Асқар Алтай «Прописка» әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Бөлім атауы: Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым | Мектеп: | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: 6 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||
Сабақтың тақырыбы | Асқар Алтай «Прописка» әңгімесі | |||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | А/И1. Әдеби шығарманың композициясы | |||||||||
Сабақтың мақсаттары | Шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау. | |||||||||
Бағалау критерийі | - шығарманың композициялық құрылымын анықтайды; - эпизодтардың маңыздылығын анықтайды. | |||||||||
Тілдік мақсат | Пәнге қатысты сөздік қорлар мен терминдер: Эпизод | |||||||||
Пәнаралық байланыс | Тарих | |||||||||
Сабақта қамтылатын құндылықтар | ұлтжандылық, елжандылық тәрбие, ынтымақтастық, бір-біріне құрмет көрсетеді. | |||||||||
Ойлау дағдыларының деңгейі | Интерактивті тақтамен жұмыс | |||||||||
Алдыңғы оқу | «Мен балаң - жарық күнде сәуле қуған» бөлімі | |||||||||
Жоспар | ||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөз дер | ||||||||
Сабақтың басы 5 минут 10 минут | І. Қызығушылықты ояту «Мақалды аяқта» Ер елі үшін туады.........................................., (елі үшін өледі) Отан үшін күрес ........................................., (Ерге тиген үлес) Ата-ананың қадірін балалы болғанда білесің, Ағайынның қадірін ................................. (жалалы болғандда білерсің) Үй тапсырмасын сұрау Оқушылар мақалды түгел тауып, айтқан соң шығарма мазмұнымен байланыстыра әңгімелейді. Оқу мақсаты, бағалау критиерийлері таныстырылады, талқылайды. | Таныстырылым | ||||||||
5 минут 5 минут 10 минут | Мағынаны тану Эпизодтармен жұмыс (эпизодтың не екенін мұғалім түсіндіреді) Эпизод – көркем шығарма сюжетіндегі өз алдына мәні бар, өзара байланысқан оқиғаның бір бөлшегі, көрінісі. Әр эпизод кейіпкердің белгілі уақыт аралығында өткен қимылын, ісін, екі не одан көп кейіпкерлердің арасында болып жатқан құбылыстардың біткен кезеңін көрсетеді. Топтық тапсырма Оқушыларды сынып ерекшелігіне сай топқа біріктіреді. Барлық топқа бірдей шығарманың оқиға желісі аралас жазылған қағаздар таратылады. Оқушылар оқиғаны мазмұн желісіне қарай номерлеп шығып, дұрыс жауабы арқылы тексереді. Оқиғалар реті: Өскеменнен Күршімге жол тартқан шағын сары автобус Наурыз өтіп, сәуір туса да сыр бере қоймаған Алтай табиғатына қарап ойға шомған Архат Туған жерге жол салғызған «Сергелдең сері» «Желтоқсаншы» деп байбалам салған Николай бригадирдің әлегі Шағын сары автобус жолаушыларын үрейге салған Алтайдың тентек желі Боранмен арпалысқан жолаушылар Боранға қарсы шыққан үш жігіт Самарға жеткен сары автобус Үш жігіттің хабары Ымырт аязынан тітіркенген Архат Ойтолғаныс кезеңі «Тұжырым мен себеп» Оқушылар шығарманың көтерілген идеясы мен тақырыбына сай маңызды деп тапқан бір эпизодты таңдайды. Сол эпизод пен желтоқсан оқиғасын байланыстыра отырып, бір тұжырым жасап кестеге жазады, келесі бағанға себебін жазады (неге мұндай тұжырымға келді, бұл тұжырым нені білдіреді?).
Дескриптор: - маңызды эпизодты таба алады; - себебін жазады. | |||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Бағалау «Еркін микрафон» Оқушы өз еркімен жұмысын оқуға ниеттенеді. Тыңдаған оқушылар жұмысты бағалайды. Осылайша бірнеше оқушының жұмысы тыңдалып, ең жақсы жазылған жұмыс бағаланады. Үйге тапсырма: | |||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Оқушылардың бөлім бойынша жырдағы құндылықтарды анықтағандарынан аңғарамын. | Оқушылардың Елжандылық, Туған жерге деген құрметін қалыптастырады, өзіне деген жауапкершілікті арттырады. | ||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? | ||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру