ.


Сабақтың тақырыбы:М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы. Шығармашылық иірімдері

Оқу мақсаты:А/И4. Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу

Сабақ мақсаты:

Оқушылар:Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазады.

Миға шабуыл: «Өз жауабыңды көрсет» әдісі

Оқушыларға «Бақытсыз Жамал» романы туралы бірер сөз» мақаласы таратылады.

Оқушылар мақаланы алдымен жеке оқып шығады.

«Өз жауабыңды көрсет» тәсілімен жұптасып, мақаладағы ойларға қатысты қарапайым ойлар мен терең ойға негізделген сұрақтар құрастырып, талдайды.

Жұппен талдап болғаннан кейін екінші жұппен топқа бірігеді. Бір топта төрт оқушы болуы керек.

Топ мүшелері «Сұрақ? Жауап» тәсілі арқылы пікір алмасып, топтағы бір оқушы ортақ ойды сынып алдында мазмұндап айтады.

Талдау аяқталған соң мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.

Бағалау критерийі

1- тапсырма:«Әңгіме кестесі» әдісі

2- тапсырма «Сұрақ қою.Қайта сұрақ қою» әдісі

1-қадам. Шығарманың мазмұнына сұрақтар дайындау;

2-қадам. Оқушылар оқығандары бойынша бір-біріне сұрақтар қояды және талқылайды.

Оқушылар «Ыстық орындық» немесе «Жарық астындағы оқушылар» стратегиясы арқылы белгілі әдебиеттанушы рөліне ене отырып, басқа оқушылардың сұрақтарына жауап береді. Әрбір оқушының белгілі бір әдебиет сыншысы ретінде өз сыныптастарының сұрақтарына жауап беруге мүмкіндіктері бар:

Байжан сияқты алпауытпен тартысқа түсіп, екі жасты бақытты ету мүмкін бе?

Жазушы болсаңыз, кейіпкеріңізге бақытқа жетудің қандай жолын ұсынар едіңіз немесе шығарманы қалай аяқтар едіңіз?

3-тапсырма :«Жолдар..., Анықтау..., Талдау...,»тәсілі

«Оқушыларға тапсырманы орындамас бұрын «Міржақып Дулатұлы. Қайда едің? https://www.youtube.com/watch?v=YF7LPTM3Teg»,Алашқа https://www.youtube.com/watch?v=LSeUg7wS8QQ» бейнебаяны көрсетіледі.

Оқушылар бейнебаянды көріп болғаннан кейін мұғалім үстелінің үстінен қызыл, жасыл, көк, сары түсті үлестірме қағаздарды таңдап алады. Өздері таңдап алған қағаз түстеріне байланысты төрт топқа бөлінеді.

Интерактивті тақтадан немесе флипчартқа жазылған

«Азаттық жыршысы-М.Дулатов», «Ұлтқа арнаған ғұмырын», «Алаш болып шашау шықпау- бірліктің басы», «Қазақтың тұңғыш романы» тақырыптары көрсетіледі.

Әр топтан бір оқушы шығып тақырып таңдап алады. Топ мүшелері бірінші тақырыптар бойынша жеке өз ойларын айтады, топпен пікірлерін салыстырады.

Тақырыптарды әртүрлі ақпарат көздерінен жазып алған деректермен байланыстыра отырып талдап, қорытынды ойларын келесі топқа барып айтады.

Барлық топ бір-бірінің жұмыстарын тыңдап, ой бөліседі.

Бекіту

4-тапсырма: «Пирамида» тәсілі

Шығарманың ұнаған және ұнамаған тұстарын еске түсіріп, жеке «Ішкі және сыртқы» кестеге толтыру. Оқушылар «Бақытсыз Жамал» романы бойынша «ішкіге» – шығарма бөліктерінің өзі келісетін, ұнаған тұстарын, «сыртқыға» – өзіне ұнамаған, қарсы пікірін жазады.

Салыстыру

4-тапсырма:«Бірдей...Әртүрлі...»тәсілі

.

Бағалау

Оқушылар алдыңғы тапсырмада бөлінген топтарымен отырады. Топтағы әр оқушы «Сенің білгің келетін сұрақтар?» әдісі бойынша шығарма бойынша үш түрлі сұрақ құрастырады. Үш сұраққа «5-5-1» әдісі бойынша бірінші бес сөйлем құрастырады. Екінші бес сөйлемді бес сөзге қысқартады, үшінші бес сөзді бір сөзге қысқартады. Сабақ қорытындысында оқушылар «Пирамида» тәсілі бойынша :

1. Cенің сұрақтарың...,

2. Сенің есіңе бүгінгі күнді түсіретін ойлар...,

3. Сенің бүгін білгенің…» тіркестері бойынша қорытынды жасап, өзін- өзі бағалайды.

Оқушылар жұмыстарын аяқтағаннан кейін сабақтың басында өздері бірлесіп жасаған бағалау критерийі бойынша топтық бағалау жасайды.

Кері байланыс: «Жетістік» парағы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу