Мұрат Мөңкеұлы "Үш қиян" өлеңі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 1-сабақ.


http://www.gpedia.com/kk/gpedia/%D0%9C%D2%B1%D1%80%D0%B0%D1%82_%D0%9C%D3%A9%D2%A3%D0%BA%D0%B5%D2%B1%D0%BB%D1%8B

Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906) - айтыскер ақын, жырау. Қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қарабау ауылында дүниеге келген. Жасынан жетім қалып, ағасы Матайдың қолында тәрбиеленген.

Ауыл молдасынан білім алған. Есет би мен Абыл ақыннан өнеге алып, өзі Мұрын жырау Сеңгірбайұлына ұстаздық еткен. Мұрат Мөңкеұлы 17 жасында Жылқышы, 20 жасында бала Ораз, 25-інде Жаскелең, Жантолы, Шолпан, Тыныштық сынды ақындармен айтысып, жеңіп шыққан. Ол өзінің өжет мінезі, қағытпаға жүйріктігі, тапқырлығымен әрдайым жеңіске жеткен.

Мұрат Мөңкеұлы елінің тәуелсіздігін аңсап, бодандыққа қарсы жыр толғады. Зар заман ақыны атанды. Ата қонысының отарлаушы талауына түскеніне налыған ақын өзі туып өскен даланың кешегі күнін сағынышпен еске алған. Оның «Әуелі жеңіп орыс Еділді алды, Сарытау, Аштарханның жерін алды. Тәмамы су мен нуды орыс ұстап, Қазақтың мұнан жұтап шалынғаны», «Қазақтың жер-мұрасы», «Кең қоныс қайдан іздеп таптырады?» деген жыр жолдары ақынның отаншылдық рухына дәлел болады.

Ақынның басты шығармасы - «Үш қиян». Мұнда ақын ескі дәстүрдің іргесі шайқалғанын, адамдар ниетінің бұзылуын сөз етеді. Құнарлы қоныстарды тартып алған отарлау нәтижесінде тұрмысы нашарлап, тығырыққа тірелген ел тағдыры ақынды тебірентпей қоймайды. «Үш қиян» толғауымен «Сарыарқа», «Әттең, қапы дүние-ай», «Қазтуған» жырлары үндес. Мұнда айтылатын басты нәрсе - жер, құтты қоныс жайы. Ол «Қарасай-Қази», «Шәлгез», «Ғұмар Қазиұлына айтқаны» атты жырларына діни аңыздарды негіз еткен. Білімді игермейінше елінің өркендемейтінін «Оқудан қайтқан азаматқа» өлеңінде аңғартады. Ақын мұрасының бір шоғыры - би-болыстарға айтқан арнау өлеңдері.

Мұрат Мөңкеұлы майталман жыршы, термеші ретінде де танылған. «Өлім», «Қыз», «Арғымақ сыйлап не керек», «Аттан сұлу болар ма?», «Жалғаншы фәни жалғанда» атты термелерінде заман сырына үңіліп, өмір мен өлім, жастық пен кәрілік, сұлулық хақында толғанады. «Оқудан қайтқан жігітке хат», «Еліне жазғаны», «Бір досқа» атты хат үлгісінде жазылған үш туындысы сақталған. Ақын «Қырымның қырық батыр» жырын, Шалкиіз, Қазтуған шығармаларын жеткізушілердің бірі болған. Әсіресе Махамбет өлеңдерін жеткізудегі еңбегі ерекше. Махамбет жырлары Қуан жырау - Мұрат - Ығылман ақындар арқылы біздің заманымызға жеткен.

Мұрат Мөңкеұлы шығармалары «Мұрат ақынның Ғұмар Қазиұлына айтқаны», «Ақын», «Мұрат ақынның сөздері», «Бес ғасыр жырлайды», «Алқаласа әлеумет», тағы басқа жинақтарда жарияланған. Б.Қорқытовтың құрастыруымен ақынның жеке жинағы шыққан.

Шығармаларын Х.Досмұхамедұлы, С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, А.Тоқмағанбетов, Қ.Жұмалиев, Б.Омаров, Қ.Мәдібай, тағы басқа ғалымдар зерттеген. Кейбір шығармалары орыс тіліне аударылған

https://yandex.kz/search/?clid=2282476&text=%D0%9C%D2%B0%D0%A0%D0%90%D0%A2%20%D0%9C%D3%A8%D2%A2%D0%9A%D0%95%D2%B0%D0%9B%D0%AB%D0%9D%D0%AB%D2%A2%20%D3%98%D0%94%D0%95%D0%91%D0%98%20%D0%A2%D0%A3%D0%AB%D0%9D%D0%94%D0%AB%D0%9B%D0%90%D0%A0%D0%AB&lr=164&p=8

Көшеге атау беру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 14 тамыздағы қорытындысына сәйкес Миялы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Миялы ауылында орналасқан жаңа көшеге Мұрат Мөңкеұлының есімі берілсін.

2.Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Округ әкімінің міндетін атқарушы: М.Кабилкайров

http://www.inderoo.kz/zhanaly-tar/97-m-rat-m-ke-ly-atynda-y-orta-mektepti-zha-a-imaraty-ashyldy.html

Президент күніне орай Индер ауданындағы Құрылыс ауылында Мұрат Мөңкеұлы атындағы орта мектептің жаңа ғимараты ашылды.  Ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Ә.Нәутиев құттықтап, Индер ауданындағы апатты 3 мектептің де жаңартылғанын атап өтті. Атап айтқанда жаңа оқу жылының басында Ынтымақ пен Аққалада жаңа мектептің ғимараты ашылса, енді, міне Құрылыс ауылында да осындай қуаныш жалғасып отыр.  Демеушілер атынан «Каспий құбырлар Концорциумы» АҚ атқарушы директоры М.Қарабалин, ауыл тұрғындарынан Т.Садиров құттықтау тілектерін білдірді.  Жаңа ғимараттың символикалық кілтін құрылыс жұмыстарын атқарған «Бек и Ко» ЖШС директоры А.Елеуов мектеп директоры Р.Рыспаеваға табыс етті.

 

Берекетке айтқаны

Бірде ауылдың белді адамдарының бірі (біреулер Барақат дейді, біреулер Берекет дейді) жолдастарымен бір жақтан жолаушылап келе жатып, қой соңында жүрген Мұратты көріп серіктеріне:

– Осы бала ептеп өлең айтады дейді, байқап көрелік, – деп Мұраттың жанына келіп, ат үстінде тұрып:

– Ойнайды қара суда құты балық,

Жолықпай бұл баладан құтылалық.

Томпаңдап қойсоңында жүгіресің,

Әкеңді жас басыңнан жұтып алып, – дейді.

Мұрат жасқанбастан:

– Я, ойнайды қара суда құты балық,

Жолықпай біз де сізден құтылалық.

Алшаңдап ат үстінде сен де жүрсің,

Ағаңды алдындағы жұтып алып, – дейді.

Берекет тіл қатпастан аттың басын ауылға бұрып, Мұраттың ақындықпен аты шығып жүрген ағасы Матайды шақырып алып:

– Ана балада бір желік бар, өзіңдей ақын болайын деп тұрған бала, – деп оны қойдан босатуға, сауатын ашыңқырауға, елдегі той-топырға қатыстырып, өлең айтуға машықтандыруға жол ашады.

Мұраттың «Ағаңды алдындағы жұтып алып» деуінде мынадай гәп бар екен. Берекеттің туған ағасы ел басқарушы азаматтардың бірі болса керек. Сол ағасы қайтыс болып, енді Берекет атқа мініпті. Сөйтіп, Мұрат бала да болса талма жерден ұстап, Берекеттің алдын байлап тастаған.

Ағайынға айтқаны

Мұраттың он екі жастағы кезі болса керек. Туыстас ағайынның бір үйір жылқысы ауа жайылып кетеді де, соны тауып келуге Мұратты жұмсайды, еңбегіне тай мінгізетін болады. Шаруаға онша қыры жоқ Мұрат үш-төрт күннен кейін:

– Таба алмадым, – деп қайтып келеді.

Бұған ренжіген ағайын:

– Әй, сорлы бала, сен бұл қырсыздығыңнан жарымассың, сенен күдерімді үздім, – дейді.

Сонда Мұрат қысылмай:

– Аға-еке, бұл баладан күдер үзбе,

Онан да мінгізетін тайыңды ізде.

Инша Алла ризықтан кенде болман,

Келіппін дүнияға қоңыр күзде.

Кесірін қысырақтың айғырдан көр,

Жылқысын қайырмаған сылбырдан көр.

Баланы қуантқаннан кемімессің,

Құдайым қабыл етсін, ақымды бер, – дейді.

Әрі құдайынан қорыққан, әрі Мұраттың сөзінен сескенген ағайыны тай мінгізіп құтылады. «Жылқысын қайырмаған сылбырдан көр» деп отырғаны – жылқыны бақтырып қойғаны әлгі ағайын адамының туған інісі екен.

Жеңгелеріне айтқаны

Мұраттың он үш жасар кезі екен. Бірде үйге келсе, былқып піскен етке тап болады. Матай ауылда жоқ болса керек, жеңгелері Мұраттың алдына табақ тартып:

– Ал, қайным, осыған бірдеңе деп жіберші, – дейді. Мұрат жеңгелерінің көңілін қимай:

– Ас берсе Сағира мен Қайша берсін,

Жей алмай май табағын қайта берсін.

Қонағы ат тұяғы жеткен жерде

Аузынан суы құрып айта берсін, – дейді.

Жеңгелері дән риза болады. Сағира – өзінің туған жеңгесі, Матайдың әйелі, Қайша – көрші жеңгелерінің бірі.

Қыз-келіншектерге айтқаны

Мұраттың он бес жастағы, елге ептеп таныла бастаған кезі болса керек. Ел жайлауға көшіп қоныстанып жатады. Мұрат тігіліп жатқан көрнектілеу бір үйдің жанына келіп, ат үстінен қоныс құтты болсынын айтады. Үй тігіп жатқан көңілді қыз-келіншектер Мұратты танып:

– Құтты болсын қарасөзбен емес, өлеңмен айтылсын, – деп оны сөзге тартады.

Мұрат ат үстінде тұрып, сол бойда:

– Өлеңнің мен айтамын өнегесін,

Жайықтың елім жайлайды кенересін.

Ақ отау әшекейлі тігіп шетке

Бастырды алты зермен дөдегесін.

Қыздары осы ауылдың қандай шандоз,

Қонғанда атпен жаяды керегесін.

Сапырып сары қымыз қойды жолға,

Дегендей ақын-билер келек етсін.

Өлеңге сен де жетік, мен де жетік,

Айтсаңшы жетік болсаң мендей етіп.

Мәсі, байпақ, жібек шұлғау, кестелі етік,

Ұштаптан киді көйлек күлтелі етіп.

Иығыңа екі үкінің жүнін тағып,

Жарасар жорға мінсең дөңгелентіп.

Шығасың қара қырға қолың сермеп.

Жиналған топ әлеумет біздікөр деп, –

дегенде, риза болған қыз-келіншектер Мұратты аттан түсіріп, қымыз құйып, дәм таттырады.

ҚБ тапсырмалары

1-тапсырма Ж.

        • «Зар заман» дегенді қалай түсінесіздер?
        • «Зар заман» ақындары жайлы не білесіздер?

ББҮ кестесінің алғашқы екі бөлігін толтырыңыздар.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

2-тапсырма «Ойлан. Жұптас. Бөліс.» Ж.,ЖЖ.,ТЖ.

  • Зар заман ақындары жайлы ақпаратты оқып, кестенің үшінші бөлігін тезис түрінде толтырыңыздар.
  • Жұпта сұрақтар қойып, өз жауаптарыңызбен бөлісіңіздер.
  • Жақсартылған жаңа жауаптарыңызды топта баяндаңыздар.

Глоссарий

Інген - қос өркешті түйе.

Қоңсы - көрші.

Шапағат - рақым, мейірім, шарапат.

Нар - жалғыз өркешті, асыл тұқымды ірі түйе.

Қиян - «ит арқасы қиянда» деген афоризмді тіркеспен мағыналас, барыс-келісі азапқа толы аяқ жетпейтін жер.

3-тапсырма ЖЖ/Т. «Үштік сұхбат»

А тобы өлең жанры, мазмұнына қысқаша шолу жасайды.

В тобы 5 сұрақтар дайындайды.

С тобы түйінді пікір айтып, сараптама жасайды.

Тапсырмаға сай қалыптастырушы бағалау критерийлерін өздеріңіз құрастырыңыздар.

4-тапсырма Ж.

«Мендік пікір» арқылы шығармадан алған әсеріңізді жеткізіңіз.

 

Мені қинағаны…

 Мені түңілдіргені…

 Мені жұбатқаны…

Мені өкіндіргені…

Мені үрейлендіргені…

Мені сүйсіндіргені…

Мені қуантқаны…

Мені  қайраттандырғаны…

Менің  тілегім…

Мені қызықтырғаны…



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу