Асқар Алтай «Прописка» әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы

Асқар Алтай «Прописка» әңгімесі

Психологиялық ахуал

Кел, балалар, тұрайық,

Алақанды соғайық!

Бір отырып, бір тұрып,

Сәл тынығып алайық.

Бас аяқпен топ-топ,

Шапалақпен хоп-хоп!

Бәр оңға, бір солға,

Өзімді-өзім айнала.

Асқар Алтай 1963 жылы 12 ақпанда туылған. Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласында дүниеге келген. Қазақ жазушысы, әрі сыншы. А.Алтайдың шығармаларында халықтың өткені мен бүгінгісі суреттеледі. Жазушының «Қызыл бөлтірік» повесі (1997 ж.) Халықаралық «Сорос» қорының бас жүлдесі - грантын жеңіп алған. 1989-1990 жылдары Қазақстан жазушылар одағының Жастар арасындағы прозашылар форумының Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты.  

«Сұрақ қою» стратегиясы

Қала мен ауылдың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?

Урбанизация ұғымы туралы не білесіңдер?

Урбанизация қалаға қуған қазақ ұлтының наласы мен шері, пропискаға отырудың соры деген тұжырымның мағынасы қандай?

Желтоқсан оқиғасы туралы пікіріңіз қандай?

«Фишбоун» әдісі

Балықтың басы – әңгімеде көтерілген мәселе;

Үстіңгі сүйектері – мәселенің туындау себептері;

Астыңғы сүйектері – салдары;

Құйрығы – мәселенің шешімі.

Дескрипторлар:

көтерілген мәселені анықтайды;

мәселенің туындау себептері мен салдарын талдайды;

мәселенің шешімін ұсынады.

«Жеке пікір алаңы»

«Жазушының «Прописка» деп астарлы тақырыппен берілген бұл әңгімесі расында да желтоқсанда із-түзсіз кеткендердің рухына бағышталған» деген тұжырым «ПОПС» формуласымен түйінделеді.

«ПОПС» формуласы

Бірінші сөйлем

«Менің ойымша,... ».

Екінші сөйлем

«Себебі, мен оны былай түсіндіремін… ».

Үшінші сөйлем

«Оны мен мына факт, мысалдармен дәлелдей аламын… ».

Соңғы сөйлем

«Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдім».

Дескрипторлар:

тақырыпқа байланысты өз ойын білдіреді;

себебін түсіндіріп, дәлелдейді;

қорытынды шешімін ұсынады.

Үйге тапсырма: А.Алтай «Прописка» әңгімесін оқу

Кері байланыс: «3-2-1»

Cабақтан алған 3 маңызды ақпарат;

Сабақта қиындық тудырған 2 аспекті;

Сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.

[attachment=28038:aza-debieti_6-synyp_4-tarau_1-saba_prezentacija_2-nsa.pptx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу