Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 21-сабақ.
https://cyle84.blogspot.com/p/160.html
Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 160 жыл толуына орай
«Анық байлық денеңе біткен өнер...»
Қайран, қайғысыз, қамсыз күндерім,
Сайран, сауықты рахат түндерім
Сендерден не пайда?
Асқан алпыстан мынау жасымыз,
Қашқан шындықтан ғаріп басымыз,
Қаларсың қай сайда?
Шәкерім ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ.
Белгілі қаламгер Әбіш Кекілбаев ел Тәуелсіздігінің елең-алаң тұсында «Бостандық – ұлтты бодандықтан да қатты сынайды» дегені бар еді. Жазушының ел рухын берік ұстауға үндегені, намысты қайрағаны болар. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда ел іргесін бүтіндеп, жоғын тауып, тарихын таразылап, кеңестік солақай саясат салдарынан жазықсыз опат болған тұлғаларын танытып, олардың еңбек-шығармаларын баян етті. Дегенмен де, Тәуелсіздік алғанымызға ширек ғасыр уақыт болса да туған өңірі болмаса, былайғы жерде есімі мен шығармашылығы әлі де болса көп айтылмай, танылмай жүрген тарих тудырған тау тұлға - бес арыстың бірі Шәкерім Құдайбердіұлы.
Даналықты тәмсілдеген Шәкәрім ата кеңес үкіметінің қолшоқпары қара жүрек Қарасартовтың оғынан опат болып, отыз жыл Шақпақтағы құр құдықта қалды... Айдауда, Сібір жақта болған, ақыры еліне аман оралған ұлы Ахат отыз жылдан кейін әке мүрдесін құдықтан қазып алды, арулап Жидебайға, ағасы әрі ұстазы Абай ақынның жанына жерледі, кейін өзі де сол арадан, әкесінің жанынан жай тапты.
... Осыдан бірер жыл бұрын Павлодар саябағындағы «Қымызмұрындықта» киіз үйден домбыра үнімен үндесе әуелей шыққан ән елең еткізді... Соншалықты әуезді, әдемі дауыс «Ән өлшеуіш, өлең күміс, Қоспаңыз мыс аралас. Артық алу, не кем салу, Әрпі қалу жарамас» деп құйқылжыды. Ойпырау-ау, бұл Шәкерімнің әні ғой. Киіз үйдің ішіне ендім, алқалаған көпшіліктің ортасындағы ән шырқап отырған ұлттық киімдегі әнші әйел келбеті көзге оттай басылды. Ат жақты, қыр мұрынды, ұялы көзді, қабағы көз қиығын жапқан Шәкерім атаның фотосуреттегі келбеті жарқ еткендей болды.
Фотосуреттегі бәрімізге таныс Шәкәрім ата. «Буыны сегіз, алтауы егіз, Үш ем деңіз, екеуі. Кім дәл басты, кілтін ашты, Жақсы ұйқасты нешеуі». Ән қалықтап барып, ақша бұлттан асып кетті ме... Әуезге ұйыған жұрт тым-тырыс қалды. «Ойпырмай, осы ән де бар екен-ау, қалай, қайтып ұмыта жаздағанбыз...» деген кейіпте.
Көпшілік ду-у етті, тағы ән сұрады. «Тегін адам болмассыз, сірә» деген оймен әншіге жақындадым. «Есімім – Құралай, Шәкерімнің ұрпағы болам, Семей, Абай ауданы жағынанмын» деді. «Асылдың сынығы» деген осындай-ақ болар. Құралай апаймен көп әңгімелестік, сол жолы. Жақында редакцияға апайдың өзі келді, қолында нағашы атасына шығарған өлеңдері. «Әлдебір ішкі ой – толғаныс атам жайлы өлең жазуға жетелейді, жарықтық кейде түсіме енеді,- деді әңгіме арасында. - Павлодарда Шәкерім атамның тағы бір ұрпағы бар, Мақсат есімі».
Құнанбай қажы ұрпақтарымен дидарласу, әйгілі адамдардың тағдырын олардың аузынан есту бір ғажап қой. Ақыры жезтаңдай әнші, домбырашы апай мен бауыры Мақсатпен дидарластық.
Сая Молдайып
«Тайны и судьбы великих казахов »
шәкәрім құдайбердіұлы туралы хабарға сілтеме:
https://yandex.kz/video/search?filmId=9970653430425064222&text
http://old.itest.kz/exam_lecture?id=674
Шәкәрім Құдайбердіұлы, Шәңгерей Бөкеев, Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармалары
Қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен әдебиетінің көрнекті өкілі Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 – 1931 жылдары өмір сүрген. Шәкәрім – ұлы ақын Абайдың Құдайберді деген ағасынан туған немере інісі.
Бес жасында әкесі қайтыс болған Шәкәрім атасы Құнанбай мен ағасы Абайдың қамқорлығында болған. Жеті жасынан бастап өлеңге, өнерге әуестенген Шәкәрім өсе келе домбыра тарту, гармоньда ойнау, ән салу, саятшылық құру сияқты өнермен де шұғылданған. Шәкәрім Абайдың ақыл-кеңесімен, ықпалымен ізденудің нәтижесінде өз заманының ойшыл, білімдар адамдарының бірі болған. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік меңгерген. Өзінің бар ғұмырын білім алуға, ізденуге арнаған Шәкәрім 1905 – 1906 жылдары Меккеге барып, Ыстамбұл қаласындағы кітапханалардан өзіне керекті материалдар жинайды, Мекке, Мединеқалаларының тарихымен танысады. Жинаған материалдары негізінде «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», «Мұтылғанның өмірі» деген өмірбаяндық шығармалар жазған.
Өмірін оқу-білімге, өнер жинауға арнаған Шәкәрім Құдайбердіұлы 1909 – 1910 жылдары Шыңғыстаудың қойнауындағы Шақпақ деген жерде жалғыз тұрып, жинаған білімін қағаз бетіне түсірумен айналысқан. Ұлы ақын Абайдың ағартушылық бағытын ұстанған Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жастарға», «Насихат», «Үш-ақ түрлі өмір бар», «Ғылымсыз адам айуан», «Жасымнан жетік білдім түрік тілін», «Сынатарсың өзіңді» деген қалың бұқараны ғылымға, оқуға, білімге, өнерге шақырған өлеңдері бар. Ақын:
Адамдық борышың –
Халыққа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай,
Ар сақта, оны біл, –
деп, өмірдің мәні еңбекте екенін насихаттаған.
Шәкәрімнің реалистік лирикасындағы өзекті тақырыптың бірі – махаббат лирикасы «Жастық туралы», «Шын сырым», «Ақыл құсы адаспай аспандаса», «Анық асық – әулие» атты өлеңдерінде көрініс тапқан.
Абай сөзін, Абай идеясын өзіне мұрат тұтқан Шәкәрім «Ақындарға», «Ескі ақындық», «Бұл ән – бұрынғы әннен өзгерек» деген өлеңдерінде ақынның қоғамдағы орны, ақындық өнер, сөз тазалығы туралы ой түйген. «Бұл ән – бұрынғы әннен өзгерек» өлеңінде:
«Ән – өлшеуіш,
Өлең – күміс,
Қоспаңыз мыс аралас», –
деп, өлеңді, әнді күміске теңеп, оның қоспасыз таза болуы қажеттігін ескерткен. Ел арасына кең тараған бұл әнді музыка зерттеушісі А.В.Затаевич нотаға түсірген. Жалпы Ш.Құдайбердіұлының жиырмаға жуық әні бар.
Араб, парсы, түрік, орыс, татар тілдерін жетік білген Ш.Құдайбердіұлы көркем аударма саласында да қарқынды еңбек еткен. Шығыс классигі Физули жырлаған «Ләйлі-Мәжнүн» поэмасын, Хафиздің бірнеше өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Орыстың ұлы ақындары Л.Н.Толстойдың «Үш сауал», «Асархаддон патша» шығармаларын, А.С.Пушкиннің «Дубровский» романын, «Боран» повесін өлеңмен қазақ тіліне аударуы Шәкәрімнің жан-жақты білімдар екенін танытады. «Жасымнан жетік білдім орыс тілін» өлеңінде: «Танбаймын, шәкіртімін Толстойдың», – деп, ұлы жазушыны өзіне ұстаз санаған.
Ш.Құдайбердіұлы – «Еңлік – Кебек», «Қалқаман – Мамыр», «Айсұлу – Нартайлақ». «Ләйлі – Мәжнүн» сияқты эпикалық поэмалары арқылы қазақ әдебиетінің поэма жанрының дамуына үлкен үлес қосқан эпик ақын.
«Еңлік – Кебек» – Ш.Құдайбердіұлының ХVІІІ ғасырдың аяғында Шыңғыстау төңірегінде өткен оқиға желісі бойынша Абайдың тапсыруымен жазған поэмасы. Поэманың бас кейіпкерлері Еңлік пен Кебек бірін-бірі ұнатып, Кебек өзінің Қозыкүрең атымен Еңлікті алып қашып кетуімен екі ел арасында дау-шар басталады. Қос ғашықты тығылып жатқан жері Қара жартастан тауып алып, жаза қолданады. Еңлік пен Кебектің өмірге келген сәбиі шырқырап жылап жартаста қала береді.
Поэма кейіпкерлері:
Нысан абыз – ақыл мен көрегендіктің иесі, құдіретті жан. Кебектің болашағына бал ашып, ажалы тауда кездесетін «биік қабақ, сұрлау қыздан» екенін болжайды.
Кебек – он бесінде елге аты тараған, өткір көзді, қара торы, орта бойлы, кең иықты, тапалдау келген, жауға батыл, жақынға мейірімді, алған бетінен қайтпайтын қайсар жігіт.
Еңлік – өжет те тәкаппар, ары таза, жаны нәзік, жақсы мен жаманды тани білетін талғампаз, биік қабақ, сұрлау келген қайсар қыз.
Қабекең (Кеңгірбай) – Тобықты руының сөзін ұстар биі.
Поэма қайғылы оқиғамен аяқталады. Қос ғашық әлеуметтік шиеленістің, ру аралық тартыстың, қоғамдық қайшылықтың құрбаны болған.
«Қалқаман – Мамыр» поэмасын ақын «тарихи хикая» деп атап, «Мұтылған»
деген лақап атпен жариялаған. Поэма – Қалқаман мен Мамыр арасындағы махаббат драмасына құрылған, жанры жағынан лиро-эпикалық дастан. Поэма кейіпкерлері:
Әнет баба – Арғынның биі, ел ағасы.
Мәмбетей – Арғын руының байы.
Мамыр – Мәмбетейдің он бес жасар қызы.
Көкенай – Мәмбетейдің бастаушысы, батыр.
Әйтек – Әнет бабаның туысқан інісі.
Қалақаман – Әйтектің тоқалынан туған баласы.
«Қалқаман – Мамыр» дастаны 1722 жылы қазақ халқының Сыр бойында жүрген кезіндегі оқиғаға құрылған, «Еңлік – Кебек» поэмасының тарихи жалғасы іспеттес.
«Еңлік – Кебек» поэмасындағы Қабекең мен «Қалқаман – Мамыр» поэмасындағы Әнет
баба образдары бір-біріне ұқсас. Екеуінің де мақсаты – бір-бірін сүйген жастарға көмек
көрсету. Бірақ екі кейіпкердің өзіндік ерекшеліктері де бар. Әнет баба жақсылыққа жанашырболып, шамасы келгенше жастарға қолдау көрсеткісі келеді, ал Кеңгірбай бейнесінде ондай күрескерлік сипат жоқ, керісінше Кебекті ажалға байлап берген. Бірақ екеуі де дәрменсіз,екеуі де қара күшке қарсы келе алмайды.
Ақынның «Еңлік – Кебек», «Қалқаман – Мамыр» поэмалары – тек жеке адамдар ғана емес, халық басындағы трагедияны реалистік тұрғыда суреттеген поэма.
Ш.Құдайбердіұлының қазақ даласындағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік жағдайлар арқау болған «Әділ – Мария» романы, «Бәйшешек бақшасы», «Шын бақтың айнасы», «Мен жетпіс екі жасқа келгенше», «Мәнді сөздер» деген прозалық шығармалары бар.
Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларын төмендегідей топтап көрсетуге болады.
Өлеңдері:
«Шаруа мен ысырап»
«Ашу мен ынсап»
«Ер қоспақ пен сөз сөйлемек»
«Мақтау мен сөгіс»
«Міндеу мен күндеу»
«Мал жимақ»
«Жастарға»
«Насихат»
«Үш-ақ түрлі өмір бар»
«Адамдық борышың»
«Талап пен ақыл»
«Ғылымсыз адам хайуан»
«Жастық туралы»
«Шын сырым»
«Бостандық туы жарқырап»
Аудармалары
А.С.Пушкиннен «Боран» «Дубровский»
Л.Н.Толстойдан
«Үш сауал»
«Асархадон патша»
Поэмалары:
«Ләйлі-Мәжнүн»
«Айсұлу-Нартайлақ»
«Еңлік-Кебек»
«Қалқаман-Мамыр»
Прозалық шығармалары
«Әділ – Мария»
«Бәйшешек бақшасы»
«Шын бақтың айнасы»
«Мәнді сөздер»
«Мен жетпіс екі жасқа жеткенше»
http://jasqazaq.kz/2016/07/22/sh-k-rim-bejneleu-nerinde/
Шәкәрім – бейнелеу өнерінде
Қазақтың классик ақыны, аудармашы, философ, тарихшы, композитор Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылы 24 шілдеде (ескіше 11 шілде) Шыңғыстаудағы Кеңбұлақ жайлауында дүниеге келген.
Шәкәрім ауылынан ұзап шығып арнайы оқу орнында оқымаған. «Оның мектебі де, университеті де – Абай» – деп жазады көрнекті абайтанушы ғалым Қ.Мұхамедханов. Ұлы ұстазы Абайдың жетекшілігімен білім-ғылым жолына түседі. Оның шығармашылығы, тақырыбы, көркемдік ерекшелігі, сазгерлігі, қай жағынан алсақ та, Абайдың реалистік дәстүрін жалғастырушы, дамытушы екені анық.
Шәкәрім XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің шежіресіндегі Абайдан кейінгі тұлғалы ақын. Ол ұлы Абайдың сөз өнеріне деген ықыласы мен пейілін көріп өсті. Халықтың мұңын жырлау, адамдық қасиеттерін қастерлеу оның шығармаларының алтын арқауына айналды.
Адамдық борыш, ар үшін,
Барша адамзат қамы үшін.
Серт бергем еңбек етем деп,
Алдағы атар таң үшін, — деп алдына қатаң серт қояды ақын.
Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайы Шәкәрім Құдайбердіұлының туған күніне орай арнайы көрме ұйымдастырды.
Шәкәрім қазақ мәдениеті мен әдебиетінің тарихын, қазақ елінің өткені мен болашағын терең зерделеп, толғақты ой айта білген адам. Ел бостандығын, өз елімізге, өз жерімізге еге болуды мұрат еткен.
Көрмеде Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығын жан-жақты ашатын туындылар орын алған. Басым көпшілігі суретші М.Әлиакпаровтың Шәкәрім тақырыбына арналған шығармалар жиынтығы. Сонымен қатар көрмеден А.Манабаевтың «Шәкәрім» портретін, ақынның әр жылдарда жарық көрген басылымдарын, ақын ұрпақтарының тартулары, мен шәкәрімтанушы ғалымдардың зерттеу еңбектерін көре аласыздар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?