Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 7-сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Бөлім: Көркем әдебиет және эпикалық сарын | Мектеп: | |||||||||||||||||||||||
Мерзім: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі | |||||||||||||||||||||||
Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттар (Оқу бағдарламасына сілтеме) | Т/Ж2.Әдеби шығарманың тұжырымдамасы | |||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты | Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу | |||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
| |||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Сөздер мен сөз тіркестер: Зар заман, толғау, бәйіт, жан күйзелісі Пән лексикасы және терминология: идея мен пафос, ұлттық мүдде Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: менің ойымша...., мен оны былай түсіндіремін....., себебі....., оған мынандай дәлел келтіре аламын...., мәселенің шешеу жолдарын ұсынар болсам,...., қорыта келе,....... | |||||||||||||||||||||||
Құндылықтар | туған жер, атамекен | |||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | География, тарих | |||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім | Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі | |||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||
Жоспарлан ған сабақ кезеңдері | Жоспарланған жұмыс түрлері | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-7 8-9 | Қызығушылықты ояту Суреттер толғайды Сурет бойынша сұрақтарға жауап беріп, әңгімелеңіз немесе автор тілінде жиі қайталанатын эпифораларды қолданып, жыр жолдарын құрастырыңыз. Бұл қандай сурет? Ненің кескіні? Суреттегі елді мекендер Қазақстанның қай аймағында? Осы жер-су атаулары туралы жазылған қандай шығармаларды білесіз? Суреттегі тұлғалар туралы не айта аласыз? Олар сізге таныс па? Суретке қандай атау берер едіңіз? Сабақ тақырыбы мен мақсатын бірлесе талқылап таныстырады. | Сарыарқа 1-нұсқа 31-38 бет | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 10-14 15-25 26-31 32-35 | 1-тапсырма. «Әдеби шеңбер» әдісі Оқушыларға М.Мөңкеұлының «Сарыарқа» өлеңінен үзінділер таратылады. Оқушылар жұппен үзіндіні оқып, мәтіндегі тарихи оқиғалар мен тұлғаларға, жер-су атауларына түсінік береді, шығарманың идеясын анықтайды. 1. Талқы себепшісі – «Сарыарқа» өлеңінің мазмұны бойынша 3 сұрақ құрастырады. (кейіпкерлері, сюжет, қарым-қатынас, автор позициясы, т.б. бойынша) 2. Белгілеуші – өлең идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашып, маңыздылығын дәлелдейді. 3. Байланыстырушы – өлең идеясы мен автор көтерген мәселені өмірмен байланыстырады, дәлелдейді. 4. Қорытындылаушы – автор позициясы мен идеясын, көтерген мәселесін қорытындылайды. 2-тапсырма. «Өзіндік пікір» әдісі Оқушылар төменде берілген зерттеуші қорытындысына өз талдаулары негізінде пікір білдіреді. Ақын пайымдауынша, ел болашағы барынша бұлдыр, мұнартқан сағым секілді болып көрінеді, сол себепті ол өткенді ойлап, соның қаймағы бұзылмай қайта оралуын көксейді. Бұл жырлар Шортанбай, Дулат шығармаларымен терең үндесіп өзара астасып отырады. Дәл осы сарынды Мұраттың “Сарыарқа” туындысына да тән деген жөн. Мухатаева Қоңыр «Ы.Т.Дүйсенбаевтың ғылыми мұрасы» зерттеу еңбегінен Топтық бағалау.
| презентация шығарма үзінділері 1-12 бөлімдерін толық немесе сыныптың деңгейіне қарай қысқартып беруге болады. | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 36-40 |
| |||||||||||||||||||||||
Дифференциацияны, берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушылардың алдына қандай міндеттемелер қоясыз? | Сіз оқушылардың сабақ барысындағы білім деңгейін Бағалау үшін қандай әдіс-тәсілдерді пайдаланасыз? | Техника қауіпсіздігі мен денсаулықты сақтау | ||||||||||||||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, оқу материалдарын таңдау және ресурстармен жұмыс жасауда оқушының жеке қабілетін ескеріп, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдалан ыңыз. | Денсаулықты сақтау технологиялары. Белсенді әдіс-тәсілдер мен сергіту жаттығулары. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?