«Бауыр» әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 5 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
САБАҚ: 3 | Мектеп: |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: |
Сынып: 7 | Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар оқушылар саны: |
Бөлім атауы | Адамгершілік - асыл қасиет |
Сабақтың тақырыбы | «Бауыр» әңгімесі |
Оқу бағдарламасына сілтеме | А/И1. Әдеби шығарманың композициясы; Б/С3. Әдеби эссе. |
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 5.А/И1.Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу; 5.Б/С3. Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу. |
Сабақтың мақсаттары | - Әдеби шығармадан үзінді жатқа айту; - Кубизм стратегиясы бойынша сұрақтарға толық жауап беру; - Рөлге ену; - Шағын эссе жазу. |
Бағалау критерийлері | Оқушылардың көпшілігі: - Үзінді жатқа айта алады; - Білу, түсіну бойынша толық жауап береді; - Мақалдың астарлы ойын табады; - Өзіндік пікір білдіре алады; - Нақты дәлел келтіре алады. Оқушылардың кейбіреуі: - Эссенің құрылымын сақтайды; - Рөлдік ойынға белсенді қатысады. |
Құндылықтарды дарыту | Құрметтеу: оқушылардың топтық және өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарауға шақыру; Тәрбие: Отбасы мүшелерін құрметтеу, бауырдың орнын білу, отбасы қадірін түсіну, бауырмалдылық қасиетін дәріптеу. |
Пәнаралық байланыс | Тарих, қазақ тілі |
АКТ қолдану дағдылары | Осы сабақ барысында оқушылар интербелсенді тақтадан бейне материал тамашалайды, слайд арқылы тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланады. |
Жоспар
Жоспарланат ын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер |
Сабақтың басы
| Ұйымдастыру кезеңі. Үй тапсырмасын тексеру. Қалидың портретін жатқа сұрау. Интербелсенді тақтада дұрыс нұсқасы көрсетіледі, бірақ сабақ айтып тұрған оқушы тақтаға қарамауы тиіс. Қалған оқушылар дұрыс нұсқасымен тексеріп отырады. Қызығушылық ояту мақсатында автордың берген сипаттамасы негізінде Қалидың портретін А4 парағына салдырту. «Тығыз қара шашы ұсақ-ұсақ бұйра, қол-аяғы таралып қалған, кең иықты болмаса да ешкімнен қарызға жауырын сұрай қоймайтын кішірек көзді ақ сұр бала... Төрекелді тұяғының сынығы. Қол созып, мына баланың қай жерін ұстаңыз, әкесі Сымбаттың өзімен бірге жер астына ала кеткен нышан белгілері. Жайшылықта қой аузынан шөп алмайтын жуас, момын, ал жиын-тойда шетінен түйе палуан атанған, додаға түссе, көкпардан көкпарды қақшып қоймайтын Төрекелдиевтер тұқымы… Кешегі қанды соғыста Сымбаттан өзгесі баудай түсіп, Манап пен мына қара құлақ Қали баладан басқа тігерге тұяқ қалмаған Төрекелдиевтер үйірінің кенже құлыншағы.» Сабақтың тақырыбы, мақсаттары, ЖК таныстырылады. | Слайд № 1 Слайд № 2,3 |
Сабақтың ортасы 10 минут 7 минут 10 минут | 1-тапсырма. Кубизм стратегиясы Білу: Автордың «Бауыр» әңгімесін жазуға себеп болған жағдайлар. Әңгіменің «Бауыр» деп аталуы нені меңзейді? Түсіну: Жазушы Төрекелдиевтер тұқымын қалай сипаттады? Қолдану: Әңгіменің өздеріңе ұнаған жерінен қойылым әзірлеңіздер. Талдау: Автор «Жетім қозы – тас бауыр», - деп нені айтқысы келіп отыр? Жинақтау: «Ортада қаламсап» стратегиясы бойынша «Шын жүректен шыққан сөз» айдарымен әңгімедегі түйінді ойды жинақтап, «Төрт сөйлем» тәсілі арқылы пікір білдіру. 1.Пікір. Оқыған мәтін бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазады. 2.Дәлел. Өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді. 3.Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді. 4.Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады. Бағалау: Осы әңгімені оқи отырып сен өзіңе қандай тәрбие алдың? Бағалау критерийлері: - Білу, түсіну бойынша толық жауап береді; - Рөлдік ойынға белсенді қатысады; - Мақалдың астарлы ойын табады; - Өзіндік пікір білдіре алады. 2-тапсырма. «Ойлаудың алты қалпағы» стратегиясы бойынша талдау Ақ қалпақ -Тақырып туралы түсінік беру. Сары қалпақ - Қалидың іс-әрекеттерін қолдау. Қызыл қалпақ –Манаптың іс- әрекетін, өз эмоциясын жеткізу. Қара қалпақ – Қалидың іс-әрекетінің жағымсыз жақтарын айту. Жасыл қалпақ – Жетімдер үйін жауып тастау жолдарын ұсыну. Көк қалпақ - шолу. Шығарманы өмірмен байланыстырып қорытынды жасау. «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалау Жетістік критерийлері: - Тақырып туралы толық түсінік береді; - Кейіпкерлердің іс-әрекетіне талдау жасайды; - Креативті ой ұсынады; - Өмірмен байланыстырып, қорытынды жасайды. 3-тапсырма. Жеке жұмыс. «Қалидың мінез-құлқындағы өзгерістердің себебі неде?» деген тақырыпта шағын эссе жазу. Бағалау критерийлері: - Эссенің құрылымын сақтайды; - Нақты дәлел келтіре алады; - Түйінді ой айтады. | Слайд № 4 Слайд № 5 Слайд № 6 |
Сабақтың соңы 3 минут | Кері байланыс: «3 Қ» стратегиясы
| Слайд № 7 |
Қосымша ақпарат
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?