Т.Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала». Қазақ әдебиеті, 5 сынып, презентация.


Бөлім атауы: Отбасы құндылықтары 5Т1

Сабақтың тақырыбы:

Т.Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала» әңгімесі

Бағдарламаның оқу мақсаты: әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау

Сабақтың мақсаты:

1.Отбасы құндылығын түсіну;

2.Әңгіменің негізгі идеясын мен тақырыбын анықтау

Ой шақыру

«Анасын сағынған бала» деген ойды естігенде көз алдарыңа не елестейді?

Отбасы құндылығы дегенді қалай түсінесің?

Әрбір жас адам, бойжеткен не бозбала, ата – ана және отбасылы адам рөлін ойнауға даярлануы тиіс. Отбасы үшін баланы дүниеге әкелу қызметі әрқашан ең маңызды қызметтердің бірі саналған. Іс жүзінде, әрбір адам ерте ме, кеш пе әйтеуір бірде ата – ана болады, ал бұл рөлді табысты түрде іс жүзіне асыру үшін оның бойында ата – ана болуға даяр болу қабілетін, өз – өзін ата – ана ретінде сезіну қабілетін және өз зайыбы/жұбайымен бір жұпта балаларды тәрбиелеу дағдыларын қалыптастыру керек.

Жауапты ата – ана болу туралы ойыңды ортаға сал

Түсіну

Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

ОҚЫЛЫМ. «Джигсо» әдісі

-Оқушылар 4 топқа бөлінеді. Әр топқа бір мәтіннің 4 бөлігі бөліп беріледі. Оқып болған соң, әр оқушы 1,2,3,4 – топтарға барады, яғни жаңа топ құрылады.

-Әр оқушы келген тобындағы мәтіннің бөлігі туралы айтып түсіндіреді.

-Оқушылар тұтас мәтінді талқыға салған соң, басты кейіпкерлерін, оқиға өрбуін, қарама-қайшы тұстарын талдайды.

Қолдану

1.Жазушы баланың анасына деген сағынышын қалай суреттейді?

Талдау

ТЖ

1.Топта берілген үзіндіні талдап, жалпы проблеманы анықтаңыз.

Автордың Ананың әрекетіне деген көзқарасына сен қандай ойдасың?

Дескрипторлар:

-проблеманы анықтайды;

-мәселені шешуде ұсынысын білдіреді.

2-топқа

Жұртпен дуылдаса қоштасып, енді жеңіл машинаның алдына отыра бергенде барып Есмағамбеттің көзіне Сержан түскені. Ол қолына ойыншық ұстаған күйі, шығарып салушылардан бөлек тұр екен. Жүзі алабұртулы. Өткір көздеріне ыза мен мұң ұялағандай. Бірақ жанарын аудармай, Есмағамбетке тесірейе қалған. Сол қалпында ол: «Ақыры мені ертпедің бе? Берген уәдеңде тұра алмадың ба?» деп тұрғандай еді.

1-топқа

-Мамамды тауып алсақ... әр жағында папамды да іздемейміз бе? Олар базарда бір-бірінен адасып қалған ғой. Өйткені базар үлкен. Мамам айтқан Алматының базарының ана шеті мен мына шетіне көз жетпейді деп... Құжынаған халық деп...

Тақырып өнер туындысының іргетасы. Яғни жазушының шындық болмыстан таңдап, талғап алып, өзінің көркем шығармасына негіз, арқау еткен өмір құбылыстарының тобы тақырып болады.

Идея (гр. іdeaтүсінік, елес, бейне) 1) ой, түпкі ой; 2) бір нәрсенің (мысалы, көркем, ғылыми, саяси шығарма) негізгі ойы; 3) теориялық жүйенің, логикалық құрылымның, соның ішінде дүниетанымның негізінде жатқан анықтаушы түсінік

Тақырып пен идея

Жинақтау

Автор қандай әдіс -тәсілдер арқылы шығарманы оқуға ынталандырды?

Бағалау

«Егер автор болсам... не істер едім?» тақырыбында авторға баға беріңіз.

«Егер Сержан болсам... не істер едім?» тақырыбында Сержанның атынан жазушыға баға беріңіз.

«Егер Күміскүл болсам.. не істер едім?» тақырыбында Сержанның анасы Күміскүлдің атынан авторға баға беріңіз.

[attachment=27302:rd_p_s1_n1_5_otbasy-ndylytary.pptx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу