М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы. Идеялар тоғысы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, презентация. 25-сабақ.


Сабақтың тақырыбы:М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы

Оқу мақсаты:Т/Ж2. Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу.

Сабақ мақсаты:

Оқушылар:Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашып түсіндіреді.

Миға шабуыл : «Конверт сұрақ» әдісі

Сынып оқушылары «Youtube 25.11.13 Міржақып Дулатов https://www.youtube.com/watch?v=-aZvpl4OXqs»бейнебаянын көреді.

Оқушылар роман мазмұны бойынша 2-3 сұрақ жазып, конвертке салады. Әрқайсысына екі минут беріледі.

Оқушы стикерге атын және жауабын жазады.

Екі минут өткен соң конверт келесі оқушыға беріледі.

Топ спикері стикерлерді жинап, бірнеше жауапты дауыстап оқып, сынып белгілі бір сұрақтың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды. Оқушылар сұрақты шығарманың композициялық құрылымына сай құрастырып, пікір алмасады.

Миға шабуыл : «Конверт сұрақ» әдісі

1.«Бақытсыз Жамал» романының идеясы қандай?

2. Шығарма қандай ойға жетелейді? т.б.

Талдау аяқталған соң мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.

Бағалау критерийі:

1-тапсырма «Кубизм» әдісі

Оқушылар шеңберге тұрғызылып, сағат тілі бойынша «1 ,2, 3, 4, 5, 6» сандары арқылы үлкен топқа бірігеді. Бір топта алты оқушы болады.

Топ мүшелеріне роман үзіндісі жазылған үлестірме қағаздар таратылады.

Оқушылар алдымен үзіндіні жеке оқиды, екінші оқығанын жұбымен талқылайды, үшінші эпизодтарды сюжеттік бөлшектерге бөліп, жауап береді.

Оқушылар тапсырманы «Кубизм» тәсілі арқылы орындайды. Топтағы алты оқушы кубтың алты қыры арқылы өз ойларын айтады.

1-тапсырма «Кубизм» әдісі

1- оқушы:Білу – оқиға алдындағы жағдай қалай берілген?

2-оқушы: Түсіну – шығарманың идеясы не?

3-оқушы: Қолдану – шығармадағы оқиға желісінің дамуын ой картасына түсіріңдер.

4- оқушы: Анализ – Жамал мен Ғали арасындағы диалогқа талдау жасаңдар.

5-оқушы: «Синтез- Жазушының романды Жамалдың өлімімен аяқтауының себебі неде?

6-оқушы: «Бағалау- Романда заман сипаты қалай көрініс тапқан?

Деңгейі жоғары оқушыға кубтың «анализ, синтез, бағалау», деңгейі орта оқушыға «білу, түсіну, қолдану» қырлары беріледі. Талдау жұмысы аяқталғаннан кейін топ мүшелері бағалау критерийі бойынша бірі -бірі бағалайды.

2-тапсырма «Тоқта, хатшы мырза!» әдісі

Бұл тапсырманы орындағанда «Тоқта, хатшы мырза!» әдісі қолданылады. Сынып оқушылары алдыңғы тапсырмада бөлінген топтарымен отырады.

Топтағы екі оқушы роман бойынша оқиғалы сценарий құрастырып жазады, белгіленген уақытта топтағы қалған екі оқушыны «Тоқта, хатшы мырза!» әдісі бойынша өз жұмыстарымен таныстырады.

Сценарий нұсқасымен топ мүшелері толық танысып болғаннан кейін жазғандарын келесі топқа көрсетеді. Осылайша барлық топтар жұмыстарымен өзара алмасып, ең жақсы сценарийді таңдап алады. Таңдап алынған сценарийді рөлге еніп көрсетеді.

Деңгейі жоғары оқушыға топ жұмысын бағалайды, деңгейі орта оқушы көріністен алған әсері жайлы ой бөліседі.

3-тапсырма «Сіздің білгіңіз келетін сұрақтар»

Интерактивті тақтадан романның эпизодтық үзіндісі көрсетіледі. Сынып оқушылары эпизодтарды өз қалаулары бойынша таңдап алады. Сол таңдаған эпизодтар арқылы топқа бірігеді.

Бір топта төрт оқушы болуы керек. Бір оқушыны топ спикері етіп сайлайды. Оқушылар бірінші топ ішінде өздерінің жеке ойларын айтады, екінші жұппен романның өздері таңдаған эпизодтары бойынша сұрақ құрастырады,үшінші топпен ой бөлісіп оқиға шешімін шығарады. Топ мүшелері оқиға шешімін шығарғаннан кейін топ спикері сынып алдына шығып жұмыстарының қорытындысын айтады.

Мұғалім қабілеті орта оқушыларды топ спикері болуға бағыттайды, қабілеті жоғары оқушылар эпизодтар бойынша сұрақ құрастырады.

Бекіту

4-тапсырма: «Өкіл» стратегиясы

Сынып топқа бөлінеді, топтарға «Бақытсыз Жамал» романы туралы айтылған пікірлер таратылады, оны топпен талқылайды.

Әр топтан бір адам «өкіл» болып басқа топқа барады. Барған тобына пікірлер бойынша туындаған өз тобының көзқарасын жеткізеді, басқалардың сұрақтарына жауап береді, басқа «өкілдерді» тыңдайды, олардан алған ақпараттарын жинақтайды.

Өз тобына қайта оралады. Топ ішінде жинақталған ақпараттар бойынша талқылау жүреді, талдау жұмысы аяқталғаннан кейін топ мүшелері романның өздеріне ұнаған бөліктерін таңдап алып ары қарай жалғастырып жазады.

Қабілеті жоғары оқушылар «өкіл» болып сайланады, мұғалім «өкілді» өз тобындағы қабілеті орташа оқушыларға көмектесуге бағыттайды.

5. Салыстыру

5-тапсырма: «Галарея»

Топтар «Галарея» әдісі бойынша бір-бірінің жұмысымен танысып, жұмыстарды салыстырады.

«Өте жақсы» жұмысқа жасыл, «жақсы» жұмысқа көк, «толықтыруды қажет ететін» жұмысқа қызыл стикер жапсырылады.

6. Бағалау

«Маған үш нәрсені айт» әдісі

Оқушылар алдыңғы тапсырма бойынша бөлінген үлкен топтан шағын топқа бөлінеді. Бір топта үш адам болады.

Топ мүшелері «Маған үш нәрсені айт» әдісі бойынша «Романда көрініс тапқан заман сипаты туралы не айтасыз?», «Ағайындары неліктен Жамалды қайта Жұманға қосты?», «Ғалисыз маған дүние қараң..»тақырыптарын шығарма идеясы мен пафосындағы ұлттық мүдде тұрғысымен байланыстырып шағын топта талқылайды.

Топ мүшелері бірінші оқиға желісі бойынша тақырыптарды жұппен, екінші ойлары мен пікірлерін топ ішінде талдайды.

Топта үш тақырыпты біріктіріп тұтас оқиғалы әңгіме құрастырады да, әңгімелерін келесі топқа оқуға ұсынады.

Басқа топтар тапсырмаларды «Біз бүгін білдік...», «Біз жақсы меңгердік...», «Топ жақсы меңгерді...», «Біз 50 минут бұрын білмегенімізді білдік...» деген кері байланыс парағы арқылы бағалайды.

Кері байланыс:«Кезбе тілші» әдісі

1.Оқушылар «Кезбе тілші» әдісі бойынша әр топты аралап жаңалықтар бағдарламасын жасайды.

2 .Жаңалық бағдарламасы үшін қойылатын сұрақтың үлгісі төмендегідей болуы мүмкін:

Егер сізге шығарманы қайта жазсаңыз қай бөлігін таңдап алар едіңіз?

Оны таңдауыңыздың себебі не?

Таңдаған бөлігіңіз сізге қандай әсер туғызды?

Таңдаған бөлігіңізді қалай жалғастырар едіңіз?

3. «Кезбе тілші» рөліндегі оқушы сұрақ бойынша жасаған бағдарламасын тақтаға апарып іледі, басқа топ мүшелері смайликтерге өз көзқарастарын білдіріп, кері байланыс беріп жұмыстың астына жапсырады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу