Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 9-сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ: 9

Мектеп:

Пән: қазақ әдебиеті

Күні :

Мұғалім:

Сынып: 8 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

8.А/И2. Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау.

Сабақ мақсаты:

Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдайды.

Құндылықтарды игерту:

«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:

  • Тіл мен мәдениет

НЗМ құндылығы:

  • Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
  • Ынтымақтастық;
  • Жауапты азаматтық позиция.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу, өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:

Тарих, қазақ тілі пәндерінен алған білімдерін еркін қолданады.

АКТ-ны қолдану дағдылары:

слайд

Бағалау критерийі:

Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдай алады.

Дескрипторлар

  • шығармадан кейіпкер бейнесін ашатын деректер жинайды;
  • автор туралы өзінің ой-пікірін білдіреді;
  • автор тұлғасын ашатын сұрақтар қояды;
  • автордың кейіпкерлерді суреттеудегі қолданған тәсілдерін анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: өлең, жақсылық тамшысы, қозғаушы күштер, тежеуші күштер, автор бейнесі, тарихи шындық, азаматтық борыш т.б.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша, шығармадағы кейіпкерлер... автор туралы өзімнің ой-пікірімді айтар болсам; пікіріме мынадай дәлелдер келтіргім келеді; оның мынадай себептері бар; түйіндей келе т.б..

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин

Қызығушылықты ояту

«Жақсылық тамшысы»

Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін немесе өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін стикерге жазып жеткізеді. Іліп жатқанда әрқайсысы өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсылықтарын, қасиеттерін жария етеді.

Оқушылар сабақтың мақсаты, бағалау критерийі, дескрипторлармен танысады.

Топқа бөлу

http://adebiportal.kz/web/viewer.php?file=/upload/iblock/66b/66bf893db8d08773c12bacd971f13382.pdf&ln=kz

Сабақтың ортасы

6-10

11-21+5

(қорғауға әр топқа

1,5 минуттан)

 27-35

Мағынаны тану

1 - тапсырма ЖЖ. «Күш алаңдарын талдау» әдісі

  • Қозғаушы күштер бағанына өлеңді жазуға себеп болған тарихи оқиғалар мен кейіпкерлерді жазыңыз;
  • Тежеуші күштер бағанына автордың құндылықтарын

жазыңыз.

Жұптар жазғандарын басқа жұппен бөліседі.

  • тапсырма ТЖ. «FILA толтыру»

Топ құрамында төрт адам болады. Әрқайсысы «FILA толтыру» әдісі бойынша тапсырма түрлерін бөліп алады, қорытындысында жұмыстарын біріктіріп, кестені толтырады.

F/ Дерек/ – шығармадан кейіпкер бейнесін ашатын деректер жинау;

I /Пікір/– автор туралы өзінің ой-пікірі;

L /Сұрақ/– автор тұлғасын ашатын сұрақтар;

A /Іс-әрекет/– автордың кейіпкерлерді суреттеудегі қолданған тәсілдері.

Деректер

Ойлар

Сұрақтар

Іс-әрекет

Жұмысты орындап болған соң топтар «Карусель» әдісімен жұмыстарын алмасып оқиды және топтар бірін-бірі бағалау критерийі арқылы бағалайды.

Бағалау критерийі

Дескрипторлар:

Поэзиялық шығармадағы автор бейнесін анықтап, баға береді.

шығармадан кейіпкер бейнесін ашатын деректер жинайды;

автор туралы өзінің ой-пікірін білдіреді;

автор тұлғасын ашатын сұрақтар қояды;

автордың кейіпкерлерді суреттеудегі қолданған тәсілдерін анықтайды.

Қалыптастырушы бағалау

3 - тапсырма Ж. «Конверттегі сұрақ» әдісі

Оқушылар кейіпкер бейнесіне қатысты бір сұрақ, автор бейнесіне қатысты бір сұрақ жазып, конвертке салады. Мұғалім конверттегі сұрақтарды араластырып, оқушыларға таратады. Оқушы екі минут ішінде стикерге сұрақтың жауабын және өзінің атын жазады; мұғалім стикерлерді жинап, конвертке қайта салады; бірнеше жауап дауыстап оқылады, сынып белгілі бір сұрақтың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды. Мысалы:

1. Өлеңде тарихи шындықты автор қалай сипаттайды?

2. Автордың туған жеріне, оның тағдырына деген сезімі қаншалықты шынайы жырланады?

3.Автор нені аңсады?

Өзін-өзі бағалау

Сабақтың соңы

36-40

Не көрдің?

Не естідің?

Не туралы білдің?

Не сезіндің?

Не ойлайсың?

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

«Күш алаңдарын талдау» әдісі арқылы оқушы жұбымен жұмыс жасай отырып, шығармадағы маңызды оқиғаларды талдай білуге төселеді; қабілеті жоғары оқушы жұбына тапсырманы орындау барысында қолдау көрсетеді. «FILA толтыру»

әдісі кезінде тапсырма түрлерін бөліп алады, яғни өз қабілетіне қарай жұмыс жасайды; «Конверттегі сұрақ» әдісі бойынша өз бетімен сұрақ қоя біліп, басқаның жауабын талқылауға қатысады.

Оқушылар «FILA толтыру» әдісі кезінде мұғалім ұсынған бағалау критерийіне сүйене отырып, топта әділ бағалау жүргізеді. «Конверттегі сұрақ» әдісі тапсырмасы бойынша өзін-өзі бағалайды.

Қызығушылықты ояту сатысында сыныпта жағымды

психологиялық ахуал туғызу үшін психология пәні мұғалімі кеңесіне жүгінуге болады. Жұмыс барысында оқушылардың партада дұрыс отырулары, сөмкелердің бөгет болмауы қпдағаланады.

Осы сабақ барысында

  • Өзіне және айналадағы

адамдарға құрмет;

  • Ынтымақтастық;
  • Жауапты азаматтық позиция тәрізді НЗМ құндылықтарын дамытуға мүмкіндік бар.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу