Асқар Алтай «Прописка» әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, дидактикалық материал.
Топтық жұмыс
А.Алтай «Прописка» әңгімесіндегі ерекше эпизодтарды қандай тәсілдермен немесе қалай берген?
Өз пікірлерін дәлелдеу мақсатында оқушылар өздеріне әсер еткен мысалдар мен себептер тізімін жасайды. Жасалған тізім топ ішіндегі оқушылар тарапынан кезегімен толықтырылады.
Жазушы ерекше эпизодтарды қандай тәсілдермен немесе қалай берген? |
|
| ||
Бағалау критерийі:
- Эпизодтардың берілу себебін түсіндіреді.
- Сыни пікір білдіреді.
Жеке жұмыс
А деңгей
«Сергелдең Сері» атанған Архатқа мінездеме беріңіз.
Бағалау критерийі:
- Шығармадағы бас кейіпкерге мінездеме бере алады.
В деңгей
Берілген тіркестермен сөйлем құраңыз. Барынша әдеби, көркем сөйлем құруға тырысыңыз.
Наурыз жылымығы, көзі ілінбеу, сиыр жалағандай, мұрты бұзылмаған, көз жіберу, сергелдеңге түсу
Бағалау критерийі:
- Берілген тіркестердің мағынасын түсінеді.
- Әдеби сөйлем құрастыра алады.
С деңгей
Берілген үзіндіні өз ойыңызбен жалғастырыңыз.
Әйгілі Желтоқсанның жөні тіптен бөлек. Ол үшін өліп кетсең де арман жоқ. Қойша қамалып, тырнаша жұлынған, көк мұз алаңда жер жастанған қай жайсаң қыз-жігіттен жаның артық?!.
Бағалау критерийі:
Үзіндіні өз ойымен жалғастырады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?