Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян» өлеңі және тарихи шындық. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 3-сабақ.


Сілтемелердегі тарихи деректерді автор толғаныстарымен байланыстырып талдау жасауды ұсынуға болады.

Патша өкіметі Қазақстан жеріндегі отарлау шараларын біртіндеп жүзеге асырды. Оның 1742 жылгы 19 қазандағы жарлығы бойынша Жайық өзені жағасының қамалдар маңында қазақтардың көшіп-қонуына тыйым салынды, сонымен қатар олардың Каспий теңізінің жағалауында көшіп-қонып жүрген жерлері шектелді. XVIII ғасырдын 50-60 жылдары Ертіс, Тобыл, Есіл, Үй өзендері алқаптарындағы Орта жүздің қазақтары да өздерінің мекендеген жерлерінен ығыстырылды.Қазақ даласында патша өкіметінің отарлау саясаты үш бағытта: біріншіден, гарнизондар мен күшейтілген бекіністі әскери шептер құрылыстың тездетіп салу және тұрақты казак-орыс (Орынбор, Жайық, Батыс-Сібір, кейін Жетісу) мекендерін құру жолымен, екіншіден, саяси әкімшілік реформалар жасау, сыртқы округтер мен приказдарды одан әрі құру, басқарудың дистанциялық жұмыс түрін енгізу жолымен, үшіншіден, қазақ даласын өзіне біржолата қосу, ал Орта Азия хандықтармен сауда-саттықты кеңейту жолымен жүргізілді. Алайда, отарлау барысында патша үкіметіне жергілікті барлық билікті ресейлік әкімшіліктің қолына шоғырландыру саясатын жүзеге асыру сұлтандардың, ру шонжарларының, билердің наразылығын тудырды. Өйткені оларды патша өкіметі орындары сот-әкімшілік қызметіне қатыстырмауға тырысты.Патша өкіметі қазақ даласын түпкілікті билеу үшін әуелі әр түрлі реформалар жүргізіп, қазақтың елдік-этникалық ұйытқысын ірітіп, ұлыстарды бөлшектеп, оларды губернияларға, округтерге теліп, ұлтанды елді тұтастықтан айырды. Рас, олар мұның бәрін бірден жүзеге асыра қойған жоқ. Бұқпантайлап, торғай ұстаған мысықтай, жақыннан қармау үшін алыстан арбап, зымияндық саясат жүргізді. Патша өкіметі оны кезең-кезеңімен іске асырды. Оның алғашқысы — 1731 жылдан 1822 жылға дейін созылған ел билеу жүйесіндегі протектораттық дәуір, яғни күшті мемлекеттің әлсіз мемлекетке формальды түрде болса да қамқорлық жасау саясатын жүргізу еді. Бұл кезде патша өкіметі ел билеудің бұрынғы хандық жүйесін сақтап, оның ішкі тірлігіне араласпай, тұзақты алыстан құрып, сырт иелігін жасады, яғни қазақ елін өзіне жағынып, бас шұлғып, бағынышты болған хандар арқылы басқарды. Сөйте тұра, қазақ жұртының арасына өз білімдар адамдарын қаптатып, ғылымды бет перде етіп алға ұстап, соның тасасында тұрып, елдің әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, мінез-құлқын жан-жақты зерттеп, қазақ халқының осал тұстарын пайдалануға тырысты. Оны меңгергеннен кейін хан тағына үміткер ханзадалар мен сұлтандар арасында ши жүгіртіп, оларды тақ таласына итермеледі. Солардың ішінде шенге құмар, атаққұмарлары ерекше бағаланып, бұлардан патша өкіметі ештемені де аяған жоқ. Патша отаршылары қазақ жұртшылығының арасына алауыздық ұрығын осылайша енгізе бастады.Патша үкіметінің қазақ елінің басына тәуелділік ноқтасын біржола кигізуі 1822 жылдан 1867 жылға дейін созылды. Сөйтіп, патша үкіметінің отаршылдық саясатының екінші кезеңі басталды. Бұл кезде ол әскер күші арқылы елдің ішкі тірлігіне араласып, жергілікті қазақ шаруаларын қонысынан қуа бастады. Олардың орнына ішкі Ресейде жоқшылыққа ұшыратқан орыс босқындарын әкеп орналастырды.ХVІІІ ғасырдың соңы — XIX ғасырдың басында Ресеймен шекаралық сауда орталықтарында Қазақстаннан тек бір жыл ішінде 1,5 миллионнан астам мүйізді ірі қара мал және 100 мыңнан аса жылқы сатылған. XIX ғасырдың ортасында Ертіс шекаралық ауданында жыл сайын 150 мыңдай жылқы, 3 млн. қой-ешкі және 100 мың өгіз бен сиыр — барлығы 8 млн. сомға дейін қаржыға мал түсіп отырған.Бұл кезде Қазақстан Ресей астығынының негізгі тұтынушысына айналды. Барлық шекаралық сауда орындары арқылы мұнда жыл сайын 400-500 мың сомға астық жеткізілді. Ресейден шұға, қағаз, қант, бояулар, жабайы аңдардың қымбат терілері, өңделген былғары, темір, болат, шойын, ине, алтын және күміс теңгелер алды. Сауда негізінен айырбас ретінде жүрді. Баға өлшемі жұрттың бәріне бірдей үш жасар қойдың құны 1 сом күміске теңеліп, сол бойынша басқа тауарларға тиісті баға қойылды.Халықтың бай, кедей болып жіктелуінің күшеюі, жартылай көшпелі елге ақша-тауар қатынастарының барған сайын батыл енуі қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымын өзгертіп, әлеуметтік қайшылықтарды шиеленістірді және қауымдық-рулық қалдықтарының күйреуіне себебін тигізді.Бұл өзгерістер бірден бола қалған жоқ. Елде тап тартысының, яғни кедей шаруалар мен ауқатты қанаушы топтардың арасындағы қайшылықтың күшеюі, қазақ шаруаларының отаршылдық саясатқа қарсы күресі барысында іске асты. Орыс мемлекетінің отарлау саясаты қазақтың ел басқару ісіне қойған адамдарының небір өрескелдіктерді істеуіне жол ашты. Олар алым-салықты көбейтіп, патша әкімшілігінің, жергілікті өкімдердің пайдасына халықтың малын, қаржысын алып, өздерін бет қаратпай бағынышты етіп ұстағысы келді, Ал, қазақ шаруалары өздерінің адамдық құқын пайдаланып, біз де бір атаның ұрпағымыз деп зорлық-зомбылыққа көнгісі келмеді, әділдік пен адалдықты көргісі келді. Міне, осыдан келіп, қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы басталды.

https://surak.baribar.kz/633619/

М.Мөңкеұлы

Мөңкеұлы Мұрат — заманына қарай қазақ поэзиясына елеулі үлес қосқан. Махамбеттен үлгі алған өршіл ақын. Мұрат поэзиясы ресми саясат шеңберінен шықпай, жағымталсып үгіт айтумен атын шығармақ болған жасық, жасқаншақ поэзия емес, халықты ерлікке, бостандыққа шақырған, патша мен ханның шаруаларға жасаған зорлық-зомбылығын, әділетсіздігін көріп, ашына жырлаған ақын. Мұрат Кіші жүз ішінде аты коп тараған даңқгы ақынның бірі. Ақынның әлі де болса қағаз бетіне түспей, жүрт аузында жүрген шығармалары болуы мүмкін. Мұраттың өмірі, істеген ісі, еткен кәсібі туралы керекті мағлүматтар оте аз. Қазақ ССР Ғылым акаде-миясы кітапханасының қолжазбалар қорында Мұраттың отыздай шығармалары бар («Үш қиян», «Қалмақтың қарғысы», «Әттең бір қапы дүние-ай!», «Қарасай Қази» т.б.).Мағлұматтарға қарағанда, Мұрат 1842 жылы туып, 1906 жылы опат болған. Мұрат бала кезінде мүсылманша бірер жылдай оқып қат-қара танығаннан кейін, енді қайтып мектеп есігін ашпайды, оның әрі қарай оқып жүйелі білім алуына еш мүмкіндік болмайды. Мұраттың шешесі Қырықжылқы әнші, әрі ақын екен. Мұраттың бала күнінен ақындықгы аңсауына бір жөннен себеп болған, оны алғаш ақындыққа баулыған сол өз шешесі болса керек. Қазақ халқынан мәдениеті, әдебиеті, өнері жоғары тұрған халықтардың тілін біліп, солардың білім қорын толық пайдалануға шамасы келмеген Мұрат қазақ тіліндегі кітаптарды ғана пайдаланады, оған ақындық үлгі болған, көбінесе, қазақтың мазмұнды, бай көркем фольклоры болады. Мұрат қырыққа келгенше ақындармен жиі айтысып отырған көрінеді де, елуге аяқ басқан Мұраттың айтыстары азая бастайды, алды-артын ойлап ақындық өресін барлаған Мұрат түрлі толғаулар, тарихи жырлар жазу ісіне көбірек беріледі. «Қалмақтың қарғысы», «Сарыарқа», «Үш қиян» сияқты шығармалар жазады. Ауыл арасы айтыстар кеміп, халықтың өткендегі кезі, қазіргі халі, келешегі, тағдыры туралы өзінше ойларын айтуды құнттайтын болады.Заманына наразылық білдіріп көп шығармалар жазған Мұраттың айтқандары үнемі бір жерден шыға бермейді. Оның ойында кездесетін қайшылықтар аз емес. Мұраттың көнерген ұғымнан алыстап кетпей, мыңнан-мыңнан жылқы айдап, жүзден-жүзден нар байлап, кәде сайын тоқты өскен заман-ай деп, әлдеқандай бір өмірді көксеп, оны әсірелей суреттеп күңгірт ой білдірген шақтарын көрмеуге болмайды.

Табаны жерге тимеген,Маңдайы күнге күймеген.Салқамдары тұлпардан озге мінбеген,Салтанатқа салпы ерінді нар артқан.

— деп осындай бір кезді жырлаған Мұрат ел байлыққа бөленіп еркі өзінде болса екен, жер-суынан айрылмаса екенді тілеп, қиялын шарықтатып көрсе де, бұқараға деген ниетін адал ұстаса да, бірақ адал арманының өмірге жанасымды болып, оның іске асуы туралы түбегейлі қорытынды жасау оның ақындық өресіне шақ еді дей алмаймыз. Ол келешек нысанасы айқындалып, сара жол тапқан ақын болып көрінбейді. Мұрат жуандарды, патшашыл ханды, биді, байды әшкерелеп, олардан қысым көрген, жер-суынан сырылған, кедейленген шаруаларды жақтады, өкіметтен жәбір көргендерді патша мен ханға қарсы үгіттемек болып Исатай — Махамбеттің ісін қостады, солардың ісін, өмірін үлгі етті. Өткен кездегі ақындардың айтыс үстінде әдет, тәсіл көрсететіндігі мәлім. Ақындардың біреуі қолына домбыра алып, біреуі гармонь алып жырласа, өзінше бір әдеттен құр болмаған Мұрат, «алқа алдында өлең айтқан кезінде», «алдына жастық алып немесе қолына тостаған ұстап, болмаса, «Телпекпен аузын қағып отырып» айтысатын болған. Даңқты ақын санатына жеткен Мұратқа кейбір адамдардың әлдеқандай легендалық сипат бергісі келгендігі де байқалады. Мұрын ақын Мұрат туралы: «Мен Мұраттан өлеңді қалай айтып кеттің дегенде айтқаны: «Бір күні түсімде бір жиын той болган екен, сол тойда отырған ақсақалдар маган өлең айт деді, мен білмеймін дегенде, жоқ сен білесің деп болмады, сол арада телпегімді қолыма алып, айғайды салып, өлеңді қоя бердім, оянсам түсім екен, ертеңінде тұра сала өлеңді айттым, аузыма сөз түйдектеп түсе берді», — дейді.1880 жылдары Мұрат Нарында, Маңғыстауда болады. Жайық бойындагы қазақтарды аралап, ел өмірі туралы толып жатқан әңгімелермен танысады. Мұраттың түрмысына, жасынан ел аралап айтысқа түсіп үйренген ақындық өміріне өзгеріс кіру жөнінде 1880 жылдар кезінде Жайық бойындағы қазақтардың ақтаяқ болып жұтауы айрықша әсер етеді. Мұрат жүрген жақтың қазақтары жұтап, Маңғыстауда тұратын қазақтарға қарай жан сауғалап үдірей көшеді. Сол мекен аударғандардың ішінде Мұрат та болады, осы халін ескерген ақын:Жетелеп ақ түйені жаяу кеттік,

Көрмеген бұрын-соңды асу жерге, -деп жазады. Осы күйзелістен кейін жасы ұлғайып қалған Мұраттың бұрынғыша ақындық салтанат құру, ду-думанға қатынасу, айтыстарға түсу ісі бірте-бірте кемиді. Қатын-баланы асырау, кедейшілікпен күресі, шаруаға былай да қыры жоқ ақынға оңай тимейді және жұтап қалған ауыл-аймақтан Мұратқа болысатындар да сиреп кетеді, бұл жағдайда Мұраттың денсаулығы де өте нашарлайды, жоқтықтың салдарынан ұзамай алпысты асып қайтыс болады. Мұрат: «Көк ала шекпен жез түймелерді» шенейді. Ол шаруалардың жер-суға, еркіне ие бола алмай, байлық пен молдықтың бәрі өктемдік еткендердің, жуандар, бектер, ақшалылар қолында болғанын көреді. Әділетсіздік күшейіп, дәрмені кетіп, бағынышты болған көшпенді шаруалар надандық қоршауында болды. Қазақ ішінен өрби бастаған қаскүнемдерге, «көк ала шекпендерге», елге басшылық етпегендерге Мұрат наразы. Халықтың қамын ойлап алуан ойға түскен Мұрат, әлдеқандай бір өзгеріс күтеді, ерлік тілейді, бұқараның алып күші дұрыс арнаға түссе, сол күш елді аман алып қалар ма екен? Қиянатшылардың бетін қайтарарлық қайрат көрсетілер ме екен?

Өгіз тауда өкіртіпОн екі жанды өлтірген.

Дегеніне келтірген, -сияқты заман болар ма деп тілейді, хандарды, зұлымдарды дегеніне келтіріп, жаманшылықтарын алдарынан шығаруға жарарлық батырлықты аңсайды, сол батырлықты ең алдымен халықтан күтіп, ақын айтқанын алдымен елге арнап айтады, жұртты ығыр қылғандарды, ақ патшамен ауыз жаласып, халық берекесін кетіргендерді шеней сөйлейді. Шаруалар әкімдердің тепкісіне түсті, өктемдер қол-аяқты байлады, күнкөрісті әлсіретті, праводан айырды, аңдыған дұшпан соңыңнан тіміскілеп қалмайтын болды, көнбеске көніп кеткеніміз бе?!

.

Дұшпан — тазы, біз — түлкі,Қашсаң ерікке қоймайды.Інге кірген, суырып,Құлғанадай қадалып,Қазынасы кең, құдайым!Сақтайсың сәлемет,

— деген ақын қамыға, назалана, қауіптене сөйлейді. Ауыр халден құтқарарлық не күш барын іздеп қиналады. Шынымен жұрт жадап, ашылмас тұманның ішінде қалғанымыз ба? Еңсесі түсіп тұрған қалың бұқара әр жерде жем болып, қиянатшыл қырсықтардың опасыздығын көріп жүрмек пе? Халық халін ойлап, бір дұрыс әрекет жасалмаса, ер өзін-өзі билей алмайтын болса, төрелердің қорлығында, патшалықтың шылауында жүріп күн көрем деу не місе?! Ұлықтар, болыстар, «сымпыстар» халықты адастырды, елге, кейінгі ұрпаққа кесірлі қауіп туғызатын да солар деп түсінеді. Бұл заман түзік емес, бұзықтығы, озбырлығы көп заман. Неше алуан әділетсіздікті өрбіткен заман. Соны көрмей, айтпай отыра аларсың ба?! Елге еткен қиянатты көре тұра жасыру ақындық арға жата ма?! Сөзімді естігендер оянар, бұзық заманды түзік заман деп далақтап, қара басы қамын ойлап, аман жүруді қанағат көргендерге, шен-шекпенге сатылғандарға бір тыйым болар деген үміт жасайды. Сөйтіп, Мұрат: «сымпыстар, болыстар, қалтасына сеніп шайқақтаған байлар, пысықтар» көк ала шекпен жез түймелерге бас имейді, оларды әшкерелейді, бұлардан құтылу үшін, ер намысы, бірлік, ерлік керек, білім алып өнерлі болмай, қатарға қосылып халықты бостандыққа жеткізіп болмас деген сияқты қорытындылар жасайды.Мұрат өз кезіндегі ақындар салты бойынша айтысқа талай түскен. Бірақ, ол тек «мал үшін тілін безеп» қайдағы мақтаншақтарды іздеп барып, мақтау өлең айтуды кәсібі еткен, сөйтіп өз қадірін көтерген, халық мұңынан өзін алыстатқан ақынға ұқсамайды. Ақын әлдеқандай мақтау өлең айтса, ол алдымен айтқанын адамшылыққа арнайды.Мұрат айтыс өлеңдерде сөз тапқыш, шешен, ажуаға шебер, ел арасы, ру арасы мәселелерінің егжей-тегжейіне жетік екенін білдіре отырады — мұның өзі ол кездегі айтысқа түскен ақындарға қажет қасиеттің бірі — деп есептелген. Айтысқа түсіп үйренген ақынға ата-бабаның жөн-жосығы, кім үлгілі, кім үлгісіз, кімнің түбі шикі, кімнің қандай міні бар, ауызға алып мадақтарлық не бар дегендерді, түгел біліп отыруы қажет болып, білмегенін көп білетін көнелерден үйреніп, түсініп алуы шарт болған. Осыны пайдасына жарата білген Мұрат, өзінен жасы үлкен, тәжірибесі мол Жылқышымен айтысар алдында, оны қай жағынан кінәлауға болатындығы туралы Есет биден ақыл сұрап алады, сөйтіп Жылқышыны жеңеді. Мұрат әсіресе жас кезінде айтысқа түспес бұрын білмегенін сұрап алып, даярланып барып айтысатын болған.Мұратпен алқа алдында айтысқан ақынның бірі — Тыныштық. Мұраттың бұл айтысы көп жөннен ақынның басқа айтыстарынан басқашалау келген. Мұрат өзге айтыстарында айтпақ болған ойын, айтысқа тікелей керек-ау деген сөздерден бастаса, бұл айтыста айтысушьшардың сөз етуіне шарт болып есептелмеген жалпылама жайтқа орын берілген. Мұрат айтыспай жатып, сыпайы қонақ болып ел аралап жүргенін бір сөйлеп алады, жолшыбай жүрген жерлерінде сауық құрып, бір ауылға түстеніп, бір ауылдан шай ішіп, сайрандап жүріп келгенін де айтады. Тап болдық Құлшардікінде піскен шайға, Түстендім Шерен деген бір ағама. «Қай үйге түсіп қонақ болатынымыз туралы жолдастармен алдын ала келісіп қағаз жазып уәделестік» дегендерді де айтады. Сөйтіп айтыс өлеңдерінің дәстүрлі түріне қатысты шамалы сөздер де ауызға алынады. Сөз таластыруды енді ғана бастаған Мұрат: «қауымыңа бүгін келіп жеттік, тісі қайтқан қорлық емес пе?» деген сияқты сөйлейді. Мұраттың айтыстары түр, мазмұн, құрылыс, сөз саптау жақтарынан әр алуан. Оның Тыныштықпен айтысы бір түрлі болса, Ізім шәйірмен айтысы екінші түрі, әр айтыстың өздеріне тән өзгешеліктері бар. Мұрат сан айтысып, ақындығы, тапқыштығы, орайлы сөз, ащы сөз, ажуа сөз, ілме сөз, кекету, даттау, мақтау, қалжың сөздерге шебер екендігіне көре айтысқан ақындарды сөзден ұта берген. Мұрат мақтау сөздер айтудан тіпті құралақан ақын десек те, бірақ ол мақтаса, батырлықты, әділдікті, намысқорлықты «Таласқан жар шетінде шенді әкімді» өгіздей байлап сабаған, «Нарында хан баласын иттей» қорлағандарды мақтаныш етеді, даттаса, Құсайын сияқты «өзінің қарындасын алып қашып», нәсілсіздік көрсеткендерді, әкесі ас қорыған болысты, асқа қақалып күлкі болған биді, озбыршыларды, ел берекесіне жарамаған, намысы жоқ сатылғандарды даттайды, айтыстарында да араны ашылған арсыздарды аластайды. Сөздеріне әлеуметтік мән беруді үнемі ұмытпаған Мұрат «Қайда бай мақтаншаққа» арнай мақтау өлең айтуды өзінің ақындық қабілетіне лайық көрмеді. Мұраттың зер салып жазған елеулі шығармасының бірі -«Қарасай -Қази». Бұл шығармада Мұрат өзінше ең керекті-ау деген мәселелер жөнінде пікір айтуды құнттайды. Ел қорғаны боларлық, жауға қылыш алып қарсы шығудан бас тартпайтын, халқы үшін аян-байтын қайратты ер ісін арман етеді.

http://kazorta.org/m-rat-m-ke-ly/



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу