Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя». Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 10-сабақ.
Бауыржан Момышұлын әдебиеттің биік тұғырына көтерген шығармасы - «Ұшқан ұя» кітабы. Бұл кітабы үшін ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ие болған. Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабы - нағыз ұлттық шығарма.
Жазушы өткен ғасырдың 30 жылын қамтитын үлкен шығарма жазуды жоспарлайды. Алайда ол ойы жүзеге аспаған. «Өзі де, сөзі де өткір, батыр Бауыржан «Ұшқан ұя» сынды қазақ халқының өмір тынысын кең, қапысыз қамтып, оймақтайдан сақталып ой түйіп, өн бойына өң шындық тұнған шығарма», - деп Ә.Қалдыбаев ағамыз дұрыс баға берген.
«Ұшқан ұя» - Бауыржан Момышұлының балалық шағы туралы жазған кесек туындысы. «Ұшқан ұя» - сан қырлы, алуан бедерлі, айтарлықтай күрделі шығарма. Бір қарағанда, ол анау айтқандай көлемді дүние емес, бірақ «кішкентай ғана қара тас, атан түйе көтере алмастың» дәл өзі. Бауыржанның өзі оған ен тақпаған, жанр жамамаған, «Біздің отбасы» деген де қойған. Оны орыс тілінен қазақша аударған Тұтқабай Иманбеков «Ұшқан ұя » деп атаған.
Бауыржанның бұл шығармасы алғаш рет 1956 жылы орыс тілінде Ресейдің Калинин қаласында жарық көрді. Бұл шығарманың ұлттық сипаты оның алғашқы беттерінен-ақ аңғарылады. Бауыржанның атасы Имаштың, әжесі Қызтумастың өзі нағыз қазақы қалпымыздың қалыбынан шыққан. Бауыржанның әжесі «аса ажарлы, ақ дидарлы кісі екен», ал атасы «қазанның түп күйесіндей» қара болыпты. Әжесі немерелерін жиіркенбей сүйетіндей болып туғанын қалап, балаларына ай көрікті, ақ перизатқа үйлен деген талап қаяды. Содан да ұлының үлкені - Имаш 33 жасында бірақ үйленеді. Қазақ перзентінің бәрін жақсы көрген, бірақ ұл баланың жөні бөлек болған. Әбден күттіріп барып дүниеге төрт қыздан кейін Бауыржан келеді. Одан кейін жоғарыда айтып өткеніміздей, Бауыржанға атасы Имаш бата береді. Үш айға толғанда өсиет айтады. Бауыржан Имаш бабасының біріншісін бата, екіншісін өсиет деп біледі. Екеуі де сағынтып дүниеге келген ұлдың жақсы азамат болуына арналып айтылған тілек. Ия, Бауыржан атасының батасы дарып, өсиет-тілегін орындаған азамат болып өседі.
«Ұшқан ұяда» автор ерекше мән берген мәселенің бірі – адамдардың бірін-бірі құрметтеуі, ізет көрсетуі, сыйлауы болып табылады. Оны Қабылбек пен Текебай би арасындағы дау-дамай арқылы жеткізеді:
- Менің күшігім саған қарап шәуілдесе керек, Қабылбек! Айыбын көтергелі келдім алдыңа. Кешіремісің, сірә! – депті.
Мына сөзден Қабылбектің қабырғасы сөгіліп, қалбалақтап атынан аунап түседі:
- О, текті би Текебай! Сенің балаңның айыбынан менің айыбым асып кетті білем. Аға болсаң да сені мен аттан түспей тыңдаппын-ау. Сен кешіремісің мені? Бұл әдепсіздігім бүкіл әулетімізге таңба болатын болды ғой, ой, әттеген- ай. Ат шапан айып сенен емес, менен, ақсақал! - деп үстіндегі зерлі шапанын шешіп, Текебайдың иығына жауыпты». Көркем өрілген диалогтан суреткер шеберлігі ғана емес, ұлттық болмыстың тұтас бітімі көрінетіндей.
.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?