Экология: ядролық және мұнай өндірістері. Қазақ тілі, 11 сынып, дидактикалық материал. 1 сабақ. 1 нұсқа.


Оқылым

Төменде берілген мәтіндердің бірі – Ғ.Мүсіреповтың «Бірінші фонтан» әңгімесінен үзінді, ал екіншісі – Қамысбай Бесінбергенұлының ғаламтордағы мақаласынан алынған үзінді.

Тапсырма

Мәтіндерді оқып, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын салыстырыңыз, ерекшеліктерін (қызметі, құрылымы, тілі, рәсімделуі) талдаңыз.

А мәтіні

Ыстық мұнай ысқырып атқылап аспанға көтеріледі де, доғадай иіліп келіп жер бетін сарт-сұрт сабалай құлайды. Дамылы жоқ Маңғыстау желі аспанға шапшыған мұнайдың ұлпа басын жан-жаққа кезек шайқап, шыңыраудың айналасына қара жаңбыр бүркіп тұр. Қазір ақ киінген де, қоңыр киінген де іннен шыққан суырдай жылтыр қара сұр.

Темір қалпақ, брезент киген адамдар шыңырауды қоршай бастады. Үш таған, төрт таған темір сирақтарына шегеленген тақтай қалқан, темір қалқандар қанаттасып келіп, ербиіп-ербиіп шыңыраудың жел жағына тоқтады. Атқылап жатқан мұнайды осы қалқандармен белден бүгіп, алдын ала қазып қойған жер қораға құя бермек сияқты. Жүз жиырма атмосфералық күшпен атқылаған ыстық мұнайды бөркіңмен басып бұқтыра алмасаң керек.

Ең ауыр салмақ, бүгін поселкенің байланыс бөліміне түсіп еді. Мұнай фонтаны атылып кеткені жайында жалғыз ғана телеграмманың кетуі мұң екен, Алматы мен Москва жалғыз сымды ешкімге бермей қойды. Облыс амалсыз самолетке көшті. Бір самолет түсіп жатыр, бір самолет ұшып жатыр. Біреулер еріксіз Асанбайға жолығып ат үсті болса да анық хабарды алып жүр, енді біреулер Асанбайға жолыққандармен жолығып жүр. Шыңырау айналасына кеңінен керіп, тізіп тастаған кішкене қызыл жалаулар ешкімді өткізбейді. Фонтанды қалай тұмшалап жатқандарын ешкім көре алған жоқ. Асанбай түске тармаса бір рет Алматымен, бір рет Москвамен сөйлесіп қайтып еді, одан кейін кім шақырса да телефонғa бара алмады. Мәңгіден бері сонша тереңде, қазап қайнар ыстықта, жер қарнын кернеп жатқан газ бен мұнай сыртқа шығар бір тескіндік тапты да жас инженерді аяусыз сынға алып кетті.

(223 сөз)

Ә мәтіні

Енді Қазақ елінің жылдық мемлекеттік бюджетінің бестен бірін беріп отырған мұнайлы Маңғыстау өлкесінің бүгінгі, қала берді, ертеңгі тағдырына тоқталайық. Біздің Маңғыстаудың жер көлемі үлкен болғанымен, халқының саны 500 мыңның шамасында ғана!.. Біздегі өтіп жатқан санақтардың қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс, тіпті, оларға сенудің өзі қиын!.. Жалпы ішкі өнім тұрғысынан жан басына шаққанда  –  біздің облыс республикамыздағы 16 аймақ арасында бірінші орында. Ал,  шындығында, біздер, Маңғыстау халқы, мол байлықтың арқасында толыққанды өмір сүріп отырмыз ба?.. Маңғыстау өлкесі мұнай-газ өндірісі бойынша республикамыздағы мұнайлы екі аймақтың бірі ғой!.. Жалпы Қазақ еліндегі жыл сайын өндірілетін мұнайдың 30 пайызына жуығын Маңғыстау өңірі құрайды. Ал, енді қашаннан бізбен аралас-құралас Атырау облысындағы өндірілетін мұнайды біздікімен қосып есептегенде  –  көрші екі аймақ бүкіл Қазақстанда өндірілетін мұнайдың 70-80 пайызын қамтиды. Мысалы, өткен жылы Қазақ елінде барлығы 80 миллион тоннаның үстінде «қара алтын» өндірілді. Осы көлемдегі мұнайдың 70-80 пайызы - аталған екі облыстың үлесінде. Бұл – аз байлық па?.. Ал, 2009 жылғы мемлекеттік кірістегі мұнайдың үлесі 40,5 пайыздан,  немесе, 1,5 триллион теңгеден (шамамен  – 10 миллиард) асты. Бұл   мұнайлы өлкелердің табысы  –  бүкіл Қазақ елін асырауда!.. Сонда, жергілікті тұрғындар не күй кешіп отыр?.. Мұнайдан түсіп жатқан триллиондардан  –  біздерге азды-көпті миллиондар бөлініп тұрады. Ал,  арадағы миллиардтар қайда?.. 

(190 сөз)

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Оқып отырғанда:

-мәтін түрін анықта;

-мәтінді жылдам оқып, негізгі идеясын түсініп ал;

-мәтін кім үшін жазылғанын анықта (аудитория);

-автордың мақсатын анықта (сендіру, хабардар ету, суреттеу);

-жалқы есімдерге көңіл бөл;

-мағынасы айқын емес сөздерді ажырат;

-грамматикалық құрылымдардың байланысын (шақ, сөздердің байланысы) анықта.

Нәтижені талда: не сәтті шықты?

- сөйлегенде, жазуда пайдалану үшін қажетті сөздер мен сөз тіркестерін теріп жаза алдың ба?

- пайдаланылған стратегияларды талдай аласың ба?

Екі мәтінді салыстыра талдау жасаңдар.

Мәтіндердің тақырыбы

 

Мәтіндердің мақсаты

 

Мақсатты аудиториясы

 

Мәтін құрылымы

 

Стилі мен жанры

 

Мәтіннің тілдік ерекшелігі

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу