Мұрат Мөңкеұлы "Үш қиян" өлеңі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, презентация. 4-сабақ.
Конверттегі сұрақ
1. «Үш қиян» өлеңінде аты аталатын (Асанқайғы, Қазтуған, Орақ, Мамай, Телағыс, Шора, т.б.) тұлғаларға қатысты 2 сұрақ құрастырыңыз.
2. Стикерге атыңыз бен жауабыңызды жазыңыз, осыдан кейін конвертті келесі оқушыға беріңіз.
3. Стикерлерді жинап, бірнеше жауап дауыстап оқып, белгілі бір сұрақты таңдап қаншалықты дұрыс болғанын талқылаңыз.
Мысалы:
1.Өлеңдегі Әз Жәнібек ханның қала тұрғызудағы әрекетін ақын қалай сипаттайды?
2. Батырлардың Еламан биге жүгінуіне себепші болған қандай оқиға?
3. Автор белгілі бір тұлғаның шынайы сипатын танытуда қандай құралдарды қолданған?
Сабақтың тақырыбы
Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі
«Үш қиян» өлеңіндегі ерлік пен елдік
Сабақтың мақсаты
А/И3. Көркем шығарманың тілі
Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау
Суреттерді пайдаланып, әдеби-теориялық ұғым атауына мысал келтіріп, түсінік беріңіз.
Мына өлең жолдарын толықтырып, қайталау түрлеріне түсінік беріңіз.
А--------------------------------------------
А--------------------------------------------
А--------------------------------------------
Қ--------------------------------------------
Қ--------------------------------------------
Қ--------------------------------------------
Мен--------------------------------------------
Мен--------------------------------------------
---------------------------------------- деп,
---------------------------------------- деп.
Суреттерге сипаттама беріңіз. Қайталау түрін еске түсіріңіз.
Қазына іздеу
Оқулықта берілген Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян» өлеңінен «Қазына» ретінде теңеу, эпитет, метафора, риторикалық сұрақ, эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, психологиялық параллелизмді, көнерген сөздер, фразеологизмдер, дисфемизм, эвфемизм, шешендік сөздерді, т.б. тауып, қолдану ерекшелігіне талдау жасаңыз.
Әрбір қазынаны тауып талдағаннан кейін, автор стилін анықтаңыз.
Мен айтыскер боламын
Мұрат жас кезінен жиын тойға үнемі араласып, өлең айтуға машықтана бастайды, ел ішінде: “шешен, тапқыр бала" атанып жүреді. Көп ұзамай ол айтысқа да түседі. Мұрат айтыстың асқан шебері болумен қатар үлкен эпик ақын.
Ысқақ Тәкімұлы
Зерттеуші пікірін растау мақсатында М.Мөңкеұлының сөзімен айтқанда: «Екі жақты, бір тілді, Сөйлейтін сөзге шешенмін» демекші, теңеулер мен эпитеттерді пайдаланып, айтыс ақыны ретінде жұпта сайысқа түсіңіз.
Бағалау критерийі
Рефлексия
Үй тапсырмасы
М.Мөңкеұлының ақындық шеберлігін зерттеген филология ғылымдарының докторы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры Қадыр Жүсіптің еңбегін қосымша ресурстардан оқыңыз.
Зерттеу нысанына назар аударыңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?