Отбасы құндылықтары Т.Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала». Қазақ әдебиеті, 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: №4

Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Дүйсебай Ботакөз Оразәліқызы

Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Бөлім атауы: Отбасы құндылықтары

Т.Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Б/С4. Әдеби сын

Оқырманның рухани дүниесіне шығарма әсерін талдай отырып, сыни хабарлама жазу

 Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Эссе құрылымын сақтай алады

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Эссе құрылымын сақтап, шығармадан алған әсерін жеткізе алады

Кейбір оқушылар орындай алады:

Эссе құрылымын сақтайды. Шығармадан алған әсерін жеткізуде ерекшелік танытады.

 Бағалау критерийі

  • Шығарманың оқырманға берер әсеріне талдау жасайды.
  • Өзіндік көзқарасы берілген жазба жұмысын жазады.

Тілдік мақсат

Кілт сөздер мен фразалар

отбасы, ана махаббаты, балалық, отбасы берекесі, сүйіспеншілік, кешірім, мұң, қасірет , отбасылық бақыт.

Диалог құруға, жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Менің ойымша, .....

Маған қиын болды.........

Мен орындай алдым .......

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, музыка, бейнелеу өнері

Сабақта қамтылатын құндылықтар:

Оқушылардың отбасына деген құрметін қалыптастырады, өзіне деген жауапкершілікті арттырады.

Алдыңғы оқу

Тынымбай Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала» әңгімесін заманауилығы мен жаңашылдығы

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөз

дер

Сабақтың басы

5 минут

3 минут

5 минут

Сабақтың ортасы

6 минут

14 минут

2 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Топқа бөлу 4 мин

Суреттер арқылы 3 топқа бөлу. Өз суреттері бойынша ойларын ортаға салу.

Жаңа сабақтың мақсаты мен бағалау критерийін таныстырамын, үй тапсырмасын пысықтаймын.

II. Қызығушылықты ояту.

«Адасқан мақалдар» әдісі

Оқушыларға тақырыпқа қатысты мақал қиындылары таратылады. 2 минут уақыт ішінде ең көп мақал-мәтел құраған топ жеңіске жетеді. Әр топ бір мақалдың мағынасын ашады.

Ата-ананың қарызы,

Ұрпақтың өмірлік парызы.

Ана алдындақұрмет, Ата алдындақызмет.

Ақ жаулығы ананыңАқ көрпесі баланың.Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.

Сергіту сәті

«Ана туралы жыр» (сөзі Ғ.Қайырбековтікі, әні Ш.Қалдаяқовтікі) әнімен балалар алдарына таратылған жүрекшелерге аналарына, әжелеріне арнап тілек жазады. Караокемен ана туралы жырды орындау.

III. Жазылым алды тапсырма. Топтық жұмыс

Оқушылар аналардың адамгершілік қасиеттеріне тоқталады.

Ана

Адами қасиеті

Кері байланыс

III. Мағынаны тану кезеңі. Жеке жұмыс

Жазушының «Анасын сағынған бала» әңгімесі  адам тағдыры ішкі қайшылықтарымен, терең психологиялық сезімге құрылған. Шығармаға арқау болған баланың қасіреті сізге қалай әсер етті?

Осы сұраққа жауап ретінде сыни хабарлама жазыңыз. (100-120 сөз)

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Дескриптор:

  • кіріспе бөлімде шығармадағы кейіпкерлер, шығарманың тақырыбы мен идеясына тоқталады. (20-25 сөз);
  • негізгі бөлімде шығармадан алған әсері, кейіпкерлер әректінің неге ойландыруға жетелейтіні, тәрбиелік мәні туралы пікірін білдіреді.(60-70 сөз)
  • қорытынды бөлімде ана махаббаты, оның маңыздылығы жайлы ойымен қорытындылайды. (20-25 сөз)

Кері байланыс

Бағалау

Таныстырылым

http://akikat.kazgazeta.kz/?p=256

Слайд

Үлестірме

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

«Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі арқылы

1.«Бүгін мен...................... білдім»

2.«................. қызықты болды» «.......................... қиын болды»

3.« ......................... екенін түсіндім»

4.«Мен..................................... білім алдым»

5. «.................. мені таң қалдырды»

Үйге тапсырма: Аналарға арнап жыр, тілек жазып келу.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Оқушылардың жазылым барысында шығармаға арқау болған баланың қасіреті оқушыға қалай әсер еткендігін аңғарамын.

Оқушылардың отбасына деген құрметін қалыптастырады, өзіне деген жауапкершілікті арттырады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу