Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 22-сабақ.
1989 жылы түсірілген «Шәкәрім» фильміне сілтеме:
http://ltube.info/onlain/ujaTGlycEpJalNpMFU=
http://old-site.karlib.kz/shakarim_book.htm
| ||||||||||||||||||
«Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Ш. Құдайбердіұлы, Б. Момышұлы және Н. Келімбетовтың шығармашылықтарына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. 2018 жылдың 23 қаңтарында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының кеңейтілген отырысында комиссия мүшелері жыл авторына бір ғана авторды таңдау қағидасының қатаң талаптарынан ауытқып, екі жанр: поэзия және прозаны алуды бір ауыздан ұйғарды. 2018 жылы бүкілхалықтың оқуға: Ш. Құдайбердіұлының поэзиясы, Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» және Н. Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» повестері таңдап алынды.Акцияның мақсаты ̶ жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру,оларды еліміздің азаматы және отансүйгіш тұлға ретінде дамыту, еңбекқорлық, ұйымшылдық, тәртіп, жауапкершілік сияқты адами қасиеттерді қалыптастыру. Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) – қазақтың көрнекті ақыны, тарихшы, философ және сазгер. Бес жасынан ауыл молдасынан сауатын ашып, араб, парсы тілдерін жетік меңгерген, философия, психология, этика, дін салаларына ден қойған. Шәкәрім тек ақын ғана емес, сонымен өз өлеңдеріне ән жазған керемет сазгер.Шәкәрім шығармалары: «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», «Мұсылмандық шарты», «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Ләйлі-Мәжнүн» және т. б. Бауыржан Момышұлы (1910-1982) − Ұлы Отан соғысында Москва үшін шайқасқа қатысқан, панфиловшы, жазушы, әскери психолог. Жазушы өмірі, оның әскери айбыны және шығармашылық қызметі Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» шығармасына, «Москва үшін шайқас» көркем фильміне, В.Шацковтың «Волокаламск тас жолы» пьесаларына арқау болған. «Москва үшін шайқас», «Генерал Панфилов», «Ұшқан ұя» және т.б.шығармалардың авторы. Б.Момышұлы қайтыс болғаннан кейін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Кеңес Одағының батыры» және «Халық қаһарманы» деген атақ берілді. «Ұшқан ұя» ̶ қаламгердің балалық шағы, өскен ортасы туралы естеліктер, салт-дәстүрі, отбасы мүшелерінің бейнесі сүйіспеншілікпен, сағынышпен көркем сипатталған автобиографиялық повесть. Немат Келімбетов (1937-2010) ̶ филолог, жазушы, аудармашы, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі, түркітанушы, ғалым. Орыс, парсы, өзбек, қырғыз тілдерін меңгерген және бірнеше оқу құралдарының авторы. «Үміт үзгім келмейді» повесі жазушының ғұмырнамалық туындысы. Ұзақ жылдар бойы төсек тартып, қиындықты басынан өткізген адам баласы қандай қасіретке ұшыраса да өмірге деген үмітін, жарық дүниеге деген құштарлығын жоғалтпауы керек деген қарапайым да ғажайып, әрі ғаламат идеяны алға тартады. Жазушының шығармасы қытай, неміс, украин, араб, әзірбайжан және ағылшын тілдеріне аударылған. 2018 жылғы акцияның аясында «Қазақстан кітаптары» қызметінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан тұрақты кітап көрмесі және әдеби шолулар, М.Әуезов атындағы драма театрында қойылған «Үміт үзгім келмейді» спектакліндегі рөлдерді сомдаған актерлармен, Б. Момышұлының туыстарымен кездесулер ұйымдастырылады. | ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?