Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 19-сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақ: № 19 | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пән: қазақ әдебиеті | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні : | Мұғалім: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 8 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: | 8.Т/Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты: | Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктейді. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды игерту: | «Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:
НЗМ құндылығы:
Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу, өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс: | Тарих, қазақ тілі, өнер пәндерінен алған білімдерін еркін қолданады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ-ны қолдану дағдылары: | слайд | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі: | Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктей алады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: көркем шығарма, кейіпкерлер, сомдау, тура мінездеу, жанама мінездеу, жіктеу т.б. Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Менің ойлауымша; өз пікіріме дәлел келтірер болсам; оның мынадай себептері бар; ойымды қорытындылай келе т.б. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім | Оқушылар «Еңлік-Кебек» дастанының мазмұнын толық меңгеріп, жанрлық ерекшелігі, сюжеттік желісі, дастан мазмұнында көтерілген мәселелер туралы жалпы түсінік алып, тапсырмалар орындады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 мин | Қызығушылықты ояту «Маңдайдағы стикер» әдісі Ортаға өз қалауымен бір оқушы шақырылады. Мұғалім оқушының маңдайына стикерге жазылған дастандағы кейіпкердің атын жапсырады. Қалған оқушылар кейіпкердің есімін айтпай, портреті, іс-әрекеті, туыстық қарым-қатынасы т.б. арқылы жұмбақтап сипаттайды. Маңдайына стикер жабыстырылған оқушы кейіпкердің кім екенін табуға тырысады. Оқушылар сабақтың мақсаты, бағалау критерийі, дескрипторлармен танысады. Топқа бөлу. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 6-15+3 мин 19-28 мин 29-34 мин | Мағынаны тану 1-тапсырма ЖЖ. Әңгіме кестесі Оқушылар шығармадан кейіпкерлерге берілген тура және жанама мінездемелерді теріп жазады.
Бағалау парағы
Қалыптастырушы бағалау. Жұптар жұмыстарымен алмасып бағалау критерийіне сүйеніп тексереді, дұрыс жауапқа құсша белгісін қояды, қате жауапты ақылдасып түзетеді. 2- тапсырма ТЖ. Образдық талдау 1-топ. Кейіпкер іс-әрекеті, сөз саптау, ойлау ерекшеліктеріне шығармадан дәлелдер келтіре отырып, Кебек образын ашыңыз.
2-топ. Кейіпкердің басқалармен диалогы, кейіпкер мінезін ерекшелеп тұрған сөздер, суреттемелерді тауып, шығармадан дәлелдер келтіріп, Еңлік образын ашыңыз.
3-топ. Кейіпкердің басқалармен қарым-қатынасы, қақтығысы, қоршаған ортаға көзқарасына шығармадан дәлелдер келтіріп, Кеңгірбай (Қабекең) би бейнесін ашыңыз.
4-топ. Кейіпкердің адами қасиетін анықтау, оның оқырманға әсеріне шығармадан дәлелдер келтіре отырып, Нысан абыз образын ашыңыз.
Қалыптастырушы бағалау. Топтар орындаған жұмыстарын «Карусель» әдісімен жылжыта отырып оқиды, бір-бірінің жұмысын комментарий жазу арқылы бағалайды. 3- тапсырма ТЖ. Оқушылар https://yandex.kz/video/search?filmId сайтынан Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясы студенттері қойған М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» спектаклінен (3.00 минуттан бастап) үзінді көреді. Актерлер ойыны дастанның қай оқиғасымен сәйкес екенін анықтайды. Актерлердің кейіпкерлерді суреттеу шеберлігінің дастанда суреттелген кейіпкерлер образымен ұқсастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы салыстырады, өз постерлерін қорғау арқылы пікірталасқа түседі. . | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 35-40 мин | Кері байланыс Менің түсінгенім.... Менің тұжырымым ..... Менің жұмысымның бағасы .... | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
«Қызығушылықты ояту» сатысында өз қалауымен ортаға шақырылған оқушы маңдайындағы стикерге жазылған дастандағы кейіпкердің атын табуға тырысса, қалғандары кейіпкердің есімін айтпай, портреті, іс-әрекеті, туыстық қарым-қатынасы т.б. арқылы жұмбақтап сипаттау арқылы сабақты жандандырады. Оқушылар «Әңгіме кестесі» арқылы кейіпкерлерге берілген тура және жанама мінездемелерді теріп жаза отырып, дұрыс жіктеуге тырысады. Қабілеті төмен оқушылар қабілеті жоғары оқушылармен ынтымақтаса жұмыс істеп, мақсатқа жете алады. М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» спектаклінен үзінді көру барысында оқушылар актерлер ойыны дастанның қай оқиғасымен сәйкес екенін анықтаумен қатар, актерлердің кейіпкерлерді суреттеу шеберлігінің дастанда суреттелген кейіпкерлер образымен ұқсастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы салыстырып, өздерінің сыни ойлауын дамытады. . | «Әңгіме кестесі» тапсырмасын орындау кезінде жұптар жұмыстарымен алмасып бағалау критерийіне сүйеніп тексереді, дұрыс жауапқа құсша белгісін қояды, қате жауапты ақылдасып түзетеді. Топтар орындаған жұмыстарын Образдық талдау жұмысын орындағаннан кейін топтар жұмыстарымен алмасып, «Карусель» әдісімен жылжыта отырып оқиды, бір-бірінің жұмысын комментарий жазу арқылы бағалайды. | Топтық тапсырмаларға жауап беру кезінде оқушылар сабақ үстінде: - смартфон, гаджеттерді рұқсатсыз қолданбау; - сабаққа кешікпеу; - белсенді оқу әрекеттері кезінде парталар мен орындықтардың арасында абайлап жүру керектігі ескертіледі. Мұғалім сынып ішіндегі қозғалысты реттеу, бір-біріне/жұптарға/топтарға кедергі келтірмеу жағын бақылайды. Осы сабақ барысында:
сияқты НЗМ құндылықтарын дамытуға мүмкіндік бар. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?